ЗИЯН КЕЛТІРУ САЛДАРЫНАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР




Презентация қосу
ЗИЯН КЕЛТІРУ САЛДАРЫНАН
ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР
ОРЫНДАҒАН:ЕҢСЕПБАЙ ҰЛДАЙ.
ҚАБЫЛДАҒАН:РЫСКУЛБЕКОВА БАЛЖАН.
ЖОСПАРЫ:

1. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен маңызы.
2. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары.
3. Зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің субьектілері.
4. Зиян келтірудің жекелеген жағдайлары үшін туындайтын жауапкершілік.
Зиян келтіруден туындайтын
міндеттемелердің түсінігі мен маңызы

Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен,
қауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды
тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т.б. келтіріледі.
Тұлғалардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін бірдей қалпына келтіруге, аталған тенденциялардың
қауіптілігін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік беретін азаматтық құқықтың институты болып
азаматтық-құқықтық жауапкершілік табылады.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келті-рушінің немесе заңнамада аталған өзге де
тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндеті қамтылған, жеке немесе заңды тұлғалардың
(мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне
құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиян келтіру
салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді жүзеге асырумен азаматтық-құқықтық жауапкершілік және
сонымен қатар, оның функциялары жүзеге асырылады. Оның функцияларын компенсациялык,
айыппұлдық, тәрбиелік және алдын алушылық ретінде анықтауға болады.
Міндеттеме субъектісі болып кредитор (жәбірленуші) және
борышқор (зиян келтіруші немесе оның әрекеті үшін заң
бойынша жауапты өзге де тұлға) табылады. Міндеттеме
қатысушыларының көптігі кредитор тарапынан да, борышқор
тарапынан да орын алуы мүмкін. Жәбірленуші ретінде кез келген
жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумактық
бөліністер бола алады.
Борышқорлар ретінде де, құқыққа қайшы іс-әрекеттерінің
(әрекетсіздігінің) салдарынан зиян келтірген, кез келген
субъектілер танылады. Басқа тұлғалардың әрекеттері үшін заң
бойынша жауап беретін тұлғаларға ата-аналар (асырап
алушылар), қамқоршылар, оку, емдеу, тәрбие және кәмелетке
толмағандар мен әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қадағалауды
жүзеге асыруға тиіс өзге де мекемелер мемлекеттік ұйымдар (өз
жұмысшыларының іс-әрекеті үшін) жатқызылуы мүмкін.
ҚР АК 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян
өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу
жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен
тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына
қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.Сонымен зиян Зиян келтіруден
келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) туындайтын
болып мыналар табылады: 1) құқыққа қайшы іс-әрекет міндеттемелердің пайда
(әрекетсіздік); 2) зияннның болуы; 3) тұлғаның іс-әрекеті
(әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы салдардын болу шарттары.
(зиянның) арасындағы себепті байланыс; 4) кінә. Аталған төрт шарт
бір-бірінен ажырағысыз орын алады. Олар азаматтық құқық
бұзушылықтың (деликтінің) өзара байланысты элементтері болып
табылады. Осыған сүйене отырып, біз зиян келтіруден туындайтын
міндеттеменің пайда болу (азаматтық-құқықтық жауапкершілікті
қолданудың) лездемесі болып аза-маттық құқық бұзушылық
табылады.
Жауапкершілік туындайтын жағдайлардың бірі болып өзінің
еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқару кезінде
жұмыскер мен келтірілген зиянды өтеу кезіндегі міндеттеме
табылады. Зиянды өтеу міндеті жүктелуі мүмкін болатын
субъектілер болып азаматтармен еңбек ққықтық қатынастарына
(басымды түрде) түсе алатын кез келген тұлғалар табылады.
Зиян еңбек шартының шарттарымен немесе заңнамамен жұмыс
уақыты ретінде анықталған кез келген уақытта келтірілуі мүмкін.
Ол мерзімінен тыс жұмыс жасағанда, демалыс және жұмыс
күндері жұмыс істеген кезде келтірілуі мүмкін.Бұл арада ең
бастысы , зиян еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерді атқару
аясындағы немесе жұмыс берушінің біржолғы тапсырмаларына
сүйене отырып жасалған іс-әрекеттермен келтіруте "тиіс".
Кәмелетке толмағандар мен келтірілген зиян үшін көзделетін
жауапкершіліктің ерекшеліктерін қарастырайық.14 жасқа дейінгі
кәмелетке толмағандар жауапкершіліктің дербес субъектілері болып
табылмайды. Олармен келтірілген зиян үшін ата-аналар (асырап
алушылар), қамқоршылар. егер зиян олардың кінәсінен болмағанын
дәлелдемесе жауап береді. Ата-аналардың қамқоршылардың кінәсі
деп балаларды тәрбиелеуге кеткен олқылықтар түсініледі.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірілген
зиян үшін жалпы негіздер үшін дербес жауап береді. 14 жастан 18-
жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың зиянды өтеу үшін
жеткілікті мүлкі немесе өзге кіріс көздері болмаған жағдайда егер
олар зиянның өз кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық
немесе оның жетпей тұрған бөлігін ата-аналары (асырап
алушылары) немесе қамқоршылары өтеуге тиіс

Ұқсас жұмыстар
Тараптар борышқор несие беруші
Міндеттеме түсінігі, шарт және оның түрлері
Моральдық зиянды өтеу
Азаматтық құқық қағидаттары
БОРЫШҚОР МІНДЕТТЕМЕСІ
Азаматтық құқық субьектілері
Міндеттемелік құқық. Міндеттемені орындау негіздері
Банкроттықтың түсінігі және белгілері
ТӘРТІПТІК ЖАУАПТЫЛЫҚ
Кәсіпорынның қаржысының банкроттық жағдайы
Пәндер