Кәсіпорынның қаржысының банкроттық жағдайы


Slide 1

Кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігін бақылау

Slide 2

КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БАНКРОТТЫҚҚА ҰШЫРАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Банкроттық деген сөз барлық қызығушы тұлғалар үшін белгісіздікке әкелетін фирманың, банктың, ұйымның қызметінің жойылуын білдіретіндіктен жиі қорқыныш пен үрей туғызады.

Бірақ, бұл тек банкроттықтың салдары ғана. Іс-жүзінде нарықтық экономикада банкроттықтың ролі зор және кең.

Біріншіден, нарықтық экономика жағдайында банкроттық экономиканы сауықтыру құралы және экономиканы сауықтыруға, мемлекет пен кэсіпкерлердің мүддесін қорғауға бағытталған. Банкроттық процедураларын арқасында, мысалы Қазақстанда осы процедураларға қамтылған кәсіпорындардың жартысы өндірісін жаңғыртады.

Екіншіден, банкроттық - нарықтық экономикаға тән объективті экономикалық құбылыс.

Банкроттық, әруақытта кәсіпкерліктің соңғы нәтижесіне жетудің белгісіздігімен демек, жоғалтулар тәуекелімен түйіндес, нарықтық қатынастар мәнімен алдын-ала анықталған.

Үшіншіден, өтпелі экономика жағдайында банкроттық көптеген мәселелердің шешілуіне, сонымен қатар өтелмеген төлемдер, өндіріс дамуына жәрдемдеседі. Сондықтан да ол ұлттық өндірістің құрылымдық бөлігі болып табылады.

Slide 3

Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептері ретінде келесілерді келтіруге болады:

1) шаруашылық жүргізумен байланысты объективті себептер:

- қаржылық, ақшалай, несиелік, салық жүйесінің, экономиканы реформалаудың нормативті және заңды базасының жетілмегендігі;

- инфляцияның біршама жоғары деңгейі.

2) тікелей шаруашылық жүргізуге қатысты субъективті себептер:

- басшылардың банкроттықты көре алу және оны болашақта болжаудағы қабілетсіздігі;

. - сұраныстың нашар зерттелуі салдарынан сату көлемдерінің төмендеуі, өткізу торабының, жарнаманың болмауы;

- өндіріс көлемдерінің азаюы;

- өнім сапасы мен бағасының төмендігі;

- кейбір өнім түрлері багаларының аналогиялық, бірақ жоғары сапалы импортты бағаларға жақындығы;

- өтелмеген жоғары шығындар;

- өнімнің төмен рентабельділігі;

- өндірістің өте үлкен циклы;

- көп қарыздар, өзара өтелмеген төлемдер;

- басқарудың көне мектеп менеджер-өкілдерінің нарық қалыптасуының тұрақты нақтылығына әлсіз бейімділігі, олардың жоғары сұранысқа ие өнім шығаруды орнатудағы ынталарын көрсете алмауы, тиімді, бағалық және инвестициялық саясатты таңдай алмауы;

- кәсіпорын капиталы ұдайы өндірісінің экономикалық механизмінің тепе-теңдігінің бұзылуы.

Slide 4

Кәсіпорынның қаржылық және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің мүмкіндігі және объективті қажеттілігі

Кәсіпорынның қойылған максатқа жетуі оның өндірістік жүйесінің барлық элементтері жұмыс істеген кезде, өзара реттеліп балансталған жағдайда ғана мүмкін болады. Нарықты жағдайда кәсіпорын өзінің ішкі және сыртқы ортасымен спецификалық ерекшеліктермен байланысқан, күрделі, ашық өндірістік-экономикалық жүйені сипаттайды. Кәсіпорының ішкі ортасы өндірістің келесідей төрт элементінің үнемді және жұмысқа қабілетті сәйкестігін қамтамасыз ететін жағдайлық факторлармен ұйымдастырушы құрылымды сипаттайды: таза еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары және олардың жағдайын сипаттайтын ақпарат.

Кәсіпорынның сыртқы ортасы - бұл кәсіпорынның нәтижелілігіне әсер ететін кәсіпорынға қатысты айнымалылар.

Сыртқы орта факторлардың өзара байланыстылығымен, күрделілігімен, қимылымен, белгісіздігімен, сонымен қатар ішкі ортаға тікелей және жанама іс-әрекетімен сипатталады. Сыртқы құрылымның сипатты ерекшелігі болып оның тұрақсыздығы табылады, өйткені оның кез-келген өзгерісі кәсіпорынның ішкі ортасына әсер етіп, жағдайының өзгеруін талап етеді. Сыртқы орта жағдайының өзгерісі кәсіпорынның ішкі ортасына әсер етеді.

Slide 5

Дағдарыс факторлары болуы мүмкін: өнім сапасының төмендігі, технологиялық тәртіптің бұзылуы, кредиторлық борыштың үлкен көлемдері. Дағдарыс себептері болуы мүмкін: республикадағы жалпы экономикалык жағдай, біліктілікті орындаушылардың болмауы, ынталандыру жүйелерінің жетіспеушілігі; ал дағдарыс себептеріне теріс тенденциялардың алғашқы белгілерінің пайда болуын және осы тенденциялардың тұрақтылығын жатқызуға болады.

Кәсіпорын дамуында әртүрлі өзінің фазаларымен байланысатын немесе таралатын көптеген циклдар бар. Дағдарыс мүмкіндігі және оның болу ыктималдылығының артуы кәсіпорын дамуының өтпелі кезеңінде, даму циклдары сатысы арасында кезеңдерде болады. Бұл сатыларды кәсіпорынның біріншіден екіншіге өтудің аралық процестер ретінде қарастыруға болады.

Дағдарыс жағдайлары кәсіпорынның өмірлік циклының барлық сатыларында пайда болуы мүмкін. Бірақта дағдарысқа қарсы басқару өмірлік циклдың белгілі бір сатысында, өндірістің күрт төмендеуі жағдайында ғана басталады.

Slide 6

Дағдарыс жағдайында тұрған кәсіпорынның болашағы жоқ екенін ескеру қажет. Егер үш айдан соң кәсіпорын банкроттық туралы арбитражды процесс бойынша жауапшы болып шықса, онда кез келген жоспарлары абстрактілі сипатқа не болады. Егер кәсіпорын дағдарысты жеңе алса, онда оның болашағы болады, және ол «дағдарысқа дейінгі» жағдайдан өзгеше болады, бұрынығыдан сақтану үшін бас тарту керек болады. Осылайша, кәсіпорын дағдарысы қоршаған орта параметрлеріне оның қаржылық-шаруашылық переметрлерінің сәйкессіздігінен болады, ол өз кезегінде дұрыс емес стратегиямен, және нарық талаптарына әлсіз бейімделуімен түсіндіріледі.

Дағдарысқа қарсы басқару құралы болып кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қайта қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені кіретін тұрақтандыру бағдарламасы табылады. Бұл жерде дағдарысқа қарсы басқарудың принципиалды ерекшеліктері бар екендігін ескеру қажет.

Slide 7

Кәсіпорынның қаржысының банкроттық жағдайы

Бөлім материалын терең түсіну үшін банкроттық процедурасымен байланысты терминологиямен білу керек.

Қарызгер немесе кредиторлар.

Қарызгер бұл кредиторлардың ақшалай міндеттемелер бойынша талабын қанағаттандыра алмайтын немесе белгіленген мерзім ішінде міндетті төлемдерде төлеу міндеттемесін орындай алмайтын азамат, соның ішінде жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.

Қарызгер жетекшісі - заңға сәйкес заңды тұлғаның атынан сенімхатсыз қызметін жүргізе беретін заңды тұлғаның атқарушы органы және басқа да тұлғалар.

Қарызгер жұмысшыларының өкілі - банкроттық процедурасы жүргізілгенде жұмысшылардың мүддесін көрсету үшін құзіретті тұлға.

Slide 8

Міндеттемелер мен міндеттер.

Ақша міндеттемесі - қарыз адамның кредиторға белігілі бір ақша сомасын азаматтық құқықтық келісім және ҚР Азаматтық кодексімен қарастырылған басқа да негіздер бойынша төлеуге міндетті.

Ақша міндеттемелерінің құрамына кіреді:

өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қарыз;

қарыз - адам төлеуі қажет пайыздарды ескергендегі займ сомасы.

Міндеттемелерге кірмейді:

денсаулығы мен өміріне нұқсан келтірілген нұқсан үшін азаматтар алдында;

авторлық сыйақыны төлеуі бойынша;

мұндай қатысудан туындайтын қарыз кәсіпорынның құрылтайшылары алдында.

орындауға жатпайтын немесе орындалмаған ақша міндеттемелері үшін айыппұл, өсімпұлдар; олар сондай - ақ міндетті төлемдер мөлшерін анықтауда ескерілмейді.

Slide 9

Міндетті төлемдер - заңмен белгіленген тәртіпте бюджеттің сәйкес деңгейіне және бюджеттен тыс қорларға түсетін салықтар, алымдар немесе басқа міндетті жарнамалар. Міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер мен міндеттердің құрамы мен мөлшері арбитражды сотқа қарыз кәсіпорынды банкрот деп танып, арыз берген сәттен бастап анықталады. Ақша міндеттемелерінің мөлшері сот шешімімен немесе құжаттармен бекітілуі керек.

Мараторий - қарыз кәсіпорынның ақшалай міндеттемелерді орындауын және міндетті төлемдерді төлеуін тоқтату.

Банкроттық процедурасы.

Сотқа дейін санация - бұл банкроттыққа ескерту мақсатында меншік иелері, құрылтайшылар немесе басқа да тұлғалар қарыз кәсіпорынның төлемқабілеттілігін қайтару бойынша өткізетін шаралар.

Бейбіт келісім - бұл қарыз кәсіпорын мен кредиторлардың арасында төлемдерді кейінге қалтыру немесе қарыздан женілдік жасау үшін келісімге жету процедурасы.

Slide 10

Бақылау - бұл қарыз кәсіпорынды арбитражды сот банкрот деп танығанда (жүргізілетін) қарыз кәсіпорынның мүлкін сақтау үшін қолданылатын банкроттық процедурасы. Бақылау арбитражды сот қарыз кәсіпорында банкрот деп танып, конкурстық өндірісті ашық деп немесе сыртқы басқаруды енгізген немесе бейбіт келісімді бекіткен сәттен бастап тоқтатылады.

Сыртқы басқару (соттық санация) - бұл қарыз кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін және оны басқару құзыретін сыртқы басқарушыға беру үшін қолданылатын банкроттық процедурасы.

Конкурстық өндіріс - банкрот деп танылған қарыз кәсіпорынға кредиторлардың талабын мөлшерлеп қанаағаттандыру мақсатында қолданылатын банкроттық процедурасы.

Конкурстық масса - бұл конкурстық өндірістің ашылу сәтінде бар және оның үрдісінде анықталаған қарыз кәсіпорынның барлық мүлкі.

Арбитражды басқарушы ( уақытша, сыртқы, конкурстық) - бұл арбитражды сот банкроттық процедурасын жүргізу немесе басқа да құзыреттерді жүзеге асыру үшін тағайындайтын тұлға.

Уақытша басқарушы - оны арбитражды сот қарыз кәсіпорынның мүлкін сақтауды қамтамасыз ету үшін, бақылау үшін тағайындайды.

Сыртқы басқарушы - арбитражды сотпен сыртқы басқаруды жүргізу немесе басқа да құзіретті атқару үшін тағайындалатын тұлға.

Конкурстық басқарушы - бұл арбитражды сотпен конкурстық өндірісті жүргізу және басқа да құзіреттерді жүзеге асыру үшін тағайындалатын тұлға.

Slide 11

Кәсіпорынның қаржылық түрақсыздығы

Кәсіпорынның банкроттығымен байланысты негізгі ережелер ҚР «Банкроттық туралы» Заңымен және Азаматтық Кодексінде көрсетілген.

Кәсіпорынның банкроттығы дер арбитражды сотпен танылған немесе қарыздардың өзін кредиторлардың талабын толық көлемде ақшалай міндеттемелер бойынша қанағаттандыра алмауын немесе міндетті төлемдерді төлеу алмауын айтады. Кәсіпорын нақтылы түрде кредиторлардың талабын қанағаттандыра алмайды деп есептеледі. Егер де ол міндеттемелерін немесе міндеттерін түскен мерзімінен бастап үш ай мерзімде орындалмаса.

Егер де қарызгерге қойылатын талаптар 500 минималды еңбекақы мөлшерінен аз болмаған жағдайда арбитражды сот банкроттық туралы іс қозғайды.

ҚР Азаматтық кодексінде кәсіпорын банкрот деп сот шешімімен немесе өзінің кредитормен бірлескен шешімімен танылады. Кез - келген жағдайда, мәжбүрлі немесе ерікті түрде ликвидациялануы керек. Сонымен қатар, нақты банкроттықпен қатар мақсатты немесе фиктивті де түрлері болуы мүмкін.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметті тоқтату себептері, факторлары және шарттары
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы
Кәсіпорын және олардың банкротқа ұшырауы
Кәсіпорынның қаржылың ресурстары
ҚАРЖЫ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Шаруашылық субъектілеренің қаржылары
Банкроттықты басқарудың сандық және сапалық факторлары
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz