ЗЕЙІН ЗЕЙІННІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ



Психикалық процестер(Зейін, Түйсік, Қабылдау, Ес, Ойлау, Сөйлеу, Қиял)
Орындаған: Тұрмұхамбет Аружан
Қабылдаған: Мусина Гулмира Мерлатовна
Халел Досмухамедов атындағы Атырау университеті
Инновациялық білім беру факультеті
Логопедия 207 топ

ЖОСПАРЫ
1. Зейін
2. Түйсік
3. Қиял
4. Ес
5. Ойлау

ЗЕЙІН

ЗЕЙІННІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ. 3ейіннің физиологиялық негізін академик павлов нерв процессінің өзара индукция заңына байланысты түсіндіреді. Егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, соған байланысты қалған алабтарда тежелу пайда болады. Зейін пайда болу үшін борлау деп аталатын рефлекстің мәні зор. Ол қошаған ортаның қандай да болмасын өзгеруіне органиканың туа біткен реакциясы.

Ырықты зейін деп - адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз. Ырықты зейін тек адамға ғана тән.

Ырықсыз зейін деп - адам мақсат қоймай-ақ әсер еткен құбылыстарға назар аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің пайда болуына объективті және субъективті факторлар әсер етеді.
Объективті факторға жататындар:
1) Күшті әсер еткен тітіркендіргіш.
2) Жай нәрсенің әсер етуі.
3) Әсер етуші тітіркендіргіштердің қайшы келуі.
4) Өзіміз көріп жүрген заттардың дағдыдан тыс өзгеруі.
Субъективті факторлар:
1) Адамның ішкі зезіміне, түсіндіруге байланысты.
2) Сыртқы тітіркендіргіштердің организмнің ішкі талаптарына сай келуі.
3) Адам бір нәрсені күтіп тұрса, онда назар аударады.

Үйреншікті зейін деп - басында ырықты болып, кейін әркімге табиғи сіңісіп кеткен іс-әрекетке зейіннің аударылуы.

ЗЕЙІННІҢ ҚАСИЕТТЕРІ. 1) Зейіннің тұрақтылығы, оның бір объектіге ұзақ уақыт сақталуын көрсетеді. 2) Зейіннің алаң болушылығы. Ол зейіннің ауытқуынан көрініс береді. 3) Зейіннің аударылуы деп - бір объектіден екінші объектіге назар көшіруді айтамыз. Зейін аударылуы ауытқудан айырмашылығы оның саналы түрде болуында. 4) Зейіннің бөлінуі адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығы. 5) Зейіннің көлемі деп - оның бір уақыт ішінде қамтитын объектілер санын айтамыз. Зейіннің көлемі танистоскоп деп аталады. Прибор арқылы анықтауға болады. Танис - тез, скопио - көру деген мағынаны білдіреді.

ТҮЙСІК - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелер.

ТҮЙСІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН КЕЛЕСІ ӘРЕКЕТ-ҚИМЫЛДАРДЫ ІСКЕ АСЫРАДЫ:
Бейнелейді;
Заттар мен құбылыстардың негізгі сырттай белгілерін;
Ішкі ағзалардың қалпын.
Тітіркенуді қабылдаушы қызметін;
Өткізуші орталыққа ұмтылған жүйке жолдарының қимылын;
Талдағыштардың орталық ми қабығы бөліктеріндегі әрекетін.

Түйсіктің физиологялық негіздері күрделі комплекстерден тұрады. Оны И. П. Павлов анализатор дейді.

Әр анализатор 3 бөліктен тұрады.
1. ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ - сезім мүшелері
( рецепторлар)
2. ӨТКІЗГІШ БӨЛІМ - рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар.
3. МИДАҒЫ ТҮРЛІ ЖҮЙКЕ ОРТАЛЫҚТАР.

Түйсіктің
заңдылықтары
Сезгіштік және
табалдырық
абсолюттік айырма
Адаптация -
біртіндеп бейімделу
Сенсибилизация-
сезгіштіктің артуы
Синестезия- сүйсіктердің
қосарлана жүруі
Бір ізді образдар-
аз уақытқы болса
да түйсіктің өз күйінде қалуы

ТҮЙСІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
Экстрорецепторлар
(сыртқы анализатор рецепторлары)
Көру, есту, иіс, дәм сезу, температуралық, тактильді.
Интероцепторлар(Ішкі процестерге байланысты)
Ауыстыру,
Теңдікті сузіну
Жылдамдық байқау
Пропреоцепторлар(ден енің кңістіктегі қалпы жөніндегі ақпараттармен қамтамасыз етеді)
Бұлшық ет,
қозғалыстық

Қиял - сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «. . . барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби) . Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады
Ес- адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:

Ойлау- объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді

Назарларыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz