Несиелік операциялар есебі
Презентация қосу
Несиелік операциялар есебі
Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі
түріне жатады. Сол себептен банкті несиелендіру кәсіпорны деп
атайды. Қысқа мерзімді несие - пайдалану мерзімі 1 жылдан
аспайтын несиелер. Олар тауарлыматериалдық құндыықтарға,
төлемдердің ағымдағы қажеттіліктері мен шығындарына беріледі.
Ұзақ мерзімді несие - мерзімі 1 жылдан асатын несиелер. Берілген
несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі қорлардың
қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді. Жалпы банктік
несиелік операциялар 2 топқа бөлінеді: активті- банк қарыз беруші
ретінде шыққанда; пассивті- төлемділік, мерзімділік және
қайтарымдылық жағдайында банкке клиенттерден және басқа
банктерден ақша қаражатын тарта отырып, банк қарыз алушы
ретінде шығады. Несиелік операцияларды жүзеге асырудың 2
нысаны бар: несие және депозит.
Активті несиелік операциялар- 1) клиенттер мен несиелік операцияларды және
банкаралық несиені ұсыну операциясынан; 2) басқа банктерде орналасқан
депозиттерден тұрады. Пассивтің несиелік операциялары үшінші тұлғаның және жеке
тұлғалардың депозиттерінен және банктің банкаралық несие алу несиелік
операцияларынан тұрады. Аталған сипаттамалардан несиелік және қарыз беру
операцияларының, несие және қарыз арасындағы ерекшелікті көруге болады. Несие-
банктің қаражатын ұйымдастыру көзі және оларды салудың әр түрлі нысандарын
ұсынатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарын
қарастыратын кең мағынадағы түсінік, Қарыз болса-нәтижесінде қарыз шотын ашуға
болатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысаны. Сонымен бірге,
несиелік қатынастар тек банктік несие шеңберінде ғана ұйымдастырылып қоймайды,
сондай-ақ кәсіпорын кредитор және қарыз алушы болатын коммерциялық несиелік
қатынас вексельмен рәсімделеді. Одан әрі коммерциялық несие, банкке вексельді
кепілге қоя отырып, банктік несиеге айналуы мүмкін.
Тікелей банктік несиелеу, яғни кәсіпорынның несиелік қатынасы басында бнкпен
арақатынасынан басталады, сонымен бірге жанама банктік несиелеу, яғни алдымен
кәсіпорындар арасында несиелік қатынас пайда болады, нәтижесінде олар банкке
жедел түрде вексель бойынша ақша алу әдісін іздестіру үшін жүгінеді. Банктегі
несиелеу механизмі және несиелік жұмысты ұйымдастыру әрбір банктің несиелік
саясаты негізінде дербес анықталады. Клиенттер ашқан несиелік шотта әрбір
несиелеу объектісі бойынша қарыз есебі жүргізіледі. Бөлек баланстық шотта 1
клиентке берілген ұзақ және қысқа мерзімді несие есебі жүргізіледі. Несиелік
шоттың дебеті бойынша берілген қарыздың сомасы, ал кредиті бойынша оны өтеу
көрсетіледі. Несиелік шоттың режимі шартта анықталады: берілген несие қарыз
алушының есеп айырысу шотына аударылуы мүмкін. Сондай-ақ несиені
контокоренттік шот ашу арқылы беруге болады. Бұл шотта бір жағынан түсімдер,
екінші жағынан несие және төлемдер және де кредиттік пен дебеттік сальдо
көрсетіледі. Контокоррент өз кезегінде клиенттің банктегі несиелік есеп айырысу
қызметін жүзеге асыратын шот. Ол бойынша банк әрбір қарыз алушы үшін
контокорренттік несие көлемін шектейтін лимитті саралап белгілейді.
Контокорренттік шотты ашудың негізі клиентпен контокорренттік несие беру
туралы шарт жасасу болып табылады.
Несиені беру кезінде өте маңызды, бірақ әрқашан да міндетті емес мәселе - банк
беретін несиені қамтамасыз ету. Несиені қамтамасыз ету олардың өтелуін
кепілдендірмесе де, банктің жоғалту тәуекелі біршама төмендейді. Сонымен бірге
несиені қамтамасыз ету ол қарызға алынған қаражатты қайтару кепілдігі ғана
емес, сондай-ақ банк пайдасы. Тапсырманың ерекше нысаны кепілдік беру болып
табылады. Шаруашылық субъектілер берген кепілдіктер кепілді банкте сақталады
және несиелеуші банк кепілдікті қабылдау туралы кепілді банктің хабарламасын
бірге ұсынады. Егер несиені қамтамасыз ету ретінде оны орындау тәуекелін
сақтандыру қажет болса, онда несиені беру туралы шешім қаблдаған кезде клиент
банкке сақтандыру шарты мен сақтандыру полисін ұсынады. Несиелік мәмілені
рәсімдеу қарыз алушының өтініші бойынша жасалады және оған қарыз алушы
мен кредитор арасында несиелік шарт жасасу туралы қарыз алушының анкетасы
қосылады.
Несиелік келісімшартта міндетті түрде келесі жағдайлар
анықталуы тиіс:
- несиенің мақсаты;
- - берілетін несиенің жалпы сомасы;
- - несие валютасы;
- - несиені өтеу мерзімі;
- - несиені өтеу әдісі;
- - қамтамасыз ету
- - сыйақы мөлшерлемесінің көлемі
- Несиені пайдалану мерзімі аяқталғаннан соң қарыз
сомасы қарыз алушының есеп айырысу шотынан
сызылады. Несие мемориалды ордер ретінде
қолданылатын мерзімді міндеттемелер негізінде өтеледі.
Төлеушінің қаражаты болмаған жағдайда қарыз сомасы
мерзімі өткен неие шотына жатқызылады. Кей
жағдайларда несиені өтеу фактісі келгенге дейін мерзімі
ұзартылады.
Сонымен қатар пайыздық мөлшерлемеге әсер ететін тағы бір маңызды фактор- сол банктің
қаржылық жағдайы.Банктің пайыздық деңгейіне инфляция үлкен әсер етеді. Несиені беру
кезінде тұрақты немесе қалқымылы пайыз бекітілуі мүмкін. Тұрақты пайыз несие шартының
әрекет ету уақытында өзгермейді. Қалқымалы пайыз банктің қалауы бойынша несиелік шарт
әрект ету уақытында өзгеруі мүмкін. Банктің несиелік комитетінің шешімі бойыша пайыздық
мөлшерлеме мөлшері, тәртібі, кезеңі, пайыздық аудару мерзімдері және төлеу тәртібі
анықталады. Бұл шешімді банк төрағасы бекітеді. Несиелік келісімшартта қарастырылған
мерзімде және мөлшерде пайыздар аударылады, бұндай жағдайда пайыздарды аванспен
пударуға және төлеуге жол берілмейді. Шотты жапқанда дербес шотты 1 банктен басқа банкке
бергенде, пайыздар шоттың дәл жабылған күніне аударылады. Шот жабылғаннан соң одан
алынатын қалған соманың пайыздық қойылымынан шоттың иесіне тиіміді етіп және банк өзіне
тиімді етіп одан пайыздық мөлшерлемесін алады. Алынған пайыздық мөлшерлеме банктің сол
мезгілдегі пайдасы деп саналады. Несиелік мониторинг- несиені берген мезеттен бастап
өтелуін және негізгі қарыздың толығымен қайтврылуын және қарыз алушының қызметіне
әрдайым талдау жүргізу жолымен сыйақы, несиенің сапасының төмендеуі жағдайында қарыз
алушыға адекваттылық шамаларының әсерін қабылдау және келісілген келісімшарттың барлық
талаптарын қадағалау үшін бақылау (несиелік және кепіл келісімшартына)
Мониторингті жүзеге асыру барысында толығымен алынған ақпарат 2 түрге
бөлінеді: - үстіртін мониторинг- қарыз алушының несиелік жағдайына еш қауіп жоқ
кезде жүргізіледі. - терең мониторинг- несиенің мерзіміне, сомасына байланысты
жүргізіледі немесе қайта есептеу нәтижесінде күрделі жағдай туындаған кезеңде,
қарыз алушы несиені уақытында өтеуге мүмкіндік бермейтін қателіктер жіберген
кезде жүргізіледі. Ай сайынғы үстіртін мониторинг тәртіп бойынша барлық қарыз
алушыларға жүргізілуі тиіс. Оның мақсаты- төлемеушіліктің қлыптасуына жол
бермеу. Мониторинг әдісі қарыз алушы жобасының жүргізілуін бақылау үшін қажет,
жоспарлы нақты аударылу жүргізіледі. Ай сайын жүргізілетін мониторингтен
жағымсыз өзгерістер табылғанда терең талдауға ауысуы керек. Ал егер қарыз
алушының несиені уақытында өтеу қабілетіне, іс-әрекетіне әсер ететін салдарымен
басқа факторлардан қауіпті белгілер туындаған кезде берілген несиенің мерзімі
және сомасына байланыссыз тез арада терең мониторинг жүргізу ұсынылады. Ай
сайынғы және терең мониторинг жүргізілуінің негізгі бағытының бірі- кепілдік
мүлкінің нақты болуын және техникалық жағдайын, оның сақталу шартын, сатып
алу құранысын міндетті түрде тексеру керек. Сонымен қатар кепілдік мүлкінің
орналасқан жерін және нарықтық құнын ескеретін конъюнктура нарығын тексеру
қажет.
Бухгалтерлік есепке банктер барлық қажетті, мәжбүрлі
шығынның есептелген көлемін және шығыстар шотына
сәйкес, толық көлемде белгіленуі керек. Мәжбүрлі
шығындар несиенің түріне байланысты құрылады. олардың
көлемін есептеу үшін несиенің жіктелуі және олар
бойынша мәжбүрлі шығындар қалыптасу кестесі
қолданылады.Қарыз алушы өзінің міндеттемелерін
келісімшарт бойынша орындамаған жағдайда кепіл мүлкін
сату есебінен шығындарын жабады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz