Стафилококктардың патогенді ферменттері


Slide 1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Slide 2

Кокктар- микроорганизмдердің үлкен тобын құрайды, олар патогенді,

патогенді емес және шартты патогенді болып бөлінеді.

Берги классификациясы бойынша патогенді кокктардың 3 топқа бөлінеді:

1. Микрококктар

2. Стрептококктар

3. Нейсериялар

Барлығына тән қасиет- іріңді қабыну процесін тудырады, оларды іріңтудырушылар пиогенділер деп атайды. Олар қозғалмайды, сеппе (спора) түзбейді. Пневмококктар капсула түзеді. Тинкториалды қасиеттері бойынша:

Грам+ стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар

Грам- менигококктар, гонококктар

Қоректік орталары мен биохимиялық қасиеттеріне қарай бір-бірінен айырмашылықтары бар. Мысалы: Стафилококктар қоректік ортаға онша талғампаз емес, ал биохимиялық қасиеті белсенді. Гонококктар керісінше, қоректік ортаны талғайды, биохимиялық қасиетінің белсенділігі төмен.

Slide 3 Slide 4

Стафилококктардың патогенді ферменттері:

Коагулаза (қан плазмасын ұйытады), лецитиназа (клетка қабығындағы лецитинді ерітеді), фибринолизин (фибринді ерітеді), ДНК аза (ДНК-ны деполимеризациялайды), гиалуронидаза- ( тарату факторы) .

Стафилококк-экзотоксин түзеді. Ол токсиннің: гемолитикалық (эритроциттерді гемолиздеу), дермонекроздық ( некроз тудырады- тері ішіне жібергенде жансыздану), летальдық-жануарлардын жансыздануы.

Стафилококктың сезімталдығы

Стафилококктың қоршаған ортада төзімді, оларды ауадан, топырақтан, судан, тағамдардан, қоршаған жиһаздардан табуға болады. 100 0С-та тез жансыздалады, 700 С-10-15 мин кейін төмен t 0-ға төзімді. Мұздатылған күйінде бірнеше жыл сақталады . Кептірілген күйінде де жақсы сақталады. Күннің тіке түскен сәулесі бірнеше сағаттан кейін әсер етеді, дезинфекциялық ерітінділер 15-20 мин кейін өлтіреді. Бриллиант жасылға-сезімтал. Стафилококқа- ірі және ұсақ қара малдар, жылқы, шошқа, тауықтар сезімтал. Лабораториялық жануарлардан- қояндар, ақ тышқандар, мысықтар сезімтал.

Slide 5

Инфекция көзі: ауру адам және микробтасымалдаушы

Тарау жолы:

1. тұрмыстық-қатынас

2. ауа тамшысы

3. ауа шаңы

4. тағамдар арқылы

Аурулары: 120 дан астам ауру түрі бар:пиодермия, шиқан, сыздауық, панариций, абсцесстер, ангина, цистит, холецистит, мастит, сепсис, астан улану т. б.

Патогенезі: стафилококктар тері және клегейлі қабат арқылы организмге енеді. Адам патологиясында S. aureus -тің ролі зор. Көбінде тері зақымдалады және тері асты клетчаткасы. Олар пиодермиттер, шиқан, сыздауық, панарицийлер. Акушерлік тәжірибеде-жаңа туған нәрестелер сезімтал. Астан улануда- кұсу, іш өту, бас ауру симптомдары болады.

Иммунитеті: адамда бұл микробқа қарсы табиғи резистенттік қалыптасқан. Ол механикалық факторлармен, фагоцитозбен және антиденелермен байланысты. Иммунитеттің негізгі факторы-антитоксиннің түзілуі ( ауру пайда болған кезде) Жүре пайда болған иммунитет-тұрақты емес.

Алдын- алуы: санитарлық гигиеналық жағдайды жақсарту, микробтасымалдаушы мен ауруларды дер кезінде анықтау, ауруханалардағы санитарлық-гигиеналық жұмыс режимын жақсарту.

Емдеуі: антибактериялы-препараттар, поливалентті. бактериофагын пайдалану; созылмалы түрінде-аутовакцинаны қолдану қажет.

Slide 6

Инфекциялық аурулардың пайда болу табиғаты мен ерекшеліктерін микробиология, вирусология, паразитология және эпидемиология ғылымдары қарастырады.

Эпидемиология - инфекциялық аурулардың пайда болу, дамуы және таралуының негізінде жатқан заңдылықтарды және олардың алдын алу шаралары зерттейтін медицинаның бір саласы. Эпидемиологияны жалпы және жеке эпидемиология деп екіге бөледі. Жалпы эпидемиология барлық инфекциялық ауруларға қатысы бар инфекция көзі, қоздырғыштардың берілу жолдары мен механизмдері, ауруды қабылдаушылық, иммунитет жағдайының теориялық және шешумен айналысады. Жеке эпидемиология белгілі бір инфекциялық аурулардың таралу заңдылықтарын, олармен күресу және профилактикалық шараларын зерттейді.

Slide 7

Стрептококктардың төзімділігі. Стрептококктар қоректік ортада төзімді. 60 температурада 50 минуттан кейін жансызданады. Кепкен іріңмен қақырықта айлар бойы сақталады. Зарарсыздандыратын ерітіндіде 15-20 минуттан кейін жойылады, ал энтерококктар басқа стрептококктарға қарағанда төзімдірек. Оларды зарарсыздандыратын ерітінділер 50-60 мин кейін жоя алады.

Инфекция көзі-ауру адам мен микробтасымалдаушылар, сирек ауру жануарлармен ластанған тағамдар.

Тарау жолдары: ауа тамшысы, ауа шаңы, тағам арқылы және тұрмыстық қатынас.

Ауру қай кезде пайда болады.

1. Экзогенді жұққанда-сырттан жұқтырады.

2. Микроб эндогенді жұққанда-шартты патогенді стрептококктар-мұрын, таңдай, жыныс жолдарының кілегейлі қабатын мекендегенде.

3. Аутоинфекцияда-иммунитеттің төмендеуінен пайда болады (аштық кезінде, тоңу, шаршау т. б. )

4. Микроб қанға енгенде-сепсис ауруы (қанның ұлануы)

Аурулары: іріңді инфекция (флегмона, абсцесс, жарақат инфекциясы) ;

іріңсіз инфекция: жоғары тыныс жолдарының қабынуы, тілме қабынуы (рожа), скарлатина, ревматизм.

Иммунитеті:

1. Антитоксиндік

2. Антибактериалдық

Алдын алуы. Санитарлық-гигиеналық шаралар, ағзаны шынықтыру.

Емдеуі. Антибиотиктер-пенициллин, тетрациклин.

Slide 8

Оларды патогенді вариантты идентификациялау үшін қолданылады.

Slide 9

1. Адгезия және колонизация факторы

2. Инвазия факторыжәне оның көмегімен энтероцитке енеді, көбейеді,

жасушаларды зақымдайды.

3. Экзотоксиндер:цитотонин және цитотоксин. Цитотонин-судың гиперсекрециясын күшейтеді, цитотоксин-эндотелия жасушасын бұзады.

Эндотоксин-липополисахарид.

Slide 10

Ішек таяқшасы тудыратын аурулар

Эпидемиологиясы:Антропоноз. Инфекция көзі ауру адам және ауру тасымалдаушы

Жұғу жолы:алиментарлы, зақымдалған су мен тағам, жеміс-жидектер, ашық жарақат, мед.

Құралдар арқылы да жұғады. Патогенді ішек таяқшаларын патогенді және эпидем. ерекшелігіне байланысты 4 категорияға бөледі.

Slide 11

Энтеропатогенді ішек таяқшасы-сальмонеллаға ұқсайтын ауру туғызады.

Энтеротоксигенді ішек таяқшасы-тырысқаққа ұқсас ауру тудырады.

Энтероинвазивті ішек таяқшасы-дизентерияға ұқсас ауру тудырады.

Энтерогемморрагиялық ішек таяқшасы-гемморрагиялық колит туғызады.

Патогенді ішек таяқшасы

Slide 12

Грам теріс таяқшалар, спора, капсула түзбейді, қозғалмайды.

Факултативты аэроб, орталарға талапшыл емес. Плоскирев ортасында ұсақ, домалақ, түссіз колония түзеді.

Глюкоза, малтоза, сахароза және маннитті қышқылға дейін түзеді. Н2S түзеді, желатинді ыдыратады. Эндотоксин және экзотоксин-цитотоксин түзеді.

Эпидемиология.

Инфекция көзі - ауру адам, тасымалдаушы.

Таралу жолы - фекалді-оральді, су арқылы, алиментарлы, тұрмыстық- қарым -қатынас.

Шақыратын инфекциялары - бактериалді дизентерия ( тоқ ішектің қабынуы), энтерит, холецистит, перитонит, септицемия.

Slide 13

Salmonela typhi іш сүзегі қоздырғышы.

Salmonela paratyphi A, B - паратиф А, қылау В қоздырғыштары.

Salmonela typhimurium, Salmonela enteretidis, heidelberg, choleraesuis

Гастроентерит қоздырғыштары.

Грам теріс, спора, капсула түзбейді, қозғалады.

Плоскирев ортасында түссіз колония түзеді.

Глюкоза, малтоза, маннитты қышқылға дейін ыдыратады.

Эндотоксин, агрессиялық ферменттер -гиалоуронидаза сияқты түзеді.

Slide 14

Іш сүзегінің эпидемиологиясы

Инфекция көзі - ауру адам, тасымалдаушы.

Таралу жолы - фекалды-оральді, су арқылы, алиментарлы, тұрмыстық қарым қатынас.

Пайда болатын инфекциялар - іш сүзегі (ащы ішектің қабынуы) .

Slide 15

Патогенез. Қоздырғыш ащы ішек қабырғасына жабысады, лимфа бездеріне енеді, кобейеді, қанға шығады, бактериемия пайда болады. Қанда айналып өт, бауырды, көк бауырды зақымдайды.

Өтпен қайтадан ащы ішекке түседі, эпителийде жара туғызады, кайта қанға түседі, өтті зақымдайды сонда көбейеді. Қайтадан өт арқылы ащы ішекке түседі.

Аурудың 1аптасында қоздырғыш қанда болады (бактеремия), 2 аптасынан бастап нәжіс және зәр арқылы сыртқа шығарылады.

3 аптасынан бастап антидене пайда болады. Инкубациялық кезеңі 5-14 күн.

Симптомдар - қызба, әлсіздік, бөртпе, диарея, құсу, естен тану байқалады.

Slide 16

Сальмонеллез эпидемиологиясы

Инфекция көзі -ұсақ малдар, құстар.

Таралу жолы- алиментарлы, кір қол арқылы.

Шақыратын ауру - сальмонелелез (жедел гастроэнтерит) .

Патогенез - инкубациялық кезең 2-48 сағат.

Қоздырғыш асқазанға, он екі елі ішекке түседі, шырышты қабықты зақымдайды, қабыну болады. Кей кезде лимфа бездерін зақымдайды. Адамда құсу, диарея, ауырсыну және әлсіздік байқалады.

Сальмонеллез қоздырғыштары - S. typhimurium, S. enteritidis, S. Heidelberg, S. choleraesuis.

Сальмонеллез жедел гастроэнтерит немесе тағам токсикоинфекциясы.

Сальмонеллез

Slide 17

Морфологиясы:


Ұқсас жұмыстар
Стафилококктардың биохимиялық активтілігімен антигендік қасиеттері
Стафилококктардың жіктелуі
Қиды залалсыздандыру туралы
Ауруханаішілік инфекция
Инфекциялық ауру
Биологиялық белсенді заттардың инактивациясы және трансформациясы
Инфекция туралы ілім. Инфекция түрлері
АНТИБИОТИКТЕРДІҢ ӘСЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖАНУАР ОРГАНИЗМІНІҢ ТІНІНДЕ ЕМЕС, МИКРООРГАНИЗМ ЖАСУШАСЫНДА
Инфектология ғылым түрінде және оның микробиологияда алатын орны.Инфекциялық процесстің сипаттамасы.Бактериялардың және вирустардың патогенділіг және токсигенділігі.Патогенділік және токсигенілік факторларының генетикалық бақылауы
АНТИБИОТИКТЕРДІҢ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz