Жастарға беретін көмек




Презентация қосу
ЖАСТАР
МӘСЕЛЕСІНІҢ
ТҮЙТКІЛДЕРІ
ЖОСПАРЫ

• Кіріспе бөлім.
• Елбасымыздың сөзі
• Негізгі бөлім
• Жастарға беретін көмек
• Қорытынды
• Жастар қашанда ел назарында
ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ СӨЗІ

• Елбасымыз Н.Назарбаев жас­тар мәселесіне баса мән беріп келе
жатқаны белгілі. Қазақстан халқына арналған биылғы
Жолдауында жастарға білім беруі мен еңбек етуіне байланысты
міндеттерді нақты саралап көрсетті. Сондай-ақ, Қазақстан халқы
Ассамблеясының ХІХ сессиясында жастар мәселесі жөнінде де
кеңінен сөз қозғады. Сессияда жас буынға айтарлықтай міндет
атқаруы тиіс екендігін баса айтты. «Жасыл ел», «Ауыл жастары»,
«Дипломмен ауылға» бағдарламалары аясында нәтижелі
жұмыстар атқарылуда.
ЖАСТАРҒА БЕРЕТІН КӨМЕК

• Жастарды баспанамен қамтамасыз етуге мән берілетін болды. Елбасымыз
Қазақстан жастар елі екендігін, әрбір екінші қазақстандықтың жасы 30-ға
жетпегенін, еліміздің серпінді дамуына жастардың үлесі зор болатынын айта
келіп, Үкіметке үстіміздегі жылдың Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға
дейінгі тұжырымдамасының жобасын ұсынуды тапсырды. Сондай-ақ, үстіміздегі
жылдың соңына дейін біздің заңнамаларымызды мемлекеттік жастар саясаты
мәселелері бойынша жаңартуды, Білім және ғылым министрлігінің құрылымында
Жас­тар саясаты жөніндегі комитет, ал өңірлерде тиісті басқармалар құру
қажеттігін, Астана және Алматы қалаларының әкімдері өңірлік Жастар істері
жөніндегі кеңестерді тікелей өздері басқаруы тиіс екендігін нақты көрсетті.
• Үкіметке жастар үшін әлеуметтік қолайлы жағдайларды қалыптастыру жөнінен
заңнамалық және әлеуметтік-экономикалық шаралардың жүйелі кестесін
әзірлеуді тапсырды. «Жастар арасындағы үрдістерге терең зерттеулер жүргізу
қажет. Білім және ғылым министрлігіне Гумилев атындағы Еуразия университеті
жанынан «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы мәселені ойластыру
керек. «Жас Отан» жастар қанатының жұмысын күшейте түсу қажет. «Нұр
Отан» партиясының Орталық аппаратына «Жас Отанның» 2020 жылға дейінгі іс-
қимыл стратегиясын әзірлеп, бекітуді тапсырамын. ҚХА істен бейтарап қалмай,
жастар мәселелеріне көбірек көңіл бөліп, жоғарыда аталған шараларға белсенді
қолдау көрсетуі тиіс» деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.
• Демек, жастар алдына қойылып отырған жаңа міндеттер, келешекте еліміздің қозғаушы
күші болары анық. Дені сау ұрпақ – тірегіміз Жастардың денсаулығын жақсартып, білімін
көтеру және әл-ауқатын арттыру мәселелері Елбасының үнемі назарында болуы бекер
емес. Адам бақытты болу үшін бұл дүниеде екі нәрсе керек: бірінші – денсаулық, екінші –
білім. Осы екеуі біріксе, адам алдында алынбайтын қамал, қол жетпейтін арман,
игерілмейтін биік жоқ. Мемлекетіміз халық денсаулығына әрдайым ерекше көңіл бөліп,
еліміздің тұрғындарының өмірін неғұрлым ұзарта түсуге бағытталған шаралар алуы қазір
басты мәселеге айналып отыр. Әсіресе, жастардың денсаулығы мықты болуы тиіс. Әскерге
шақыртылған жастарды медициналық тексеруден өткізгенде көптеген жастардың
денсаулығы қалыпты жағдайда емес екені анықталып отыр. Жастар денсаулығының нашар
болуы неліктен? Мұндай жастың келешегі не болмақ? Бұны балалар мен жастардың
денсаулығын бекемдеу ісінің әлі де ойдағыдай болмай отырғаны деп ұққанымыз жөн
ҚАШАНДА МЕМЛЕКЕТ НАЗАРЫНДА

• Жас ұрпақтың болашағы – қашан да мемлекет назарында. Президент
Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық мақаласында жастармен тікелей байланысты бірқатар
мәселелердің басын ашып айтты. Ұлттық сананы кемелдендіру, ұлттық
бірегейлікті сақтау, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, білімнің салтанат құруына
жол ашу мен сананың ашықтығын қамтамасыз ету ең алдымен жас буынға
міндет болары анық. Тіпті латын әліпбиіне өту ұсынысының астары да тым
тереңде жатыр. Елбасының айтуынша, мектеп қабырғасында балаларымыз
ағылшын тілін оқып, латын .әліпбиіне өту сияқты стратегиялық маңызды
бастамада жастарға үлкен сенім артатынын аңғартып тұр

Ұқсас жұмыстар
Менің болашақ мамандығым
Электронды оқыту түрлері мен жабдықтары
Өлеңді оқытудың тиімді жолдары
Жастар сясаты
Ынтымақтастық педагогика жайлы ұғым
Орта кемел жастағы адамның психологиялық сипаттамасы
Жастар саясаты туралы
Испания туралы
Ата - ана мен баланы
Мағжанның сөзі
Пәндер