Оқытудың интербелсенді әдістерінің жіктелуі



Интербелсенді оқытуды ұйымдастыру ережелері

“Интербелсенді” дегеніміз-біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.
“Интербелсенді оқу”-өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға ) негізделген оқу-оқыту, диалог арқылы үйрену-үйрету.
“Интербелсенді әдістер”-үйренуші мен үйретушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер.
«Маған айтып берсең - ұмытып қаламын,
көрсетсең - есте сақтаймын,
өзіме жасатсаң - үйренемін!»
(Конфуций) .

Интербелсенді әдістердің артықшылықтары:
Терең ойлану, қабілетті дамыту;
Ақпаратты жан-жақты талдау;
Жаңа түсінік пен білім құрастыру
Ортақ жұмысқа жұмыла білу
Тиімді қарым-қатынас пен өзара әрекеттесу;
Бастамашылдық;
Бірлескен жұмыс;
Кері байланыс жасау;
Проблема шешу, шешім қабылдау;
Белсенділік, жауапкершілік сезімі;
Өзіндік көзқарас қалыптастыру.
Біз білімнің 10%-ын оқығанда,
20%-ын тыңдағанда,
30%-ын көзбен көргенде,
50%-ын көріп тыңдағанда,
70%-ын пікір таластырғанда,
80%-ын тәжірибе жасағанда,
95%-ын басқаларды үйреткенде игереміз.
Вильям Глассер

Тектері
Түрлері
Имитациялық емес
Проблемалық лекциялар
Проблемалық семинарлар
Тақырыптық топтық пікірталастар
Ой қозғау (breinstorming)
Дөңгелек үстел
Педагогикалық ойын жаттығулары
Стажировка
Имитациялық:
1. ойын түрінде емес
Нақты ситуацияларды талдау (кейс-стади)
Имитациялық жаттығулар
Тренингтер
2. ойын түрінде
Рөлдік ойындар
Іскерлік ойындар
1) Оқу ойындары
- блиц-ойындар
- мини-ойындар
- компьютерде өткізілетін ойын сабақтары
2) Өндірістік ойындар
- проблемалық-іскерлік ойындар
3) Зерттеу ойындары
- проблемалық-іскерлік ойындар
Ойын түрінде жобалау
Оқытудың интербелсенді әдістерінің жіктелуі

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Интербелсенді әдістердің классификациясы
1. Пікірталас
3. Тренингтер
2. Ойындар

Пікірталас - студенттердің аудиторияда немесе шағын топ ішінде нақты бір өміршеңді проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасып, оларды дәлелдеп, өзге позициялармен толықтыру әрекеттері.
Пікірталастың басты мақсаты - әр үйренушінің қарастырылған проблема бойынша өзіндік пікір, көзқарасты қабылдауы, бір байлам мен шешімге тоқтауы.
Пікірталаста назар аударатын маңызды мәселелер:
Тақырып
Сұрақтар
Пікірталастың жоспары
Пікірталасқа дайындық
Жүргізуші
Сөйлеушілер
Пікірталасты қорытындылау және бағалау.
Пікірталастың түрлері:
Диспут
Дөңгелек үстел
Ток-шоу
Форум
Симпозиум
Фишпул

Симпозиум
Оқушылар берілген тақырып бойынша өз баяндамаларын топ алдында оқып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап береді. Жүргізуші назарын пікірлердің қақтығысуы мен қарама-қайшылықтрныа аударып, пікірталас ұйымдастырады. Сыныптың пікірі екі жақты болып, әртүрлі көзқарастар келтірілгендігі орынды. Пікірталас баяндамашының ұстанған көзқарасы төңірегінде ұйымдастырылады.
“Фишпул”
Қатысушылар екі шеңберге бөлініп отырады. Ішкі шеңберге пікірталасқа қатынасатын оқушылар отырады да, қалғандары сыртқы шеңберге жайғасады-олар пікірталасқа қатыспайды. Ішкі шеңбердегі оқушылар саны 6 болуы керек, олардың төртеуінің пікірталасқа қатынасатындығы алдын- ала жарияланған және олар пікірталастың аяғына дейін болады, қалған екі орын бос. Бұл орындарға пікірталасқа қатынасам деген сыртқы шеңбердің кез келген оқушысы отыра алады. Сыртқы шеңбердегі оқушылар сарапшылар рөлін орындап, пікірталасқа баға береді.
Форум
Пікірталастың бұл түрі “Ток-шоуға ”ұқсас . Мұнда тек қалған сынып оқушылары талқыға түсе алады:өз орындарынан сұрақ қойып, өз пікірлерін берілген мерзімде қысқа түрде баяндайды(мәселен, олардың сөйлеуі 30 секунд немесе 1 минуттан аспауы керек) . Осы арқылы сынып пікірталасқа қатыса алады.
Диспут
(лат. disputare-пайымдау пікірталасы) - ғылыми, әдеби әлеуметтік т. б тақырыптар бойынша көпшілік алдында жария түрде өтетін пікірталас, белгілі бір мәселені талқылаудың ұтымды жолы. Оқу - әдістемелік тұрғыдан жастардың дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізеді. Диспут жоғары, орта, арнаулы оқу орындарында әдістемелік тәсіл ретінде қолданылады.

Ойындар
Рөлдік ойындар
Блиц оқу ойындары
Имитациялық ойындар
қарым-қатынастық дағдылар;
шағын топтарда жұмыс жасау дағдылары;
толеранттылық (басқаның пікірі мен көзқарасын қабылдау, оларды сыйлау, олармен санасу, төзімділік пен шыдамдылық) ;
үйренгенді (білім, білік, дағды, түсініктер, т. б. ) практикалық тұрғыдан қолдану;
өздерінің үйрену деңгейін анықтап, оны әрі қарай дамыту т. б.
Блиц оқу ойындары - қысқа мерзімді шағын ойындар, олар үйренушінің нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.
Ойын түрі: “Шындық детекторы”, “Фотолар”, “Интервью”, “Таңдау” т. б.
Имитациялық ойын дегеніміз адамдардың қалыптан тыс (экстремалды) жағдайлардағы әрекеттерін анықтайтын, өмірде тууы мүмкін оқыс жағдайларды қайталап (имитациялап), шаруашылық, басқару, әлеуметтік, психологиялық шешімдерді қабылдауды үйренеді.
Ойын түрі: Кейс-стади әдісі

1-топ
2-топ
Рөлдік ойын: «Көріністер әлемінде»

“ Омырауымды сипалап таппаған галстугым, сөйтсем, иығыма шығып кеткен екен. Бұрып әкеп, орнына қойдым да, зып беріп сыныпқа кірдім. Балалар дүр етіп түрегелді. Маған емес, әрине, артымда келе жатқан оқытушыға құрмет көрсеткендері ғой. Бірақ мен оны басқаша қабылдадым. Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім”
“Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін”.
“Маңдайымнан буым бұрқырап, есік алдына шықтым. Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен - ақ шығара ма?”
Үнсіз бейнеле

Сase-study - таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс. Ол нақты ситуацияларды (жағдаяттарды) практикалық тұрғыдан талдау мен оларды өмірде кезігетін түрінде қайталауға, «ойнап» шығуға негізделеді. Сол себепті де кейс-стадиді кейде «нақты оқу ситуациялар әдісі» деп те атайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz