Касса операцияларының есебі




Презентация қосу
Касса операцияларының есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге есептелінген
еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құралдарына қажетті
шығандарды (жанар-жағар майға) төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып
алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы
жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы жабдықталған, яғни
дабылдама (дыбыстық белгілер, сигнализация) орнатылған, және ақшаларды
сақтайтын сейфі бар бөлмеде орналастыруды қажет етеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда кассирлік жұмысқа қызметкер орналасқан
уақытта, яғни ұйым басшысы касса қызметкерін тағайындау туралы (жайлы)
бұйрыққа қол қойғаннан кейін кәсіпорынмен касса қызметкері арасында
материалдық жауапкершілікке келісімшарт жасалуы қажет. Кәсіпорындар мен
ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу
шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады.
Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның касса
қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады. Бұл чек
парағын толтыру барысында чекке банк мекемесінен алынғалы
отырған, яғни кәсіпорынның жұмсауға тиісті нақты ақшаларының
сомасы және бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы
жазылып көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке кәсіпорынның бас
бухгалтері және басшысы қол қойып, осы ұйымның мөр таңбасы
басылады. Барлық толтыруға тиісті ақпараттар толтырылмағанша,
чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке лауазымды
адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса
(екі адамның қолдары қойылмайынша), мөр басуға рұқсат
етілмейді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың касса қызметкері банк
мекемесінен нақты ақша аларда банк бақылаушысының
қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк
мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорындар
мен ұйымдардың кассасына кіріске алынуы керек.
Ол үшін кассир кассалық кіріс ету ордерін тол-тырып,
содан соң оны кассалық кітапқа жазады. Кәсіпорындардың
кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни
қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген
адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және
ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы толтырылған
кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы
нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын
кассалық кіріс ету ордеріне ұйымның аты, ақша төлеуші
заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні, қандай мақсатқа
және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның
төленген уақыты (күні, айы, жылы) жазылып, кассир мен
бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет. Кассалық кіріс
ету ордері мына үлгілі түрде болады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасыннан нақты ақша кассалық
шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша
төлеу тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы
мен бас бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған
өтініштер, шоттар тағы да басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл
құжаттарға кассалық ордердің деректемесі (реквизиті) көрсетілген
мөртаңба (штамп) басылуы керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне
қоса тіркелген құжаттарда кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысының
«рұқсат етемін» деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық
шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға кассалық
шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері
нақты ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін
қуәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етуі керек.
Сонымен қатар касса қызметкері осы көрсетілген құжаттарда
жазылған деректерді, яғни ақша алушы адамның аты-жөнін,
құжатының нөмірін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта
берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы тиіс. Кассадан
нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып
жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен
көрсетеді.
Кассалық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ
кассалық шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған
қосымша тіркелетін құжаттарды кәсіпорындар мен ұйымдардың
бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық
етіп толтырулары қажет. Бұл құжаттарды өзгертуге олардағы
сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді.
Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе
олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын
бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады.
Кассалық шығыс ету ордері мына үлгілі түрде болады:
Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге
жәрдемақы, сыйақы, еңбекақы төлеу үшін төлеу тізімдемелері
қолданылады. Бұл тізімдемелер тіркеу журналына еңбекақы,
жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана
тіркеледі. Кассалық кіріс ету немесе кассалық шығыс ету ордерлері,
сондай-ақ олардың орнына жүретін құжаттар бойынша кассаға ақша
қабылдауға және кассадан ақша төлеуге тек қана осы құжаттар
толтырылған күні ғана рұқсат етіледі. Кәсіпорындар мен
ұйымдардың кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан
ақша төлеу барысында (кассир) касса қызметкері кассалық кіріс ету
және кассалық шығыс ету ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын
бұл құжаттарда ұйымның басшысы мен бас бухгалтерінің
қолдарының болуын, және ордерлерде көрсетілген қосымша құн
түгелдігіне тексеру жүргізуге, қадағалауға міндетті. Бұл операциялар
орындалғаннан кейін құжаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз
қолын қоюы керек. Касса операцияларының есебі кассалық кітапқа
тіркеліп отырылуы тиіс. Бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді.
Кассалық кітаптың беттері (парақтары) нөмірленіп және оған жіп өткізіліп,
кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері қолдарын қойып, куәландыруы
керек. Кәсіпорынның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе
кәсіпорынның кассасынан төленген, яғни шығыс етілген ақшалардың
кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін төленгендігін білу үшін ол
операцияларға толтырылған құжаттардың нөмірі және бухгалтерлік
жазулар, сонымен қатар кіріске алынған, сондай-ақ шығыс етілген сомалар
кассалық кітапқа жазылуы тиіс. Күн сайын кәсіпорынның касса қызметкері
кассадағы нақты ақшалардың қалдығын жұмыс күнінің соңында санап,
және оның сомасын кассалық кітапқа жазады. Бұл кассалық кітаптағы
деректерге өзгеріс енгізуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді және касса
операциялары мен ондағы жүргізілетін, толтырылатын құжаттардың
дұрыстығына ұйымның бас бухгалтері бақылау жасап отыруы керек.
Кәсіпорынның кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақшаларының
есебі үшін өз алдына кассалық кітап ашылады. Сонымен қатар бұл жағдайда
кассалық операциялар бойынша толтырылатын барлық, құжаттарда кіріске
алынған, яғни келіп-түскен және шығыс етілген, кассадан төленген,
ақшалардың сомасы шетел валютасымен және сол күнгі бағам (курс)
бойынша ұлттық валютаға (теңгеге) айналдырылып жазылады.
Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақшалардың
есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне
ұқсас жүргізіледі.
Кәсіпорындардың кассасындағы ақшаларын есептейтін шоттар бойынша
жүргізілетін операциялар кредиті бойынша нөмірі бірінші журнал-ордерде,
ал дебиті бойынша осы журнал-ордердің тізімдемесінде жүргізіледі.

Ұқсас жұмыстар
КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР
Қысқа мерзімді активтердің есебі: Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі
Қысқа мерзімді активтердің есебі. Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі туралы ақпарат
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАР
Ақша қаражаттары. Ақша қаражаттарының эквивалентті есебі
Ақша қаражаттары және инвестициялар есебі
Ақша қаражаттары. Ақша қаражаттарының эквиваленттерінің есебі
Ақша қаражаттарының аудиті
Ақша қаражаттары есебі
Бухгалтерлік есеп беру
Пәндер