АБАЙДЫҢ ОТЫЗ БІРІНШІ ҚАРА



Абайдың отыз бірінші қара сөзі
Орындаған :Тирижанова Ақбота
Тексерген:Асет Есенгелдіұлы

Абай Құнанбаев
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен

Абайдың қара сөздері туралы
Солардың бірі Абайдың қара сөздері қырық бестен көп те болуы мүмкін еді дейді. Абайдың ойлау дәрежесі осы сөздерде қамтылғандардан да басқа көптеген мәселелер жөнінде ой толғап, өз қорытындыларын қорытып шығаруға жететін еді. Бірақ не өзі қаламады, не ғұмыр қысқалығы мүмкіндік бермеді дейді.
Екінші бір ой - «Абайдан айтылмаған сөз қалмады» дейтін кейбір зерттеушілер ойын қуаттамақ болады. Олар адам (қазақ) баласының өміріне керекті ақыл мен ойды Абай сөздері мен өлеңдері түгендеп кеткен дейді. Бұл ойға да көңіл тоқтатуға болатын секілді. Өмірде кездесіп жататын кез келген құбылысқа, оқиғаға Абай сөзімен мысал келтіріп, Абай өлеңімен қостауға болатынына көзіміз жетіп келеді.
Осындай бір-біріне қарама-қарсы ой тұлпарларына мініп алып, біз де біраз саяхат жасап қайтсақ па дейміз…
Саяхат болғанда да Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат…

Біз өзімізше, алдымен, Абай сөздеріне берілген сандық белгілер орнына мағыналық теңеу таңып байқамақ болдық. Содан барып төмендегідей тізім жасақтадық:
Бірінші сөз - адам міндетін анықтау;
Екінші сөз - еңбекке баулу;
Үшінші сөз - билік сыры;
Төртінші сөз - мастық пен күлкі;
Бесінші сөз - қалыптасу;
Алтыншы сөз - түсінік;
Жетінші сөз - талпыныс;
Сегізінші сөз - насихат;
Тоғызыншы сөз - ұлтжандылық;
Оныншы сөз - ұрпақ;
Он бірінші сөз - кәсіп;
Он екінші сөз - ғибадат;
Он үшінші сөз - иман;
Он төртінші сөз - жүрек;
Он бесінші сөз - ақыл;

Он алтыншы сөз - еліктеу;
Он жетінші сөз - бірлік;
Он сегізінші сөз - кербездік;
Он тоғызыншы сөз - естілік;
Жиырмасыншы сөз - жалығу;
Жиырма бірінші сөз - мақтан;
Жиырма екінші сөз - қадір тұту;
Жиырма үшінші сөз - қуаныш пен жұбаныш;
Жиырма төртінші сөз - күншілдік;
Жиырма бесінші сөз - құлшылық;
Жиырма алтыншы сөз - надандық;
Жиырма жетінші сөз - өсиет;
Жиырма сегізінші сөз - парыз;
Жиырма тоғызыншы сөз - сақтық;
Отызыншы сөз - ұят;
Отыз бірінші сөз - ойлылық;
Отыз екінші сөз - талап
Отыз үшінші сөз - өнер; Отыз төртінші сөз - бұ дүние;
Отыз бесінші сөз - о дүние; Отыз алтыншы сөз - ұят пен иман; Отыз жетінші сөз - уағыз; Отыз сегізінші сөз - жаратылыс; Отыз тоғызыншы сөз - намыс; Қырықыншы сөз - мінез; Қырық бірінші сөз - тәрбие; Қырық екінші сөз - тіршілік қамы; Қырық үшінші сөз - тән мен жан; Қырық төртінші сөз - тазалық; Қырық бесінші сөз - адам болмысы.

Бұдан байқағанымыз тек қана ұят (отызыншы, отыз алтыншы) және иман (он үшінші, отыз алтыншы) атаулары, солар туралы айтылар ой екі рет қайталанатынын байқадық. Басқа ешқандай ой да, сөз де қайталанбайды. Осыған қарап, біз Абайдың осы еңбегін жазуға кірісер алдында адам баласының тәрбиесіне, тіршілігіне қажетті деген насихат сөздерінің тақырыбын іріктеп, тізіп алып барып, сосын іске кіріскен бе деп ойлаймыз.
Абай ойларына, Абай әлеміне саяхат жасамақ болғандардың бір мойындауға тиісті ақиқаты болуға тиісті. Ол - Абайды түсінудің сан сатылы болатыны. Өйткені осындай саяхатқа шыққандар білімі мен зердесінің, табиғи болмысы мен тәрбиесінің жобасына байланысты тек қана өз дәрежесіне дейін көтеріле алмақ. Мысалға менің ойшылдығым мен білімпаздығым орташа ғана дәрежеде болса, онда менің тұжырымдарым атақты білгірлер сатысынан әлдеқайда төмен тұруы кәдік. Олардың мені жазғыруы да мүмкін. Бірақ мен оған мойымақ емеспін. Өйткені Абаймен сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі «болмасаң да ұқсап бақ» деген.

Отыз бірінші қара сөзі
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

Отыз бірінші - қара сөз көлемі шағын. Бірақ, білім беру мен үйренудің алтын ережесі сияқты мағынасы зор. Қазіргі өркениет қарыштап дамыған заманда осы сөзді көңілге түйіп алсақ болады.
Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz