Тіл философиясы




Презентация қосу
Тіл
философиясы
Орындаған: Қалдыбаева Ұлдар 103-96
Қабылдаған: Жазира Меңдіқұлова
• Тіл философиясы тіл білімінен көп бұрын пайда болған. Лингвистика дүниеге
келген күнінен бастап философиямен тығыз байланыста келеді. Ежелгі
Греция сияқты кейбір елдерде тіл теориясымен алғаш айналысушылар
философтар болған. Зат пән оның атауы арасындағы қарым-қатынасты
айқындау мәселесін грек философтары философияның өзекті мәселелерінің
бірі ретінде қараған. Осы мәселеге байланысты айтыс орта ғасыр
лингвистерін реалистер,коминалистер деп аталатын екі лагерьге бөлген.
Сондай-ақ, тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы жөніндегі мәселе де ежелгі
заманнан басталады. Платон мен Аристотельдің грамматикалық
категорияларды логикалық тұрғыда баяндаулары, оларды логикаға тәуелді
етулері ойлау мен тіл арасындағы қарым-қатынасты зерттеуден туғандығы
даусыз. XVII ғасырда дүниеге келген Пор Рояль грамматикасының
жазылуына да себепші болған тіл мен ойлау арасындағы қарым-қатынас екені
айқьш. Зат пен оның атаулы, тіл мен ойлау арасындағы қарым-қатынас тілдің
мәні деп аталатын проблема құрамына енеді. Ал тілдің табиғаты мен мәні
жөніндегі мәселе жалпы тіл біліміне де, философияға да ортақ мәселе.
• Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан тіл
философиясы осы атауға XIX ғасырда ғана ие болды. XIX
ғасырда европа халықтарының салыстырмалы-тарихи
грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының
ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік
объектісінің айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі
тіл философиясының алға қойған мақсаты—тілдің табиғаты
мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен
функциясын, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен
байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің
көрнекті ойшылдары — Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер,
Штеинталь, Потебня, Вунт сияқты ғалымдар айналысты.
Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең
беделдісі Вильгельм Гумбольдт (1767—1835) болды.
• Гумбольдт тіл білімінің өзіндік философиялық базасы — тіл
философиясы. Тіл философиясының негізгі принциптері—тілді,
оның формаларын әрекет деп тану, оларды халықтың ұлттық
санасы деп есептеу. Тіл — әрекеттің өзі. Сондықтан оның бірден-бір
ақиқат анықтамасы генетикалық қана болу керек. Тіл — дыбысты
ойдың көрсеткішіне айналдыратын рухтың әрекеті. Даму— тілдің
өмір сүруінің формасы. Тіл — ойлау әрекетінің творчестволық
синтезі, бірақ сонымен бірге ол — актив форма, ойлау әрекетінің
құралы да. Тіл мен ойлаудың бірлігі — ажырамас бірлік. Бұл сөйлеу
мен ойдың бірлігі. Өйткені тіл жалпы, коллективтік меншік
болғандықтан, индивидумға әсер етеді. Адам тілді неғұрлым жақсы
меңгерген болса, солғұрлым тіл оның ойлауына әсерін тигізеді.
Осылармен қатар, Гумбольдт тіл мен «халық рухы» арасындағы
байланысты да сөз етеді. Бірақ тілдің қоғамдық сипатын ұлттық
табиғат, адамдардың жанында, санасында болатын идеалдық нәрсе
деп біледі. Бұл идеалдық — индивидуалдык емес, жалпы халықтық,
тілдік ойлау
• Гумбольдт тіл халықтың әрекетімен, ойлауымен байланысты
болғанмен, оның өзіндік ерекшелігі, белгілі мөлшерде болса да,
тәуелсіздігі, тұрақтылығы бар, сөйлеу әрекеті мен тіл өзара
байланысты, бірақ тепе-тең емес, тілдік форма тұрақты, ал оның
керінісі әр түрлі. Тіл—форма, онан басқа түк те емес дейді. Гумбольдттің
тілдік форма жөніндегі тұжырымдары оның лингвистикалық
теориялары ішіндегі ең маңызды саласы. XX ғасыр лингвистикасында
ең мәнді проблемалардың бірі болған тілдік жүйе, тілдік құрылым
мәселелерін Гумбольдт осы салада кетерген.Гумбольдт тілдерді
типологиялық белгілеріне қарай жіктеу мәселесімен де айналысты. Ол
қалыптастырған бірсыпыра теориялық, философиялық тұжырымдар
бертінде идеалистік бағыттағы лингвистердің ұранына да айналды
• Сонымен, XIX ғасырдың алғашқы жартысы —
компаративистиканың өз алдына дербес ғылым болып қалыптасып,
өзінің зерттеу әдісі мен методикасын жетілдірген, объектісін
айқындай түскен кезең болды. Бұл кезенде лингвистиканың жалпы
тілдік мәселесі ретінде тіл философиясы, жеке тілдер жөніндегі
тарауы, салыстырмалы грамматика салалары қалыптасып, дами
түсті. Тілдік материалдар жинау, тіл білімін теориялық жақтан
дамыту да қызу жүріп жатты. Бәрінен де гөрі кеңірек етек алған
мәселе — үнді-европа тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеу, олардың
шыққан төркінін, ата тілді айқындау болды. Тілді, тілдік
элементтерді тарихи тұрғыдан зерттеу ғана ғылыми деп
жарияланды

Ұқсас жұмыстар
Қазақ философиясының өкілдері
Қазақ философия тарихының негізгі бағыттары
Қазақ философиясының ерекшелігі
Грек тіл білімі
Қорқыт айтқан делінетін кейбір сөздер
Дінтанудың дін философиясынан айырмашылығы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
Пирс ойлары
Қазақ философиясы туралы
Пәндер