Салықтардың экономикалық мәні мен табиғаты: функциялары мен ұйымдастыру қағидаттары


Slide 1

«Қаржы, есеп және бағалау» кафедрасы

Оқытушы : Тусупбаева А. Д.

№1. Салықтардың экономикалық мәні мен табиғаты

Slide 2

Жоспар

1. Салықтың обективті қажеттілігі,

2. Салықтардың қалыптасуындағы мемлекеттің маңызы,

3. Салықтың қызметі.

Slide 3

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Slide 4

Қазақстан Республикасы Конституциясыньщ 35-бабында: заң-ды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды жөне өзге де мівдетгі төлемдерді төлеу әркімнің борышы өрі міндеті болып табылады, -деп жазылған.

Slide 5

Салықты үтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын А. Смит үсынған еді. Олар мыналар:

1) салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты) ;

2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дөл анықталуы керек (анықтылық қағидаты) ;

3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғүрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс қолайлылық қағидаты) ;

4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнемділік қағидаты) .

Slide 6

Қазіргі кезде салық фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

Slide 7

Фискалдық функция - барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Slide 8

Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олар-дың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық үдайы өндірістің қүрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен түтыну көлеміне ықпал етеді.

Slide 9

Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-өрекетінің ауқымы жалпы үлтгық енімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол үлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі және бюджет жүйесінің құрылымы, функциялары мен қағидаттары (Қазақстан)
Мүлік салығының функциялары мен қағидалары: экономикалық мәні
Қаржы жүйесі: анықтамасы, құрылымы, функциялары және ұйымдастыру қағидаттары
Кәсіпкерлік: мәні, функциялары, субъектілері мен объектілері, мақсаттары және ұйымдастыру қағидалары
Сақтандырудың экономикалық мәні, функциялары және қағидалары
Салық құқығы: салықтардың функциялары, жинау әдістері және жіктелуі
Салық ұғымы, әлеуметтік-экономикалық мәні және салық жүйесін ұйымдастыру
Философиялық антропология: адамның табиғаты мен мәні
Қаржы нарығы: экономикалық мәні, функциялары және құрылымы
Кәсіпорын табысының ұғымы, экономикалық мәні және функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz