Жобалық операция - жобалық процедураның бөлігі ретінде саналатын және жобалық шешім фрагментін алумен аяқталатын жобалаушы әрекеттерінің жинағы



Автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ)
Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Химия факультеті
Орындаған: Тоқтар Ғасырбек
ТФП-320 топ студенті
Факуьтеті: Химия
Тексерген: Абсат Зәуре Бакиқызы
Қарағанды 2021ж
Именем Е. А. Букетова.
Карагандинская область
Университет
Химический факультет

Кіріспе
Автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ) - жобалау функцияларын орындайтын ақпараттық технологияны іске асыратын автоматтандырылған жүйе. Персоналдан және автоматтандырудың техникалық, бағдарламалық және басқа құралдарынан тұратын жобалау үрдісін автоматтандыруға қажет ұйымдастырушы-техникалық жүйе болып саналады.
Автоматтандырылған жобалау жүйесіне түрлі түсініктер беріледі.

Жобалық операция - жобалық процедураның бөлігі ретінде саналатын және жобалық шешім фрагментін алумен аяқталатын жобалаушы әрекеттерінің жинағы.
Жобалық шешім - жобалық процедураны аяқтау үшін қажетті және жеткілікті жобалау объектісінің аралық ннемесе ақырғы түсініктемесі.

Жобалауды автоматтандыру түсінігі
Автоматтандырылған жобалау жүйесін ағылшын тіліне аударғанда CAD аббревиатурасын жиі қолданады.
ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының соңында Массачусетс технологиялық институтында (АҚШ) алғашқы рет CAD түсінігі пайда болды. Сол ғасырдың 70-ші жылдары ол есептеу техникасын қолданып, құрастыру жұмыстары технологиясының халықаралық белгіленуі ретінде таралды. Мұнда CAD ретінде машиналық графика құралдарымен мәліметтерді өңдеу мағынасы түсіндірілді.

Мысалы:
CAE (Computer Aided Engineering) - инженерлік есептерді автоматтандыру, физикалық үрдістерді талдау және имитация жасау құралдары;
CAM (Computer Aided Manufacturing) - өндірісті технологиялық дайындау құралдары, жабдықтарды сандық бағдарламалық басқарумен (ЧПУ) қамтамасыз етеді. «Өндірісті технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесі» деп те аталады;
CAQ (Computer Aided Quality Assu) - сапаны бақылаудың автоматтандырылған жүйесі;

Бұлар автоматтандырылған жобалау жүйелерінің жоғарғы деңгейдегі түрлері болып табылады. Олар, өндірістерді құрастыруға жақын салаларды белгілеу үшін қолданылады.
Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің басым көпшілігі жобалаудың түрлі аспектілеріне жататын есептерді шешуге бағытталған. Мұндай жүйелерді кешенді немесе тұтасталған CAD/CAM, CAD/CAE, CAD/CAE/CAM деп атайды.

CAD, CAE технологиясы

2. АЖЖ құрамдастары және қамтамасыз етулері
Әрбір ішкі жүйе өз кезегінде жүйенің қызметін қамтамасыз ететін, анықталған функцияларды орындайтын құрамдастардан тұрады. Бір типті құрамдастардың жинағы АЖЖ-нің қамтамасыз ету құралдарын құрайды. АЖЖ қамтамасыз ету түрлеріне жатады:

Математикалық қамтамасыз ету (МҚ) - автоматтандырылған жобалау есептерін шешуде пайдаланатын математикалық әдістер, моделдер және алгоритмдер жинағы. Қажеттілігі және жүзеге асыру амалы бойынша екіге бөлінеді:
математикалық әдістер және соларға құрылған математикалық моделдер;
автоматтандырылған жобалау технологиясының қалыптастырылған түсініктемесі.

Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) жалпыжүйелік және қолданбалы түрлеріне бөлінеді:
1. қолданбалы БҚ жобалық процедураларды тікелей орындау үшін математикалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Қолданбалы бағдарламалар пакеттері түрінде іске асырылады. Анықталған жобалау сатыларына қызмет жасайды немесе түрлі сатылар ішіндегі біртипті есептер тобын (құбырларды жобалау модулдері, схематехникалық моделдеу пакеттері, жобалаудың геометриялық шешімдері) шешу үшін қажет;

2. Жалпыжүйелік БҚ техникалық қамтамасыз ету құрамдастарын және қолданбалы бағдарламалардың қызметін қамтамасыз етуді басқару үшін қажет. Жалпыжүйелік БҚ құрамдасының мысалы ретінде операциялық жүйені қарастыруға болады.

Техникалық қамтамасыз ету (ТҚ) -
бір бірімен байланысқан және өзара қимыл жасайтын техникалық құралдар жинағы (ЭЕМ, перифериялық құрылғылар, желілік жабдықтар, байланыс тізбектері, өлшеу құралдары) .

Ақпараттық қамтамасыз ету (АҚ) - жобалауды орындау үшін қажет деректер жинағы. Стандартты жобалық процедуралар түсініктемесінен, типтік жобалық шешімдерден, жасақтаушы бұйымдардан және солардың моделдерінен, жобалау ережелерінен және нормаларынан тұрады. АЖЖ АҚ негізгі бөлігі - мәліметтер базасы.

Лингвистикалық қамтамасыз ету (ЛҚ) - жобаланатын объект, жобалау үрдісі және құралдары жөнінде ақпарат беру үшін АЖЖ-де пайдаланатын тілдер жиынтығы. Сонымен қатар, жобалаушы және ЭЕМ арасындағы сұхбатты және АЖЖ техникалық құралдары арасындағы мәліметтер алмасуды іске асырады. Табиғи тілдің терминдерін, анықтамаларын, қалыптастыру ережелерін, нығыздау және ашу әдістерін қамтиды.

Әдістемелік қамтамасыз ету (ӘҚ) -
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz