МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ҮЛЕСІ



«академик м. қозыбаевтың өзекті отандық тарихи мәселелерін зерттеудегі үлесі»
Орындаған:Мәлік Абдугани
Группа:ТР-20К
Notes: NOTE:
To change the image on this slide, select the picture and delete it. Then click the Pictures icon in the placeholder to insert your own image.

М. Қ. Қозыбаев 1931 жылы 16 қараша қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Тазкөл басындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдары жасөспірім бала кезінен колхозда еңбекке араласқан. 1947 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Мендіқара педагогикалық училищесін үздік бітіріп, бір жыл Үлгілі жеті жылдық мектебінде мұғалім болып қызмет етеді. Болашақ ғалымның тәрбиесіне ата-анасымен қатар кейін көрнекті қайраткер болып танылған ағасы Қозыбаев Оразалы Әбілұлы айтарлықтай ықпал жасады.

Талантты жас ғалым 1958 жылы сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтына қызметке шақырылып, онда аға ғылыми қызметкерден тарих ғылымының докторы (1969), профессор (1970), танымал ғалым дәрежесіне дейінгі жолдан өтті. 1961-1970 ж. М. Қ. Қозыбаев осы институттың ғылыми хатшысы, онан соң Қазақстандағы партия құрылысы тарихы бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1974-1980 жылдары ол Алматы малдәрігерлік институтында, кейіннен С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың жанындағы Қоғамдық ғылымдар пәндері оқытушыларының біліктілігін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі болды.

М. Қ. Қозыбаев 1980 жылдан Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясын басқарды. Оның басшылығымен сол кезеңде орыс және қазақ тілдерінде 4 томдық «Қазақ ССР» энциклопедиясы, «Алматы», «Қарағанды облысы» энциклопедиялары, Ш. Ш. Уәлихановтың 5 томдық толықтырылып, өңделген шығармалар жинағы және тағы да басқа іргелі еңбектер басылып шықты.
Осы кезеңдерде М. Қ. Қозыбаевтың Қазақстанның, сондай-ақ жалпы КСРО-ның шығыс аймақтарының тарихы мен тарихнамасы және Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша зерттеулері республикада, әрі одақ көлемінде жоғары бағаға ие болды. Оның «Казахстан-арсенал фронта» (1970), «Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны»(1964), «Ұлы ерлік» (1980) және басқа монографиялары мен Ұлы жеңіске қосқан үлесі туралы басқа да зерттеулері бүкіл Одақтық қауымға танылды.

1986 жылдың наурызынан М. Қ. Қозыбаев. Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында қызмет етіп, тарихнама және деректану бөлімінің меңгерушісі болды. 1988 жылы маусымда бірауыздан осы институт директоры болып сайланған ол сол уақыттан бері қызметін атқарады.
1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың бас кезінде ұлттық сана-сезімнің күшеюі, кеңестік мемлекеттік жүйе мен коммунистік идеологияның күйреуі және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің жариялануы мен қалыптасуы тарих ғылымының қоғамдағы орнына түбегейлі өзгеріс еңгізгені аян. Осы кезден бастап академик М. Қ. Қозыбаев басқарған Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеуге орасан зор үлес қосып келеді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғышарттары пайда болған 1980 жылдардың соңынан бергі уақыт ішінде Қазақстан тарихшылары академик М. Қ. Қозыбаевтың басшылығымен тарихи зерттеулер методологиясының мәселесі, жинақталған тарихи білімдерді қайта пайымдау, қазақ халқының шығу тегі мен этникалық тарихы, ұлттық мемлекеттілік пен ұлттық қауіпсіздік проблемалары, Қазақстанның саяси-әлеуметтік және экономикалық даму тарихының, Қазақстанның жалпы тарих тұрғысынан әлемдік қауымдастықтағы, оның ішінде ең алдымен Ресей және ТМД елдерімен, Қытаймен, алыс шетелдермен қарымқатынасына байланысты өзекті мәселелер отандық тарих ғылымының басым бағыттарына айналды.

Академик М. Қ. Қозыбаев еңбектерінің негізгі мазмұны жалпыұлттық татулық пен Қазақстан халықтарының бірлігін нығайтуға, өскелең ұрпаққа рухани және патриоттық тәрбие беру.
М. Қ. Қозыбаевтың отандық тарих ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі жемісті мемлекеттік және қоғамдық қызметі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілген.

Назарларыңызға рахмет
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz