Объектілерді пайдалануға беру




Презентация қосу
Банктердің негізгі құралдармен операцияларын
есепке алу, ТМҚ,материалдық емес активтер.
Негізгі құралдар деп қызмет көрсету, ұйымды басқару үшін,
сондай-ақ санитариялық-гигиеналық, техникалық-
пайдалану және басқа да арнайы техникалық нормалар мен
талаптарда көзделген жағдайларда еңбек құралдары ретінде
пайдаланылатын заттардың пайдалану мерзімі 12 айдан
асатын мүліктің бір бөлігі десекте болады.
Негізгі құралдардың талдамалы есебі түгендеу объектілері
бөлінісінде жүргізіледі
Негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді
салуға, жасауға (дайындауға), сатып алуға, сондай-ақ негізгі
құралдарды аяқтауға, қосымша жабдықтауға, жаңғыртуға,
реконструкциялауға және техникалық қайта жасақтауға
арналған шығындар күрделі сипаттағы шығындар болып
табылады және кредиттік ұйымның ағымдағы
шығындарынан бөлек ескеріледі.
Күрделі салымдарды есепке алу шоттарындағы талдамалы
есеп әрбір салынатын құрылатын (дайындалатын),
реконструкцияланатын, жаңғыртылатын, кеңейтілетін,
сатып алынатын объект бөлінісінде жүргізіледі.
Шартқа сәйкес жеткізушіге (сатушыға), мердігерге,
жобалау ұйымдарына аванс аудару: жеткізушілермен,
мердігерлермен және сатып алушылармен есеп айырысуды
есепке алу жөніндегі шоттың дебеті корреспонденттік
шоттың кредиті, егер оған осы кредиттік ұйымда қызмет
көрсетілсе, ақша қаражатын алушының шоты, касса шоты
бойынша жүргізіледі.
Жабдықтарды, құрал-саймандар мен керек-
жарақтарды, сондай-ақ орындалған жұмыстар мен
қызметтерді қабылдау: күрделі салымдарды есепке алу
бойынша шоттың дебеті жеткізушілермен, мердігерлермен
және сатып алушылармен есеп айырысуды есепке алу
бойынша шоттың кредиті бойынша жүргізіледі.
Объектілерді пайдалануға беру: Негізгі құралдарды,
материалдық емес активтерді есепке алу бойынша шоттар
дебеті (түгендеу объектілері бөлінісінде) күрделі
салымдарды есепке алу бойынша шоттың кредиті бойынша
жүреді.
Өтеусіз алынған негізгі құралдар, материалдық емес
активтер объектілерін кіріске алу: негізгі құралдарды,
материалдық емес активтерді есепке алу бойынша шоттар
дебеті (егер объект пайдалануға жарамды болса) немесе
күрделі салымдарды есепке алу бойынша шоттар (егер
объект дайындыққа жеткізуді талап етсе) кірістерді есепке
алу бойынша шоттың кредитінде болады.
Негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің
көрсетілген объектілерін оларды пайдалануға жарамды
жай-күйге жеткізу және жеткізу жөніндегі шығындар
күрделі сипаттағы шығындар ретінде ескеріледі және
алушы ұйымдар объектінің құнын ұлғайтуға: күрделі
салымдарды есепке алу жөніндегі шоттың дебеті, өтеусіз
алынған объектінің жеке шоты бойынша өнім
берушілермен есеп айырысуды есепке алу жөніндегі
шоттардың кредиті бойынша жүргізіледі.
Жеткізілген объектіні пайдалануға енгізу: негізгі
құралдарды, материалдық емес активтерді есепке алу
бойынша шоттың дебеті, күрделі салымдарды есепке алу
шотының кредиті.
Айырбас шарты бойынша алынған негізгі құралдарды,
материалдық емес активтерді есепке алу
Айырбас шарты бойынша алынған негізгі құралдарды,
материалдық емес активтерді кіріске алу: күрделі
салымдарды есепке алу шотының дебеті мүліктің шығуын
(өткізілуін) есепке алу жөніндегі шоттың кредитінде
жүргізіледі
Айырбасталатын мүліктің шығуы (негізгі құралдар мен
материалдық емес активтерден басқа): мүліктің шығуын
(өткізілуін) есепке алу бойынша шоттың дебеті
айырбасталатын мүлікті есепке алу бойынша шоттың
кредитінде
Кредиттік ұйым сатып алған және(немесе) құрған
зияткерлік қызмет нәтижелері және жұмыстарды орындау,
қызметтерді көрсету кезінде немесе ұйымның басқару
мұқтаждары үшін ұзақ уақыт бойы (ұзақтығы 12 айдан
астам) пайдаланылатын өзге де зияткерлік меншік
объектілері (оларға айрықша құқықтар) материалдық емес
активтер деп танылады.
Материалдық емес активтерді құру бухгалтерлік есепте
мынадай жазбалармен көрсетіледі: күрделі салымдарды
есепке алу бойынша шоттың дебеті шығындар (есеп
айырысулар) жүргізілген шоттардың кредиті.
Материалдық емес активтерді пайдалануға (пайдалануға)
беру: Материалдық емес активтерді есепке алу бойынша
шоттың дебеті күрделі салымдарды есепке алу бойынша
шоттың кредиті

Ұқсас жұмыстар
Қиып алынған объектіні кірістіру
Объектілерді көшіру
Эмпирикалық зерттеу әдістері
Power Point бағдарламасында презентация құрастыру
ҚАРЖЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕГІ САЛЫҚ
Практикалық тапсырмалардың түрлері
Санитарлы микробиологиялық зертеу жүргізудің принциптері
Негізгі құралдар, ұзақ мерзімді инвестициялар
Macromedia Flash мүмкіндіктерін қолдану
ВЕКТОРЛЫҚ ГРАФИКА
Пәндер