ДНҚ фрагментациясын анықтауда қолданылатын компонеттер




Презентация қосу
Тақырыбы: ДНҚ
фрагменттік тәсілге қажетті
реактивтер және аспаптар

Орындаған:
Тексерген:.
Мазмұны:

1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
а) ДНҚ фрагментациясын анықтауда
қолданылатын компонеттер
ә) ДНҚ фрагментациясын талдаудың жүру реті
б) Талдау нәтижелері
Пайдаланылған әдебиеттер
ДНҚ фрагментациясы – спермийлердің
ұрықтандыру қабылетін бағалайтын
көрсеткіш, аталық жануарлардың және
олардың спермийлерінің ұрықтандыру
қабылетін көрсететін аса маңызды бағалау.
ДНҚ молекуласының хроматинінің бүтіндігі
ұрықтану кезінде генетикалық
материалдарды беруде аса маңызды
көрсеткіш. Мұндай зақымданулар көп
болған сайын генетикалық материалдың
бүтінділігі төмен болып, ұрықтандыру
қабілеті нашарлайды.
ДНҚ фрагментациясының болу себебі –
түзілу кезіндегі ауытқу және
сперматозоиттың ескіруі, апаптоз. 30%
аталық малдың бедеулігі ДНҚ
фрагментация әсерінен болады.
ДНҚ фрагментациясы спермилерге қалай
әсер етеді?

• Жұмыртқалықты ұрықтандыру қабілеті
төмендейі,
• ұрықтансада түсік тасталады,
• қолдан ұрықтандырғанда төл дамуында
ауытқу болады.
Спермийлердің ДНҚ тұтастығы хроматиннің
күйіне байланысты, ДНҚның хроматинді
фрагментациясы әр түрлі оң факторлардың
әсерінен ұлғаяды, бұл спермийлердің
ұрықтандыру қабылетіне кері әсерін
тигізетіні белгілі.
Біз, шәует аталық бұқа спермийлерінің
ұрықтандыру қабылетін бағалау үшін Үнді
компаниясы шығарған
«ДНҚ-ны фрагментациялауға арналған
сперматозоидтардың хроматинді
дисперсиялық сынауы» жиынтығын
пайдаланамыз.
Аталық бұқалардыі спермийлерінің ұрықтану
қабылетін «ДНҚ Фрагментациясы » әдісімен
бағалау, жиынтық құрамына келесі компоненттер
кіреді:

• жабқыш әйнек,
• заттық шыны,
• агарозасы бар пробирка,
• I- реагент,
• II -реагент,
• 70%, 96% және 100% этил спирті,
• I- бояу,
• II-бояу
• буфер.
ДНҚ фрагментациясын талдау хаттамаға сәйкес жүргізілді:

1. Агарозасы бар пробирканы 15-20 минутқа 70С температурадағы экспозицияда су
моншасына қоямыз,
2. одан кейін 5 минут термостатта ұсталады, ондағы 37С
температурада қатар шәует үлгісі дайындалады,
3. физиологиялық ертіндіні қосу арқылы шәуеттің концентрациясын 1 мл-де 10-15
млн. кемітіледі.
4. Пробиркаға 60 мкл шәует құйып, бірнеше рет араластырылады,
5. одан кейін пробирканы термостатқа 370С температураға қойып,
1 кезең 6. шәуеттің агарозамен араласқан қоспасын пипетканың көмегімен заттық шыныға
15-20 тамшы тамызып,
7. үстінен жапқыш әйнекпен ұқыптап ауа көпіршіктері болмау үшін жауып,
8. заттық шыныны 5 минутқа -2-8С температурасы бекітілген тоңазытқышқа
орналастырамыз,
9. одан кейін жапқыш әйнекті ұқыптап алып тастаймыз.
1. Арнайы лотокқа заттық шыныны орналастырып үстіне 8- 10 мл I реагентті
құйып 7 минутқа қалдырамыз,
2. I-ші реагентті төгіп, заттық шыныны алып сүзгі қағаздың көмегімен кептіріп,
3. заттық шыныны лотокқа
орналастырып, үстіне 8-10 мл II реагентті құйып 20 минутқа қалдырамыз,
4. IIші реагентті төгіп,тазартылған сумен жуып, заттық шыныны кептіреміз,
5. заттық шыныны көлденең қалыпқа қойып, 1 мл 70% этил спиртін қосып, 2
минутқа қалдырамыз.
2 кезең 6. Содан кейін спиртті төгіп және осы процедураны 96%,
100% этил спирттерімен қайталаймыз. З
7. аттық шынының үстіндегі
жағындыға 500 мкл І-ші бояуды 2 минут және 1 мл ІІ-ші бояуды 10-15
минутқа қалдырып сіңдіреміз.
8. Жағындыны 7-10 минут ауада кептірген соң,
осылайша дайындалған жағындыны 40х есе ұлғайтылған микроскопта
иммерсиялық майдың көмегімен зерттейміз
Бұқа шәуетінің спермияларының
ДНҚ фрагментация денгейін
анықтау,
ұлғайту деңгейі 40х,

• ДНҚ фрагментацияға
ұшырамаған спермийлер -1,

• ДНҚ фрагментацияға
ұшыраған спермийлер -2,

• Дегенерацияға ұшыраған
спермийлер -3.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Е.С.Усенбеков, Ж.Ж. Бименова, Г.С.Шманов., Ж.С.Кузембаев., Р.М.Жумаханова. Ізденістер, нәтижелер,
№2 (78) 2018.
2. Ж.Ж.Бименова, Е.С.Усенбеков, Асыл тұқымы ірі ара малының репродуктивтік қызметін молекулярлық-
гентикалық тәсілдермен бағалау. Әдістемелік нұсқаулық. 2018
3. Е.С. Усенбеков, Ж.Ж.Бименова, Л.С. Аубекерова, Ж.С.Кузембаев, М.Е.Алимбекова, Ветеринариядағы
молекулярлық – генетикалық балау әдістері, 2019.

Ұқсас жұмыстар
САПАСЫН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІН ИГЕРУ
Генетикалық полиморфизмнің нуклеотид бірізділігінің полиморфизмі
Зерттеудің молекулалық - генетикалық әдістері
Саузерн бойынша блотгибридизациялау
Тасымалдаушы РНҚ
Максам Гилберт тізбектеу
Ген инженериясы молекулалық биологияның жаңа саласы
Адамның жыныс генетикасы
ДНҚ диагностикалық әдістер
Бактериофагтардың шығу тегі
Пәндер