Ресейге қоныс аударуы


Slide 1

СӨЖ №4 Қазақстан Республикасының Көші-қон саясаты

Әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ Ұлттық Унивeрcитeтi Гeогрaфия жәнe тaбиғaтты пaйдaлaну фaкультeтi

Орындаған : Жарылқасын Тоғжан

7М01505- «География»

Slide 2

Жоспары

Мемлекет тарихындағы миграция

Қазақстандағы миграцияның сальдосы, 1950-2018 жылдар

Сыртқы тұрақты миграция

Оралмандар мен қоныс аударушылар

Сыртқы еңбек миграциясы

Ішкі миграция

2000-2018 жылдардағы Қазақстанның облыстары бойынша ішкі миграция сальдосы

2050 жылдардағы ҚР Миграцияның сценарийі

Миграцияны реттеу мен оңтайландыру. Облыстардағы халық орналасуын оңтайландыру бағдарламасы

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Мемлекет тарихында миграция Қазақстан халқының дамуына әсер еткені анық. Кеңес Одағы кезеңінде Республика түрлі санаттағы, түрлі сан мөлшеріндегі мигранттарды қабылдады. Олардың арасында тың игерген, құрылыс салған, шахталарда, зауыт-фабрикаларда жұмыс істеген ерікті экономикалық мигранттар болды. Тың игеру үшін жарты миллионнан астам адам республикаға ағылған. Ұлы Отан соғысы жылдарында республика КСРО-ның еуропалық бөлігінен көшірілген сансыз мәжбүрлі мигранттарды қабылдады. 1942 жылдың 1 қаңтарына Қазақ КСР-не 381 260 адам келген. Кейбір деректерге көз жүгіртсек, эвакуацияланғандардың жалпы саны жарты миллион адамнан асты. Олардың көпшілігі соғыстан кейін Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істеп қалып қойған. 1930-1940 жылдары Қазақстанға адамдардың үлкен бөлігі - байкулактар, ГУЛАГ тұтқындары, жер аударылған халықтар (немістер, поляктар, шешендер, ингуштер және т. б. ) күшпен қоныс аударылды. Мәселен, 1949 жылдың 1 қаңтарында Қазақ КСР-індегі арнайы қоныстарға 820 мың адам депортацияланған, оның 400 мыңға жуығы немістер еді. Миграциялық процестердің арқасында Қазақстан дүниежүзіндегі этномәдени тұрғыдан нағыз қырық құрақ елдің біріне айналды.

Қазақстандағы миграцияның сальдосы, 1950-2018 жылдар (мың адам)

Slide 4 Slide 5

Сыртқы тұрақты миграция

Саяси тұрақтылық пен 2000 жылдардағы экономикалық өсім Қазақстандағы халықаралық миграция сипатын алдыңғы онжылдықтармен салыстырғанда әлдеқайда өзгертті. 2004 жылдан 2011 жылға дейін елде оң миграциялық өсім байқалды. Жалпы алғанда, Қазақстан статистикасының деректері бойынша, 2004 жылдан 2011 жылға дейінгі нетто-миграцияда Ресейге 180 мың адамды, Германияға 32, 5 мың адамды жібердік. Бұл ретте Орталық Азия, Қытай, Моңғолия мемлекеттерінен және басқа елдерден қоныс аударушылардың ағыны күшейді. Бұған қазақтардың шетелден тарихи отанына қоныс аударуына ықпал етудің мемлекеттік бағдарламасы ықпал етті. 2004 жылдан 2011 жылға дейін миграцияның оң сальдосы байқалды да, Өзбекстаннан 211 мың адам, Қытайдан 36, 6 мың адам, Моңғолиядан 27 мың адам және Қырғызстаннан 14 мың адам Қазақстанға көшіп келді.

Slide 6

Оралмандар мен қоныс аударушылар

Оралмандар - шет елден тарихи отанына оралған этникалық қазақтар, ал қоныс аударушылар - оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударған қазақстандықтар

Жыл сайын Үкімет оралмандардың республикаға келуінің рұқсат етілген санына және қоныс аударушылардың санына квота белгілейді («Халықтың көші-қоны» туралы заңның 8-бабы) .

1991 жылдан 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін 261 104 отбасы - 957 772 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алған, яғни ол халықтың 5, 5%-ін құрап отыр. Оралмандардың 61, 6%-і Өзбекстаннан, 14, 2%-і Қытайдан, 9, 2%-і Моңғолиядан, 6, 8%-і Түрікменстаннан, 4, 6%-і Ресейден және 3, 6%-і басқа елдерден қоныс аударған.

Оңтүстік Қазақстан облысы (2018 жылдан бастап - Tүркістан облысы) оралмандардың 21, 2%-ін, Алматы - 16, 3%-ін, Маңғыстау - 13%-ін, Жамбыл облысы 9, 4% және 40, 1%-ін қабылдаған. Оралмандар арасында еңбекке жарамды жастағы тұлғалар 55, 6%, 18 жасқа дейінгі балалар - 39, 9% және зейнеткерлер - 4, 5%.

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Сыртқы еңбек миграциясы

Slide 10

Ресми статистикаға сәйкес, елге заңды еңбек мигранттары 2007 жылы (58, 8 мың адам) көп келген. Олардың 90%-тен астамы ТМД-дан тыс аймақтардан, негізінен, Түркия мен Қытайдан келгендер. 2005-2009 жылдары елге тартылған еңбек мигранттарының ішінде осы ел азаматтарының үлесі 40% (Түркия) және 16% (Қытай) болды. Заңды еңбек мигранттарының басым бөлігі жоғары біліктілікті талап етпейтін жұмыс орындарында еңбек ететін Ресейден айырмашылығы, Қазақстанның миграциялық саясаты білікті мамандарды тартуға бағытталған еді. Ресейге, Германияға, Украинаға иммигранттар жібергендіктен мемлекет 2 миллионнан аса адамнан, негізінен, жоғары кәсіби білікті инженерлер, дәрігерлер, технологтар мен техниктер, ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушыларынан айырылып қалған болатын

Slide 11 Slide 12 Slide 13

2000-2018 жылдардағы Қазақстанның облыстары бойынша ішкі миграция сальдосы (мың адам)

Slide 14

2000-2018 жылдардағы Қазақстанның облыстары бойынша ішкі миграция сальдосы (мың адам)

Slide 15

Ішкі миграция

Slide 16 Slide 17

2050 жылдардағы ҚР Миграцияның сценарийі

Slide 18

Қазақстанның миграциялық өсімі, 2000-2049 жылдар (адам)

Slide 19

Миграцияны реттеу мен оңтайландыру. Облыстардағы халық орналасуын оңтайландыру бағдарламасы

Slide 20

Пайдаланылған әдебиеттер:

Права трудящихся-мигрантов в Казахстане: анализ национального законодательства, международных стандартов и правоприменительной практики. - Алма-Ата: МОТ, 2008. - С. 12. 39

ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия, «Қазақстан Республикасындағы мигранттардың құқықтары туралы» арнайы баяндама. Жалпы редакциясын басқарған Қуаныш Сұлтанов, Тастемір Әбішев. Астана, 2013. - 161-б. 41

ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия. «ҚР адамдарды саудалау құрбандары мен мигранттарды қорғаудың өзекті мәселелері» аналитический доклады. Астана, 2017. - 196 б.


Ұқсас жұмыстар
Экологиялық көші - қон
Қытай мен Патшалы Ресей арасындағы Петербург келісімі
Ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы
Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы
Қазақстандағы патша әкімшілігінің қоныс аудару және жер саясаты
Халықтың механикалық қозғалысы туралы тұсінік
Баптизм
ХІХ-ХХ ғасырлардағы қоңыстандыру саясаты
1922 жылдан бері Алматы облысы Қарасай ауданының орталығы
Керей хан Жәнібек хан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz