Індет ошағы


Slide 1

Тақырыбы: Індет ошағының, қатер төнген аймақтың шекарасын анықтау. Территорияны індет жағдайы бойынша зоналарға бөлу

Орындаған:

Тексерген:

.

Slide 2

Індет ошағы - инфекция қоздырушысының бастауы (мысалы, туберкулез, бруцеллезде ауру мал) және берілу тетіктері әрекеттесетін кеңістік, қысқаша айтқанда, малдың ауруға шалдығу мүмкіншілігі бар зарарлы территория (аумақ) .

Slide 3

Індет ошағы

жаңа

өше бастаған

тұрақты

табиғи

Slide 4

Індет ошағына жататындар:

инфекция қоздырушысының бастауы,

тасымалдаушылар;

берілу факторлары (көң, төсеніш, шу) арқылы зарарланған ауру мал оқшауханасы, қоралары, аулалар, жайылым, т. б. территориялар;

Сондай-ақ инфекциялық ауру мал жайылған жайылымдар да кіреді.

Індет ошағының шекарасы ауру қоздырушысының бастауы, берілу тетіктері және тасымалдаушылардың орналасуына байланысты анықталады.

Slide 5

Кең алқапта орналасқан ірі сиыр шаруашылығында індет ошағының ядросы анықталды. Індет ошағының ядросы ауру мал тұрған орын болып табылады.

Індеттен сау емес пункттегі індет ошағы сыртында орналасқан территория қатер төнген аймақ болып есептелінеді.

Індеттен

сау емес

пункт

Slide 6

Ветеринарияда қалыптасқан анықтамада «Індеттен сау емес пункт» ретінде аймақтық әкімшілік (ауылдық, поселкілік) немесе шаруашылық бірлігі (жеке шаруа қожалығы, т. б. меншік иелері) алынған, яғни індеттен сау емес пункт ретінде әкімшілік немесе шаруашылық территориялары есептеліп, оларда карантиндік, ветеринариялық-санитариялық шараларды орындау қажеттілігі айтылған (Бакулов И. А., Третьяков А. Д., 1979) .

Slide 7

«Індеттен сау емес пунктті» анықтаудың басқа бір жақын аналогы практикаға ұсынылған. Оған елді мекеннің (ауыл, қыстақ, т. б. ), шаруашылықтың территориялары (жайылымдар, егістік, суаттар және т. б. ) және аудан, облыс, мемлекет аралық мал айдау трассалары мен уақытша қолдану территориялары жатқызылған. Біреуінде ғана індет ошағы анықталса, барлық территория індеттен сау емес деп есептелген (Джупина С. И., 1991) .

Slide 8

Соңғысының кемшілігі үлкен елді мекенде немесе басқа да аудан, облыс (республика) аралық бірлесіп пайдалану территориясында бірнеше мал фермалары орналасуы мүмкін. Бұлардың бірінен індет ошағы анықталса, шаруашылық бірлестіктері сау емес деп жариялануы қажет.

Індеттен сау емес пункттің құрамы, олардың шекаралары дұрыс белгіленбей, ауру шыққан елді мекеннің (ауыл, поселок, т. б. ) шаруашылықтың (ұжымдық, мемлекеттік, жеке меншік) кең алқапта орналасқан әкімшілікке қарасты барлық территориясына тұтастай карантин немесе шектеу жарияланып, кең ауқымды территорияда сауықтыру шаралары жүргізілген.

Мұндай ауқымды аурудан сау емес пунктті сауықтыру көптеген қаражатты қажет етеді. Бұған төменде мысал ретінде көрсетілген бруцеллезден сау емес пунктті індеттанулық зерттеу нәтижелері дәлел бола алады.

Slide 9

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы “Қабанбай” ауылдық округi оңтүстiгiнде Алматы облысымен, шығысында Қытай мемлекетiмен, солтүстiгiнде Қарабұлақ ауылдық округымен шектеседi. Ауылдық округтың әкiмшiлiк территориясы 80-100 шақырымдық кең алқапты қамтыған, орталығы “Жарбұлақ” ауылы Алакөлдiң шығысында орналасқан. Ауылдағы “Жарбұлақ” совхозы таратылып, үлкендi-кiшiлi 40- тан аса жеке шаруа қожалықтары құрылған. Бұл ауылдағы жеке сектордағы сиыр малы 10 табын болып құралып, сәуiрден желтоқсан айына дейiн 44 жайылымдарда бағылады. 1. 07. 2001 жылы жүргiзiлген iндеттанулық зерттеу кезiнде, ауылдық округтiң статистикалық есебiнде: 8921 қой-ешкi, 280 жылқы, 2644 сиыр тiркелген, соңғысының 874-i сауын сиыр, 47-сi бұқа, 153-i ұрықтандыру жасындағы тайыншалар және 843-i бiр жасқа дейiнгi бұзаутайыншалар. Бұл округте “Жарбұлақ” ауылынан басқа, мал ұстайтын 32 елдi мекен бар. Ауылдық округ орталығынан ең алысы “Жалаңашкөл” маңында орналасқан “Алтыншы” және “Қарағаш” елдi мекендерi, бұларда малдың толық санаққа алынбағаны, таңбаланбағаны және бруцеллезге қарсы арнайы шаралармен толық қамтылмағаны белгiлi болды.

Slide 10

2000 жылы бруцеллезге тексерiлген 1778 сиыр малының 17-сi бруцеллезге шыққан (“Құмғанбаев”, “Қойшыбай” шаруа қожалықтарынан 6, қалғандары Жарбұлақ ауылы тұрғындарының аулаларынан) . 2001 жылы сәуiр, мамыр айларында зерттелген 1809 малдың 46-сы ауруға шығып, сойылған. Бруцеллез мал анықталған табындарда аурудың клиникалық белгiлерi (iш тастау, т. б. ) байқалмаған. Ауруға шыққан малдардың қан сарысуларында агглютинин титрлерi: 16-сында 1:400, 10-ында 1:200, 13-iнде 1:100, ал комплемент байланыстырушы антидене тирлерi 1:5-1:160 сұйылтындыларда 12 малда анықталған. Бруцеллездiң iндет ошағы ауылдық округке қарасты “Қарағаш”, “Алтыншы” елдi мекендерiнде орналасқан “Қойшыбай”, “Бағатай”, “Ахметжан” шаруа қожалықтары мен “Жарбұлақ” ауылынан анықталған. Округтағы басқа 25 шаруа қожалықтары бруцеллезден таза болған, олардың iндет ошағындағы табындардан бөлек жерлерде бағалатыны, бiрақ қыс айларында қыстақтардың жақын орналасуына байланысты мал жайылған жағдайда, олардың араласып жататыны белгiлi болды. Ауданның ветеринариялық есептерiнде, бруцеллез мал шыққан ауылдағы барлық қора-жай механикалық тазаланып, күйдiргiш натрдың 2- 3%-ды ыстық ерiтiндiсiмен дезинфекцияланып, жаз айларында санацияланған. Ауылдық округте сиыр малының бруцеллезге шалдығуы 3, 8% құрайды.

Slide 11

30 мамыр 2001 жылы аудан әкiмiнiң №326 шешiмi негiзiнде, iндет ошағының 3 елдi мекенде ғана анықталуына қарамастан, 60 шақырымдық аумақта орналасқан “Қабанбай” ауылдық округы тұтастай бруцеллезден сау емес деп жарияланып, карантин қойылған. Ауылдық округте жүргiзген iндеттанулық зерттеу нәтижелерi негiзiнде, бұндай кең ауқымды территорияны 1 жыл iшiнде сауықтыру өте күрделi. Округке қарасты елдi мекендердегi шаруа қожалықтары мен жеке сектордағы табындардың 8 ай бойы жайылымдарда қосылмай бағылуларына байланысты, сауықтыру шараларын әкiмшiлiкке қарасты барлық территория шеңберiнде емес, бруцеллез анықталған жеке табынның орналасу бойынша жүргiзiлуi қажет едi. Яғни сау емес пункттегi бруцеллез мал орналасқан “Жарбұлақ”, “Алтыншы”, “Қарағаш” елдi мекендерiне карантин қойылып, бруцеллезден таза шаруа қожалықтары мен жеке меншiкке қарасты 5 сиыр табыны орналасқан территория - қатер төнген аймақ ретiнде саналып, бiрiншiсiнде - сауықтыру, екiншiсiнде - iндеттiң таралмауы үшiн шектеу шаралары жүргiзу керек болатын. Бұндай iндеттiк жағдайларды басқада созылмалы түрде өтетiн инфекциялық ауруларда (туберкулез, лептоспироз, т. б. ) көптеп көрсетуге болады.

Slide 12

Сонымен “Iндеттен сау емес пункт” шекарасын ауылдық округтың немесе шаруашылықтың әкiмшiлiк территориясы бойынша емес, нақтылы жағдайда iндет ошағы мен қатер төнген аймақтан тұратын кеңiстiк ретiнде қарастыру қажет. Iндет ошағында сауықтыру, ал қатер төнген аймақта дауалау шараларын жүргiзу арқылы iндеттен сау емес пункттен арылу шараларының нәтижелiгiн қамтамасыз етуге болады.

Slide 13

Індеттен сау емес пункттің топографиялық картасы жасалынады. Онда қатер төнген аймақтың, індет ошағының, қажет болса оның ядросының (мәйегінің) шекаралары белгіленіп, оларда орналасқан мал саны көрсетіліп, індет ошағына қойылатын карантиндік бекеттердің, дезинфекциялық тосқауылдардың, қоршаулардың орындары, айналма жолдар белгіленеді.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы аурулардың табиғи ошағы, құрылымы, түрлері және олардың шекарасын анықтау
Жіті өтетін ауру ошақтарын жоюды жоспарлау
САРЫПТЫҢ ІНДЕТ ОШАҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШАРАЛАР
Індеттанулық балау
Жұқпалы аурулардан таза емес шаруашылықтың мекеніндегі ветеринарлық санитарлық шаралар
Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі
ҚҰС ТҰМАУЫ
Жеке індеттану
Тешен ауруының қоздырушысы
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. 2. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz