Тіл дамыту әдістемесі




Презентация қосу
ТІЛ ДАМЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
ҒЫЛЫМ БОЛЫП
ҚАЛЫПТАСУЫ
Жоспары:
■ 1.Кіріспе бөлім
■ Тіл дамыту әдістемесі
■ 2. Негізгі бөлім
■ Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы.
■ 3.Тапсырмалар
■ Пысықтау кезеңі
■ 4.Қорытынды бөлім

Тіл дамыту әдістемесі
Тіл дамыту әдістемесі – педагогикалық қызмет
заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда
балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған
педагогикалық ғылым.
Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір
бөлігі , оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті,мазмұны бар.
■ Әдістеменің басты міндеті – балабақшада тәрбиеші
баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін
дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл
дамытудың тиімді әдіс – тәсілдерін жинақтау, жасау.
Курстың басты мазмұны баланың ауызекі тілін
қалыптастыру, қоршаған ортамен сөздік қарым-қатынас
жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы.

Тіл дамыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысты, әсіресе тіл туралы
ғылымдармен: тіл білімі (тіл білімдері бөлімі – фонетика, орфоэпия,
лексикология, грамматика, морфология, синтаксис): психолингвистика. Тіл
функциялары туралы білім, тіл білімі және психологияда
жасалған.Әдістеменің басты тараулары:
- байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру
- сөздің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
- балалардың ауызекі сөзінде сөз қорының және грамматикалық
дағдыларының дамуы
- балаларды сауатты оқуға дайындау
балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.
■ Тіл дамыту әдістемесі барлық мазмұны іс – жүзінде мектеп жасына
дейінгі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге арналған.
Тіл дамыту әдістемесі мектепке дейінгі педагогика тарихымен
тығыз бірлікте дамиды. Өйткені педагогикада бір күнде пайда
болған ғылым емес, оның да өзіндік даму тарихы бар. Сол
педагогиканың әр кезеңдегі оқыту, тәрбиелеу әдістерінің ішінен
мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға әсер ететіндерін
таңдап алып, оқу іс-әрекетінде пайдалану тәрбиешіден үлкен
шеберлікті қажет етеді.
Тіл дамыту әдістемесі көркем әдебиетпен тығыз бірлікте дамиды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын
әдіс-тәсілдердің барлығы көркем әдебиет мысалдары арқылы
жүргізіледі. Яғни тәрбиеші қай топта болмасын тіл дамытудан
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізгенде негізгі құрал ретінде
сабақ мазмұнына сай ертегілерді, әңгімелерді, мақал-мәтелдерді,
жаңылтпаштарды, жұмбақтарды, тақпақтарды кеңінен
пайдаланылды.Тіл дамыту әдістемесі бастауыш сыныпта ана тілін
оқыту әдістемесі мен бірлікте дамиды. Өйткені балабақшада сөздік
қоры дамыған, байланыстырып сөйлеуге үйренген, дағдыланған,
грамматикалық формаларды мысал түрінде меңгерген
әріптерменен буындарды ажыратуға үйренген бала мектепке
келгеннен кейін сол алған түсініктерін ережелер арқылы
толықтырып әрі қарай кеңейтеді. Сондықтан бастауыш сыныпта ана
тілін оқыту әдістемесі балабақшадағы тіл дамыту әдістемесінің
Тест сұрақтары
■ 1. Тіл дамыту әдістеменің методологиялық негізін көрсетіңіз.
■ А) тілтанымдық теория, тілдің қоғам өмірі мен оның дамуындағы және адамның тұлға ретінде
қалыптасуындағы ролі туралы теория
■ Ә)тілдің қоғамдық, әлеуметтік ролі мен қызметі туралы ілім
■ Б)әдістеменің педагогика саласы екендігі туралы ғылыми көзқарас +
■ в) дидактика теориясы, оқыту мен практиканың байланысы туралы ілім
■ г) әдістеменің психология саласы екендігі туралы ғылыми көзқарас
■ 2. Тіл дамыту әдістемесі ғылымының зерттеу пәні қайсы?
■ А) тілге үйрету үдерісі мен тілдің іс-жүзінде қолданымы
■ Ә) ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті
■ Б) тіл міндеттері мен құралдары
■ В)балалардың үлкендермен қарым-қатынас тілі
■ Г) сөйлеу тілі мен жазба тілі құралдары +
■ 3. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту әдістемесі қандай пәндермен байланыста
оқытылады?
А)психология, мектепке дейінгі педагогика, анатомия, физиология,тіл білімі +
Ә) ана тілі , тарих, педагогика, философия, мектепке дейінгі педагогика
Б) педагогика, лингвистика, философия, тарих, әдебиет
В) педагогика, тіл білімі, педагогика
Г) психология, педагогика, тарих, ана тілі
4. «Ана тілі – балаларға білім сырларын ашатын «кілт» деген кім?
А) О.И.Соловьева
Ә) А.А.Леонтьев
Б) Е.И.Тихеева +
В) Н.Крупская
Г) Л.С.Выготский
5.Тіл дамытудың лингвистикалық негізіне нелер жатады?
А).лексикалық, фонетикалық, грамматикалық жүйелердің таңбалық белгі екендігі
туралы ілім +
Ә)философия, әлеуметтік педагогика, тілтаным мәселелері
Б)лексика, фразелогогия, мақал-мәтелдердер-айшықты лексика семантикасы
В)филология, фразеология, тілдік бірлік, тілдік ұғым-ғылыми терминдері
Г)тілдің шығуы, зерттелуі, қолданылуы туралы ілім
6.Ауызша тіл ерекшелігін белгілеңіз.
А)дыбыстық бедерлі , сөздері еркін орналасқан, мәнерлі +
Ә) ойдың кімге бағытталғаны белгілі
Б)графикалық таңбалы, нормалы, тұрақты
В)дыбыстық мәнерлеу құралдары жоқ, нормалы
Г)рухты, патриоттық, сөйлеушілеріне тәуелсіз

Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысы
Сағира Рахметова Қазақ тілін оқыту методикасы
Тіл дамыту әдістемесі. Жазу және тіл
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Тіл дамыту әдістемесінің курсы
Балалардың сөздік қорын дамытуға арналған жаттығулар
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен мазмұнды суреттермен жұмыс
Балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу
Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі
Глен Домен әдістемесі
Пәндер