Әдеби тіл
Презентация қосу
СӨЗ БАЙЛЫҒЫ, ТІЛ
ТАЗАЛЫҒЫ, ӘДЕБИ
ТІЛМЕН ДИАЛЕКТИЗМНІҢ
АРА-ҚАТЫНАСЫ.
ЖОСПАРЫ:
• Кіріспе бөлім
• Сөз байлығы.
• Тіл тазалығы
• Әдеби тіл
• Негізгі бөлім
• Диалектизм және оның түрлері
• Қорытынды бөлім
• Әдеби тіл мен диалектизмнің арақатынасы
СӨЗ БАЙЛЫҒЫ
• Сөз байлығы – оралымды тілге қойылар талаптың бірі. Айтушының
сөзі тыңдарман қауымға тартымды болуы үшін сөз байлығы
жақсы, сөздік қоры мол болуы тиіс. Адамдар сөйлегенде бос
қайталауларға бой алдырып, сөз жұтаңдығын танытады, тілдің
коммуникациялық сапасын күрт төмендетіп жібереді. Әрбір
айтылған сөздің салмақты болғаны жөн. Құр бос ауаға айтылған
сөздің еш қадірі жоқ. Ол айтушының сөз байлығының төмендігін
көрсетеді. Әдемі сөйлеуді, дұрыс сөйлеуді тіл мәдениетін үйрену
арқылы жетілдіруге болады. Сөздік қорын молайту үшін кітапты
көбірек оқу керек, аса көрнекті қаламгерлерден, тіл нақышы
келісті сөз зергерлерінен үйрену керек
ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ
• «Біз бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор – Мемлекеттік тіл –
қазақтардың туған тілін дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» (Н.Назарбаев)
Қазақ тілі – аса бай тіл, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрамын тауып,
қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет
оюға болады-ау! Бұл тілден май тамады десе сияр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң,
небір алуа, шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне…
осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады… (Нұртас Оңдасынов.)
Тіл мәдениетіне қажетті аса маңызды сапалардың бірі – тіл тазалығы.
Өзге тілден еніп, заңды түрде орныққан осы тәрізді сөздерден кейбіреудің дағдысына енген
мүкістіктер (остановкаға барамын, субботада келді, звонит ет, т.б.) мүлде басқа.
Кейбір ұғымдар көшірме (калька) тәсілімен аударылып та алынады.
ӘДЕБИ ТІЛ
• Әдеби тіл — жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба
және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-
жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.
Әдеби тілдің жүйелік сипат алып, тұрақты нормаланып қалыптасуында, сұрыпталып,
икемделіп, жетіле түсуінде, жанрлық-стильдік тармақтарының қалыптасып, дамуында
жазба әдебиеттің алатын орны ерекше. Бірақ Әдеби тіл деген ұғымды, бір жағынан, тек
жазба әдебиетпен байланыстырып, жазба тілмен балама деп тану, екінші жағынан, Әдеби
тіл тарихын сол халықтың қоғамдық, әлеум., экон., мәдени тарихынан бөліп алып, соның
нәтижесінде жазуы болмаған я кеш дамыған халықтың, бай ауыз әдебиеті, ауызша тарап
келген әр жанрдағы халықтық әдебиеті болса да, Әдеби тілі жоқ, я болмаса кеш
қалыптасқан деген үзіледі-кесілді пікір айту шындыққа жанасымды бола бермейді.
ДИАЛЕКТИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
• Диалектизм — жергілікті диалектілер мен говорларға
тән тіл ерекшеліктері. Диалектизм — көркем шығармаларда әдеби
тіл нормасынан ауытқу түрінде орын алады.
Диалектизмнің бірнеше түрі бар:
Фонетикалық диалектизмдер: әдеби ө орнына ү айтылуы (өгей —
үгей), б орнына п (болат — полат), ш орнына ч (малшы —
малчы), ж орнына й (бұл жақ — бұйақ, сол жак, — сойак,), сөз
ортасында ғ сакталуы (шаңғарақ);
ГРАММАТИКАЛЫҚ ДИАЛЕКТИЗМДЕР
• Грамматикалық диалектизмдер: көсемшенің әдеби -голы/-гелі тұлғасының -гайы/-гейі (баргайы,
келгейі) аркылы, бұйрық райлы етістіктің көпше Ы жағы -лы/-лі арқылы жасалуы: біз баралы
(барайық орнына), келелі (келейік орнына), көмектес септігінің -мынан, -бынан, -
пынан қосымшалары арқылы айтылуы: атпынан, пойызбынақ;
Лексикалық диалектизмдер:
бойлай (унемі д. м.)
• бейсаубет (бет алды),
жарын (келер жыл),
рабайда (анда-санда),
кун баю (кун бату),
таға (нағашы),
ашық-машық (топса
ӘДЕБИ ТІЛ МЕН ДИАЛЕКТИЗМНІҢ
АРАҚАТЫНАСЫ
• Диалект сөздердің мағынасындағы ақпараттың таралу шектеулілігі осысынды аумақтық ерекшеліктерге байланысты болады. Егер,
қандай да бір диалектсөздің мағынасындағы ақпараттың таралу шегін анықтау керек болса, оныңговорлар тобының қайсысына
жататынын, олардың ішінде қай говорға кіретінінбілу арқылы көз жеткізуге болады. Мысалы, кепеш (тақия), жоян (зор),
шылауыш(кимешек және оның сыртынан орайтын орамал), мұқым (бүкіл), тарпа (қолшалғы), тошала (қарақат тәрізді жеміс ағашы)
деген сөздер шығыс говорлартобына жатса, зәліс (қу, алаяқ), пансат (зор, дәу), қолапат (орашолақ,ебедейсіз), жөргентай (кішкене
пысық бала), қырбасы (арық, жүдеу), моды(кескін, пішін, қалпы), жұпын (нашар) т.б. орталық-солтүстік тұрғындар тіліндеқолданылады
(Нақысбеков 1982: 5).Диалект сөздер белгілі бір аумақ шеңберімен ғана шектеліп қалмай, жалпыәдеби тілге, терминологиялық лексика
құрамына да еніп, оның қолданыс аясыкеңеюі де мүмкін. Бұл орайда белгілі тілші ғалымдар Ш. Сарыбаев пенӘ. Нұрмағамбетовтың
мына пікілері орынды айтылған: «Қай тіл болмасын оныңдиалектілік лексикасын жинап, зерттеудің маңызы зор. «Кен асылы жерде,
сөзасылы елде» дегендей, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі бір аудан, не бір облыскөлемінде ғана айтылатын, көпшілікке бимәлім,
бірақ әдеби тіл терминологиясынбайытуға қажетті сөздерді жарыққа шығарып, әдеби тілге енгізу арқылы көпшілікқауымының игілігіне
айналдыруда да бұл сөздердің пайдасы мол»
СҰРАҚТАР
1. Тіл тазалығын қалай түсінесіздер?
2. Әдеби тіл мен диалектизмнің арақатынасын қалай
түсінесіңдер?
3. Сөз сапасы дегенді қалай түсіндірер едің?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz