Халі ауыр науқастың басын жуу
Презентация қосу
Көзді ,мұрынды,құлақты күту і -әрекеттері.Халі ауыр науқастың басын жуу.Шашын тарау.Төсектегі халі
ауыр науқастың аяғынжуу жане қолдағы аяқтағы тырнақты алу іс әрекеттері
КӨЗДІ КҮТУ
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау,ауруларының алдын алу, халі ауыр науқас
кезинде таңертеңгі тазалықты жүргізу, дәрілік ертіндіні тамызу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайдағы көзінде шығындылардың
(бөліністердің) болуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: дәке тампондарын, латокты, пинцетті (іскекті),
ундинканы, көз стакандарын, 1:2000 фурацилин ерітіндісін, вазилин майын, мензуркаларды,
физтологтялық ерітіндіні, тамызғыштарды, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар
ыдысты.
Іс-әрект алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Көздерін қарап, олардың жағдайын бағалаңыз.
Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.
Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазилин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз.
Дәке тампонын пинцеттің көмегімен фазилин майына ылғалдатып, оны мензурканың
қабырғасына, аздап қана сығып қысыңыз.
Оң қолға тампонды ұстап, көздің бір қабағын сыртқы бұрышыны, ішкі бұрышына қарай бағытпен
сүртіңіз (іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді).
Дәке тампонын фурацилин ерітіндісіне ылғалдатып, осы бағытпен сүртуді қайталаңыз.
Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет әр-түрлі тампондармен қайталаңыз.
Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде; сол қолдың бас бармағы және сұқ
саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, көздің дәнекер қабығы қуысын физиологиялық
ерітіндімен жуып шығыңыз, ал оң қолмен көздің дәнекер қабығының қабына тамызғыштың немесе
ундинканның көмегімен шайып шығыңыз, сосын құрғақ тампонмен қабақты осы бағытты сүртіңіз.
Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз.
Қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Қолданылған қолғапты, тампондарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Пинцетті (іскекті), мензуркаларды, тамызғыштарды немесе ундиканы ішінде зарарсызданддыру
ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Қолыңызды жуып кептіріңіз.
Ескерту: көзді тазалаған кезде бірдей бір тампонмен екі көзді сүртуге болмайды. Бір көзден екінші
көзге инфекция жұғуы
Мұрын қуысын күту .
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, мұрынмен дем алудың бұзылуының
алдын ала ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысындағы қатып қалған
қабыршықтардың және шырышты бөліністердің болуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта турундаларын, мензурканы, пинцетті,
вазелин немесе өсімдік майын науаны, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын
ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі
• Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
• Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.
• Науқастың басын сәл аздап артқа қарай шалқайтып, Фаулер қалпын беріңіз.
• Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал бас бармақпен мұрынның
• ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің, кеуіп қалған
қабыршықтардың барлығын қарыңыз.
• Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы
• қимылдармен мұрын жолдарына еңгізіңіз.
• Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркага
• залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.
• Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалда, мензурканың шетіне аздап
• қысып, сығыңыз.
• Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына
енгізіңіз
• және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз ( қатып қалған қабыршықтар болған
кезде).
• Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл
мұрын
• жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді.
• Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.
• Қолғапты шешіңіз.
• Қолданылған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге
салыңыз.
• Пинцетті, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Құлақты күту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, құлақ ауруларының алдын-алу, құлақ
құлығының жиналып қалу себебінен есту қабілетінің төмендеуін ескерту, дәрілік
ерітіндіні тамызу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, есту жолында құлықтың жиналып қалуы.
Қарсы көрсетілімдері: құлақ қалқанындағы және сыртқы есту жолындағы қабыну
процестері.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: науаны, тамызғышты, пинцетті, мензурканы, мақта
турундаларын, сүрткілерді, қолғаптарды, 3%-дық сутегі асқын тотығы ерітіндісін,
сабынды суды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға
арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
• Науқаста емшара барысын тусіндіріп, оның келісімін алыңыз.
• Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғаптарды киіңіз.
• Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындаңыз.
• Науқастың басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы жағына қисайтыңыз, науаны
астына қойыңыз.
• Сүрткіні жылы сабынды ерітіндіде ылғалдап алып, құлақ қалқанын сүртіңіз; сосын оны
құрғақ сүрткімен құрғатыңыз (кірді кетіру үшін).
• Алдын-ала су моншасында (t 36-37°С) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін
залалсыздандырылған мензуркаға құйыңыз.
• Оң қолыңызға мақта турундасын алып, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз,
ал сыртқы естеу жолын тузету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және
жоғары қарай тартыңыз; құлаққа 2-3 тамшы тамызыңыз.
• Құрғақ турунданы жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1см
тереңдіктен асырмай енгізіп, оны 2-3 минутқа қалдырыңыз.
• Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл есту
жолындағы бөлінуістер мен құлықтың шығуын қамтамасыз етеді.
• Екінші есту жолына да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.
• Қолғаптарды шешіңіз.
• Қолданылған қолғапты, турундаларды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған
контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі
бар ыдысқа салыңыз.
• Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
• Ескерту:құлақты тазалаған кезде мақтаны қатты затқа орауға болмайды, есту жолы
жарақаттануы мүмкін.
Халі ауыр науқастың басын жуу.
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың енжарлық қалпы.
Дайындаңыз: жылы суды (37-380С), сабынды немесе сусабынды, шылапшынды, крушканы, тісі жиі тарақты, сүлгіні 6% сірке суы ерітіндісін, таза бас
орамалды (мақта-матадан жасалған) кірлеген іш киімдерді салатын қапшықты.
Іс-әрекет алгоритмі:
• Халі ауыр науқастың басын төсегінде жуыңыз.
• Басына көтеріңкі қалып беріңіз, арнайы бастың астына қоятын құралды немесе матрацты валик тәрізді домалақтап, оны науқастың басының астына
қарай қатты бұрыңқырап қойыңыз, оның үстіне клеенка төсеңіз.
• Науқастың басын мойын деңгейінде артқа қарай шалқайтыңыз.
• Кереуеттің бас жағындағы орындықтың үстіне науқастың мойын деңгейінде ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз.
• Науқастың басын сорғалап аққан сумен ылғалдаңыз, шашын сабындаңыз, бастың терісін мұқият түрде ысқылаңыз.
• Шашты бастың маңдай бөлігінен артқа қараған бағытта сабынмен немесе сусабынмен жуыңыз.
• Шашты сумен шайыңыз және оларды сүлгімен сығып құрғатыңыз.
• Шашты тісі жиі тарақпен күнделікті тараңыз. Қысқа шаштарды шаштың түбірінен ұшына қарай, ал ұзын шаштарды бұрымға бөліп алып, ұшынан
түбіріне қарай жайымен тарайды. Оларды жұлмауға тырысыңыз.
• Басына таза мақта-матадан жасалған орамалды тығыңыз.
• Бас астындағы құралды орнына түсіріңіз, барлық күтім заттарын жинап алыңыз, матрацты түзетіңіз.
• Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз.
•
Ескерту: халі ауыр науқастың басын (егер қарсы көрсетілімдері болмаса) аптасына 1 рет жуу керек;
- осы емшараны жүргізу үшін өте ыңғайлы бастың астына қоятын арнайы құрал болып табылады, бірақ кереуеттің арқасы алмалы-салмалы болуы қажет,
ол күрделі емшараны жеңілдетеді;
• - әйелдің шашын тісі жиі тарақпен күнделікті тарайды;
• - ерлердің шаштарын қысқартып алып тастайды;
• - 6 % сіркесу ерітіндісімен суландырылған тісі жиі тарақ қайызғақты және шаңды өте жақсы тарайды.
ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ АЯҒЫН ТӨСЕГІНДЕ ЖУУ
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайы.
Дайындаңыз: клеенканы ішінде жылы суы бар шылапшынды,
сабынды жөкені, сүлгіні, қайшыны, қолғаптарды.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасыпен өзара жылы жүзді, сенімділік қарым-қатынасын
орнатыңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, кептіріңіз.
Қолғаптарды киіңіз.
3. Матрацтың аяқ жағын науқастың беліне дейін домалатып,
дөңгелетіп ораңыз.
4. Клеенканы кереуеттің торына төсеңіз, оның үстіне ішінде
жылы суы бар шылапшынды қойыңыз, науқастың бөкселері
валиктің үстінде болуы керек.
5. Науқастан аяқтарын тізесіне бүгуін өтініңіз.
6. Көрпесін қайырып тастап, науқастың аяқтарын шылапшынға
түсіріңіз.
7. Науқастың аяқтарын шылапшынның ішіндегі жеке бас жөке
және сабын көмегімен жуыңыз, оларды таза сумен шайыңыз.
8. Сүлгімен аяқтарын құрғатыңыз.
9. Тырнақтарын алып тастаңыз.
10. Егер терісі былжыраған немесе жарылған болса, кез-келген
аяққа арналған жұмсартқыш сықпа маймен (креммен)
өкшелерін майлаңыз.
11. Жөке мен қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа
салыңыз.
12. Науқасты көрпесімен жауып қойыңыз.
13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
ҚОЛДАҒЫ ТЫРНАҚТЫ ҚИЫП АЛУ
Мақсаты: қолдағы тырнақты алу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық)
резеңке қолғаптарды, қолға арналған кремді, қайшыны,
тістеуікті, егеуішті, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру
ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа алда тұрған емшараның қажеттілігі мен барысын
түсіндіріңіз.
2. Аз ғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар ыдысты
науқастың алдына қойыңыз.
3. Науқастың қолының саусақтарын 5 минутқа жылы сабынды
суы бар ыдысқа салыңыз.
4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты
киіңіз.
5. Науқастың қолын сабынмен жуыңыз.
6. Судан V саусақты шығарып алып, оны сүртіңіз және тырнақты
тегіс сыртқы периметрі бойынша теріден 1-2 мм (0,5 см)
қалдырып тиянақты алыңыз.
7. Судан кезекпен саусақтарды шығарып, оларды сүлгімен
сүртіп, тырнақты тиянақты алыңыз. Ал суда бір саусақ
қалғанда, екінші қолдың саусақтарын салыңыз. Екінші
қолдың саусақтарымен емшараны жүргізіңіз.
8. Тырнақтарды егеуішпен және тістекуікпен өңдеңіз.
9. Науқастың қолына кремді жағыңыз.
10. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар
ыдысқа, ал сүлгіні киімге арналған қапқа салыңыз.
11. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.
АЯҚТАҒЫ ТЫРНАҚТЫ ҚИЫП АЛУ
Мақсаты: аяқтағы тырнақты алу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық)
резеңке қолғаптарды, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, аяққа
арналға кремді, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру
ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа алда болатын емшараның барысын түсіндіріңіз.
2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты
киіңіз.
3. Науқасты отырғызыңыз немесе оны кушеткаға жатқызыңыз.
4. Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар шылапшынға
науқастың аяқ басын салыңыз.
5. Науқастың аяқ басын судан кезекпен шығарып алыңыз. Оны
сүртіп, сүлгіге орналастырып, аяғындағы тырнағын арнайы
тістеуікпен немесе қайшымен тиянақты қиып алыңыз.
6. Тырнақтарды егеуішпен және тістекуікпен өңдеңіз.
7. Науқастың аяқ басына және табанына крем жағыңыз.
8. Қайшыны, тістеуікті, егеуішті зарарсыздандыру ерітіндісі бар
ыдысқа салыңыз, ал сүлгіні – киімге арналған қапқа салыңыз.
9. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz