Информатика мұғалімі



Курстық жұмыс
Тақырыбы: “Қашықтықтан оқыту жүйелері және оларды мектепте қолдану”
Мамандығы: 0111000 «Нeгізгі орта білім бeру»
Біліктілігі: 0111093 «Информатика мұғалімі»
Тобы: И-И-17

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ
ҚАШЫҚТАН ОҚУ - оқу процесінің барлық құрамдас бөліктерін (мақсаты, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру түрлері, оқу құралдары) көрсететін және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ерекше құралдарымен немесе интербелсенді әдістерді қарастыратын басқа да құралдармен алыстан жүзеге асырылатын мұғалім мен оқушылардың өзара іс-қимылы.

Асинхронды оқу - бұл нақты уақытқа немесе орынға тәуелсіз процесс. Бұл материалдарды өз бетінше оқып үйрену, кітаптар мен оқулықтарды, блогтарды оқу, тестілер, есептер шығару, таныстырылымдар мен бейнесабақ көру, аудио тыңдау болуы мүмкін. Осылайша, ақпарат ала отырып, кез-келген уақытта жұмыс істеуге болады.
Синхронды оқу - материалды бір мезгілде қабылдауды және беруді көздейді. Мысал ретінде тікелей эфирлерде танымал түрлі вебинарларды, лекцияларды келтіруге болады. Яғни, бұл жерде ақпаратты тыңдап, материалды алып қана қоймай, өз белсенділігін көрсетіп, бірден сұрақ қойып, кейбір мәліметтерді нақтылауға болады.
ҚАШЫҚТАН ОҚУ ТҮРЛЕРІ

Оқушылар мен мұғалімдер арасындағы тікелей жеке қарым-қатынастың болуы олардың арасында жақындық сезімін ұлғайтады және өзін жалғыз сезінуін азайтады.
Процеске қатысушылар арасында туындайтын қандай да бір түсініспеушілік немесе келіспеушіліктің алдын алатын пікір алмасу.
СИНХРОНДЫ ОҚУ
Барлық білім алушылар үшін оқуды бір мезгілде жоспарлау қиындық туғызады.
Кейбір оқушыларда интернет желісіне қосылуға байланысты техникалық проблемалар немесе қиындықтар болуы мүмкін.
АРТЫҚШЫЛЫҒЫ:
КЕМШІЛІГІ:

Барлық оқушыларға оқуды бір мезгілде қолжетімді ете алатын, сондай-ақ өткен материалдар қорына қолжетімділігін қамтамасыз ететін ыңғайлы уақыттың болуы.
Танымдық белсенділікті арттыру: білім алушыларға курс материалымен танысып және оны түсінуге уақыттың жеткілікті болуы.
АСИНХРОНДЫ ОҚУ
Білім алушылар құрдастарымен және мұғаліммен байланыстың және әлеуметтік қарым-қатынастың жетіспеушілігін сезінуі мүмкін.
Оқу материалының толық көлемде игерілмеуі немесе мұғаліммен нақты уақытта өзара әрекеттесудің болмауына байланысты оқушыларда дұрыс түсінік қалыптаспауы мүмкін.
АРТЫҚШЫЛЫҒЫ:
КЕМШІЛІГІ:

НӘТИЖЕНІ БАСҚАРУ
1-ҚАДАМ
БАҒАЛАУ әдістері
2-ҚАДАМ
ҚАШЫҚТАН ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 4 ҚАДАМЫ
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫН ТАҢДАУ
3-ҚАДАМ
ИНКЛЮЗИВТІ ОҚУ ОРТАСЫН ҚҰРУ
4- ҚАДАМ
Notes: Сілтеме
Anna S. CohenMiller, зерттеуші, НУ кеңесші

1-қадам: Күтілетін нәтижелерді басқару
Оқушылар мұны қалай үйренеді?
Мен оқушыларымды неге үйреткім келеді?
Мен оларға қалай қолдау көрсете аламын?
ҚАШЫҚТАН ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 4 ҚАДАМЫ

2-қадам: Бағалау әдістері
Мұғалімге:
Оқу мақсаты өзгерусіз қалады, яғни оқушылардан күтілетін оқу нәтижесі сақталады. Ойлану керек: оқушыларды оқу нәтижесіне қалай жеткіземін?
Оқушыларға өздерінің оқу нәтижесін көрсете алатындай бағалау әдістерін анықтау.
Оқушылардың жұмыстарын бағалауды жүргізу процесін мұқият ойластыру (мұғалімнің жеке бағалауы, оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін-өзі бағалауы және т. б)
Өзіңізден сұраңыз:
Оқушылар оқу нәтижелерін қалай көрсете алады? Оқушылардың оқу нәтижелерін қалай бағалаймын?
ҚАШЫҚТАН ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 4 ҚАДАМЫ

3-қадам: Технологияны және білім беру платформасын таңдау
Мұғалім:
Оқушылардың барлығы білетін жеңіл қолдана алатын арнайы интернет-платформаларын пайдалану;
Жаңа қолайлы интернет-платформаларды қолдануды біртіндеп енгізу және оқушыларды жұмыс істеумен үйрету (жаңа платформаны меңгеруге көп уақытыңыздың кетпеуін назарда ұстаңыз)
Өзіңізден сұраңыз:
Маған қандай технологияның түрі ыңғайлы?
Қашықтықтан оқу ортасын құру үшін қандай технологияларды қолдана аламын?
ҚАШЫҚТАН ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 4 ҚАДАМЫ

Әрбір оқушының жеке қажеттілігін ескере отырып оқу ортасын құру.
Мұғалімге:
Әрбір оқушының қажеттілігін анықтау;
Қажеттілікке сәйкес оқушыны оқуға тартатын, ынтасын оятатын жеке хабарламалар жіберу;
Қажеттілігі бар оқушымен жеке онлайн-сабақтарын өткізу;
Оқушының орындаған тапсырмаларына кері байланыс беру;
Оқушыны онлайн-сабақта белсенді болуыға ынталандыру әдістерін қолдану;
Әрбір оқушының АКТ дағдыларының әртүрлі болуы, онлайн-сабақта қолданатын ресурстарды іріктеу, қажет болған жағдайда жекелеген оқушыларды үйрету;
Әртүрлі отбасылық жағдайлардың орын алуы мүмкін екенін ескеру.
Өзіңізден сұраңыз:
Онлайн-сабақ кезінде оқушылардың барлығы өзін қойлайлы сезінетін ортаны қалай құра аламын? Олар өздерінің қажеттілігі мен қиындықтарын маған жеткізуде өзін ыңғайлы, қолайлы сезінуіне қалай қол жеткізе аламын?
ҚАШЫҚТАН ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 4 ҚАДАМЫ
4- қадам: Инклюзивті оқу ортасын құру

Қашықтан оқу форматында саралау өте маңызды.
Мұғалім әр оқушының қабілетіне байланысты әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдану арқылы сабақты ұйымдастыра алады және бірдей оқу материалын беруде әр түрлі оқу стратегияларын қолдана алады.
САРАЛАП ОҚЫТУ

ҚАШЫҚТАН ОҚУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ
МАЗМҰН
КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
ОҚУШЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ

Ұсынылатын контенті толық зерделеп шығыңыз.
Күрделігіне байланысты іріктеңіз: тек мұғалімнің түсіндіруін қажет ететін мазмұнды анықтаңыз. Оны қалай оқушыларға жеткізу тиімді екенін ойластырыңыз.
Оқушылардың өз бетімен меңгере алатын мазмұнды анықтаңыз. Оқушылардың қолында бар оқулықтың мүмкіндігін пайдаланыңыз. Егер интернет ресурстарын пайдаланатын болсаңыз, оның сенімділігі мен шынайылығына, оқушылардың жас ерекшелігіне, мазмұнының нейтралды болуына сенімді болыңыз.
Оқушылармен талқылау сұрақтарын дайындаңыз (түсіну деңгейін бағалау)
МАЗМҰНДЫ АНЫҚТАУ

МАЗМҰН: ЖАҢА БІЛІМДІ МЕҢГЕРУ
Оқулықтағы материалды ұсына аласыз
Қосымша ақпаратты файл түрінде ұсынатын болсаңыз, рdf форматынан аулақ болыңыз. Ұсынылатын ақпаратты іріктеп шығыңыз.
Ақпаратты Power Point түрінде ұсынатын болсаңыз, күрделі мазмұнды дауысты жазбамен сүйемелдеңіз.
Бейне-лекция түрінде ұсынатын болсаңыз, сызба арқылы сүйемелдеңіз.
Жаңа білімді меңгеруде оқушылардың сұрақтарына жауап беру уақытын алдын-ала белгілеп, оқушыларға таныстырыңыз
Жаңа білімді ұсыну әдісіңізге қатысты оқушылардан кері байланыс алыңыз.

ОҚУШЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ
ОҚУШЫЛАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАЛҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫН АЛДЫН-АЛА ДАЙЫНДАУ.
Егер бейне-дәріс ұсынатын болсаңыз, «Қандай сұрақтарыңыз бар?», «Не ойлайсыз?», «Бейне-дәрістің астына коментарий жазыңыз» деген сұрақтардан АУЛАҚ болыңыз. Оның орнынан нақты бейне-дәрістің мазмұнын түсіну дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтарды дайындап қойыңыз.
Оқушылардың өз бетімен меңгерген білімін көрсететін жұмыс түрін анықтаңыз (презентация, бейнежазба, қысқа эссе және т. б) . Жұмыстың қандай түрін таңдасаңыз да, дескрипторлар құру қажеттігін естен шығармаңыз.
Оқушыларға ортақ интернет құжатқа бір мезгілде қойылған сұраққа жауап жазу тапсырмасын беруге болады (Google, Padlet және т. б. )

КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
Оқушылардың деңгейін анықтау үшін қандай сұрақтарды, тапсырманы ұсынасыз?
Оқушылар оларды қалай орындайды? Оқушының өзі орындауын қалай қамтамасыз ете аласыз?
Оқушылар орындаған тапсырмаларын Сізге қалай ұсынады?
Сіз оқушылардың жұмысына кері байланысты қалай ұсынасыз?

КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
Қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
Онлайн-сабақты өткізу барысында оқушыларға жаңа ақпаратты түсіну деңгейін бағалау үшін алдын ала сұрақтарды дайындаңыз және оларды сабақ барысында қойыңыз. Оқушылардың берген жауаптарын талдап отырыңыз. Қажет жағдайда бірден кері байланыс беріңіз.
Оқушылар бұл сұрақтың не үшін қойылғанын түсінгені абзал. Сұраққа жауап беру мұғалімге оқушыларға дер кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Бағалауды шынайы және жеткілікті деңгейде жүргізу үшін, топтық талқылауды қолжетімді ететін интернет ресурстарды пайдаланыңыз. Тапсырмаларды саралаңыз.

СЫНДАРЛЫ КЕРІ БАЙЛАНЫС
кері байланыс дер кезінде беріледі;
критерийлерге (дескрипторларға) негізделіп беріледі;
жұмыстың жақсы тұстарын көрсетеді және дәлелмен негізделеді;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz