Мемлекеттік билік



САЯСИ БИЛІК
“Алаш зиялылары” тобы

Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз
байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің
мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі-билік,
ал мазмұны-билік үшін күрес және билікті жүргізу.
Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун адамның басқа жан-жануарлардан
ерекшелігі- ол билік үшін күреседі деген екен.
Ағылшынның ең ірі фәлсафашыалрының бірі, қоғамқайреткері болған Бертран
Рассел физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым
билік болып табылады.
Американның әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс экономикалық жүйеде
ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады.

Билік жөнінде ғалымдардың айтқан анықтамалары:
1. Теологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқ, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.
2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардаң жүріс- тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің түрі.
3. Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды,
амалдарды пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі.
4. Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі.
5. Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндереді.

"Билік" сөзі әр мағынада қолданылады. Оны ықпал ету
бағытына объектісіне байланысты былай бөлуге болады:
Ата-аналар билігі.
Мемлекеттік билік.
Экономикалық билік.
Саяси билік.
Әлеуметтік билік.
Құқықтық билік.
Әскери билік.
Рухани билік, т. с. с.
Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана
айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі түріне
жатады.

Саяси биліктің
ерекшеліктері

Саяси биліктің әдіс-құралдары бар.
Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы:
сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат
жетістпегендіктен шетелдерде үміткерлер жеке бай адамдардың бірлестіктердің көмегіне
сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстап тұру үшін көп қаражат керек. Және үкімет басына
келушілер өз реформаларын ала келеді. Мысалы: АҚШ президенттері Ф. Рузвельт
"Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди "Жаңа шеп", т. с. с. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс
пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер,
пайдалы қазба байлықтары, т. б. жатады.
Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір
сүруіне мүдделі адамдарды топтастырады. Ондай рөлді ең алды мен оның мәртебелі,
абыройлы, көптеген жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлері орындайды.
Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікт
і құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция,
қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура. т. б. жатады.
Ақпарат құралдары. Радио, теледидар. баспасөз, т. с. с. ақпарат құралдары өз елдеріндегі
жағдайларды ғана емес, дүние жүзінде не болып не қойып жатқанын көріп-біліп отырады.
Шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялары бар
елдерде ақпарат құралдарының маңызы арта түседі.

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Олар:
1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру.
2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру.
3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару.
4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау.
5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау.
6. Белгілібір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және
мемлекеттік құрылысты құру.
7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау.
8. Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде
шешу.
9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т. с. с.

Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып,
жұмыс істейді.

Ал демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару
мақсатында, мемлекеттік
билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш
тармакқа бөледі. Оның
негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704)
пен француз ғалымы
Ш. Л. Монтескье (1689 - 1753) болды.




Биліктің бейнесін, қоғамдағы рөлін, қызметін және болашағын бағалау үшін оны
жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Билік түрлері өзара байланысты бірқатар
белгілермен өзгешеленеді.
Институционалданған (өзінің басқарушы және тәуелді құрылым деңгейі бар
әр түрлі мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің жоғары шенділерге
бағынышты болып, араларында билеу-бағыну қатынастары орнаған) және
институционалданбаған (биресми, басқарушы және атқарушы топтар анық, ашық
көрсетілмеген) биліктің түрі.
2. Жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси емес болып бөлінеді.
3. Құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекеттік,
ассоциативтік болып, сыртқы саясат қатынастарында, дүниежүзілік ұйымдар мен
одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі.
4. Биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес, ұжымдық,
т. с. с. болып топталады.
5. Қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық, басқа түрлерді еріксіз
көндіру, сендіру, ерік, бедел, т. с. с. билігі болып бөлінеді.
6. Әлеуметтік түріне қарай феодалдық, буржуазиялық, т. с. с. болып бөлінеді.

Сонымен қатар билікте “объект”, “субъект” деген ұғымдар бар.
“Объект”- өзгертуші, “субъект” - іс-әрекетті жасаушы.
Биліктің субъектілері:
1. Мемлекет.
2. Әлеуметтік топ, тап.
3. Әлеуметтік топтар жүйесі.
4. Әлеуметтік топтарға сүйенген шағын адамдар тобы.
Биліктің объектілері:
1. Мемлекет. 6. Әкімшілік.
2. Ел. 7. Ведомстволар.
3. Аймақ. 8. Ұйымдар.
4. Штат. 9. Өндірістер.
5. Республика. 10. Жеке тұлға.

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл
мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік
дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің
барлық құрылымен мемлекеттендірудің тәсілдемелік негізі болды.

Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді.
Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны
білдіреді) дегеніміз- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті
мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін
мынандай екі шарт қажет.
1. Ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің
еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің
басшысын белгілі бір мезгілге тура немесе жанама түрде халық
сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға
мүмкіндік болуы тиіс.
2. Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге
асырылуы керек.

Немістің көрнекі ғалымы Маркс Вебер билік басына келудегі
легитимдіктің үш үлгісін көрсетті:
Әдет-ғұрыптық легитимдік - халықтың санасына сіңген, әбден
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz