Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері



№ 11 дәріс тақырыбы: Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері
Жоспар:
1. Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік.
2. Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу.
3. Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері


Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я. А. Коменский қалаған. Ғұлама- педагог пікірінше, оқудың негізі - табиғи сəйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сəйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. А. Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмұнына; 2) оқытушыларға; 3) оқушыларға қатысты болды. К. Д. Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уақытқа сай болуы, бірізділік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі, анықтығы, оқушылардың дербестік əрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңіл болмауы, дұрыстық.

Неміс педагогі Э. Мейман бірнеше ерекше заңдарды негіздеп, ұсынды:

Жалпы заңдылықтар қалаған білім беру процесіне тəн болып, оқудың бүкіл жүйесін қамтиды. Олардың арасында аса көп еленетіндері:


Жеке (нақты) заңдылықтар оқу жүйесінің кейбір тараптарына орай іске қосылады. Оқу процесінің жеке (нақты) заңдылықтары:

Ережелер мұғалімге қандай да бір жағдайларда нақты əрекеттерді жасауға сілтеме беріп, белгілі бір талаптарды орындауға бағыттайды. Ал бұл нұсқаулардың қалай орындалуы мұғалімге тəуелді. Мысалы, оқушы сабақ басына кешігіп, сыныпқа қоңыраудан соң кіріп келді. Мұндай жағдайда мұғалім ережеге сай оқушыға қандай да ықпалды əрекет жасауы қажет, себебі тəртіп бұзу ескерусіз қалмауы тиіс. Ал бұл ескерту қалай орындалады- оның жолы бүтіндей жəне толығымен нақты ситуацияға, оқушы тұлғасына, мектепте қабылданған тəртіптерге, қалыптасқан қатынастарға жəне көптеген басқа да себептерге байланысты

ДИДАКТИКАЛЫҚ
ПРИНЦИПТЕР

Саналылық жəне белсенділік принципі негізінде ғылым тарапынан анықталған заңдылық тұжырымдары жатыр. Білім мəні оқушының өз ақыл-ой белсенділігі арқасында игерілген терең де əрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше
шарттар мен жағдаяттарға тəуелді: оқу мотивтері, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипаты, танымдық іс-əрекетті басқару жəне оқу тəрбие процесін ұйымдастыру, мұғалім қолданған əдістер мен оқу жабдықтары жəне т. б. Оқушының өзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу материалын терең əрі берік игеруде пəрменді ықпал жасайды
Көрнекілікпен оқыту принципі. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді əртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру органдарының аса жоғары сезімталдығына ие; рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру органдарынан (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез жəне берік бейнеленіп қалады

Жүйелілік жəне бірізділік принципі келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың басты тəсілі - белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі логикасымен жəне оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу процесінің тиімді əрі жоғары нəтижеге жетуі ол процесте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сəттердің болмауына жəне бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тəуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар логикалық ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-əрекетінде үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйелілік жəне бірізділік сақталмаса, оқушылардың даму процесі бəсеңдейді

Беріктік принципі келесідей заңдылықтарға негізделеді: мазмұнын игеру жəне оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы - оқу процесінің бір-біріне байланысқан екі тарапы; игерілген оқу материалының беріктігі объектив жағдаяттарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен құрылымына ғана тəуелді болып қоймай, оқушылардың сол пəнге, материалға, мұғалімге деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, əрқилы оқу түрлері мен əдістерін пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзіміне байланысты келеді; оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие: қандай да материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал берік орнығады жəне ұзақ сақталады
Түсініктілік принципі оқытудың көп ғасырлық тəжірибесі талаптарынан туындайды: бұл, бір жағынан - оқушылардың жастық даму заңдылықтарына байланысты келсе, екінші жағынан - дидактикалық процесті оқушылардың даму деңгейімен сəйкестендіре ұйымдастыру жəне іске асыруға тəуелді. Бала өзінің ойлау деңгейіне,
жинақтаған білімі, ептілігі, ойлау тəсілдеріне сəйкес келген дүниені ғана түсіне алады. Түсініктілік принципін іске асыруда қажет, өз уақытында Я. А. Коменский өрнектеген классикалық ережелер: жеңілден-қиынға, белгіліден-белгісізге, қарапайымнан-күрделіге өту

Ғылымилық принциптің талабы - оқушылар игеруіне ғылым тарапынан анықталған білімдерді ұсыну. Мектептік білімденудің де міндеті осы ғылыми білімдерді игертуге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп білімінің мазмұнына жəне оны қалыптастыру принциптерін қатаң ұстануына; мұғалімдердің
мазмұнды толық іске асыра алуына тəуелді; қабылданған білімдердің ғылымдық сипаты оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пəн аралық байланыстарда іске асып барады
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz