Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторлардың міндеті мен құқығы


Slide 1

ТАҚЫРЫБЫ: Ветеринарная инспекция.

Мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторлардың

міндеті мен құқығы

Орындаған:.

Slide 2

Ветеринариялық инспектор

16-бап. Бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыретi

17-бап. Ветеринариялық инспекторлардың құқықтары

18-бап. Ветеринариялық инспекторлардың актiлерi

19-бап. Ветеринариялық инспекторлардың тәуелсiздiгi

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ

Ветеринария туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 Заңы

Slide 3

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретiне:

Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлердi басып шығару;

тиiстi аумақтағы iндеттi жағдайды бағалауды ескере отырып, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру;

қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы мен оның орынбасарларын қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету кiредi.

Slide 4

2. Шекарадағы және көлiктегi бас мемлекеттiк ветеринариялық инспектордың және оның орынбасарларының құзыретiне:

1) шекарада және көлiкте мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2) шекарада және көлiкте мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлердi шығару;

3) қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге шекарадағы және көлiктегi ветеринариялық бақылау пункттерi мен бекеттерiнiң ветеринариялық инспекторларын қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;

4) ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс ету кiредi.

Slide 5

3. Облыстың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:

облыс аумағында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

облыстың аумағында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлердi басып шығару;

мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар беру;

қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге ауданның (қаланың) бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторын қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;

ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс ету кiредi.

Slide 6

3-1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:

республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға мiндеттi актiлер басып шығару;

мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар беру;

ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен ұсыну;

шеттету үшiн негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге аумақтағы ветеринария инспекторларын қызметтен шеттету туралы шешiм шығару кiредi.

Slide 7

4. Ауданның (қаланың) бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретiне:

ауданның (қаланың) аумағында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру;

мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық құжаттар беру;

қызметтен шеттетуге негiз болған себептер анықталғанға дейiнгi мерзiмге ауданның (қаланың) аумағында жұмыс iстейтiн ветеринариялық инспекторларды қызметiнен шеттету туралы шешiм шығару;

ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс ету кiредi.

Slide 8

Ветеринариялық

инспекторлардың

құқықтары

Slide 9

1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметi туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне заңдарда белгiленген тәртiппен кедергiсiз (қызмет куәлiгiн көрсетiп) кiруiне

2) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзуге;

3) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау жүргiзуге;

4) ветеринариялық құжаттар беруге;

5) осы заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;

6) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жүктер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органына хабарлауға;

7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.

Slide 10

Ветеринариялық

инспекторлардың

актiлерi

Slide 11

Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау нәтижелерi бойынша ықпал етудiң құқықтық шараларын қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын бұзушылықтың анықталуына байланысты ветеринариялық инспекторлар мынадай актiлер:

1) нұсқамалар:

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама;

мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргiзу туралы нұсқама;

жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшiн жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлi түрде вакцина егу, iндет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлiкте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзу туралы нұсқама;


Ұқсас жұмыстар
Мемветинспекторлармен толтырылатын нұсқамалар және әкімшілік құқық бұзушылық туралы ережелер және хаттамалар толтыру ережесі
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган
Алматы филиалы
ЖАНУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУҒА ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫ
БАҚЫЛАУ БЕКЕТТЕРІ МЕН ПОСТЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік бақылау жүргізу
Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы 1999 ж. 13 шілдедегі No 422-1 Қазақстан Республикасының Заңы
Мал шаруашылығында жалпы профилактикалық шараларды ұйымдастыру
ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
Құстарды автокөлікпен тасымалдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz