Аусыл ауруының диагностикасы


Slide 1

Вакцинаға қойылатын талаптар

ФТ-11

Орындаған:Шотаева А. О

Slide 2

Кіріспе

Вирустық аурулар - вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктер. Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл, құтыру және т. б. аурулар вирус арқылы таралады. Вирустық ауруларды 2 топқа бөліп карастырамыз.

Спецификалық әдіске екпе егу жатады, алдын алу әдісінің ең негізгісі болып есептеледі. Малдың ағзасына жұқпа агентінің бөлігін енгізу арқылы ағзаны қорғаныс денелерін (антиденелер) бөліп шығаруға ықпал етеді, соның нәтижесінде вирустардың көбеюі мен жасушалардың зақымдалуы төмендей түседі.

Спецификалық емес әдістерге, иммундық жүйенің қызметін қалыптастыруға арналған дәрі-дәрмектер мен емшаралар жатады

Slide 3

Арнамалы(Спецификалық) дауалау

Арнамалы(Спецификалық) дауалау дегеніміз малды жұқпалы аурулардан вакцина немесе гипериммунды қан сарысуы арқылы сақтандыру. Ауырып жазылған малда және вакцина егілген соң вирусқа қарсы пайда болған

иммунитет әр түрлі дамиды.

Мұнда гуморальдық және клеткалық факторлар әр түрлі роль атқарады.

Slide 4

Вакцина дайындау принциптері

Егілген адамдар мен жануарлар ағзасында белсенді иммунитет тудыруға арналған

препараттар, яғни биологиялық препараттар болып табылып, ағзаға енгізгенде

белгілі бір ауруға қарсы қорғаныстық иммунитетті индукциялайды. Әрбір

вакцинаның негізгі әсерінің бастамасы иммуноген болады, яғни ауру

қоздырушысының компоненттеріне ұқсас химиялық құрылымдарға ие болатын

және иммунитет пайда болуына жауапты корпускулярлы немесе еріген субстанция.

Slide 5

Вакцинаға қойылатын талаптар:

Slide 6

Иммунитеттің гуморальдық және клеткалық факторлары әр түрлі вакциналармен іске асады:

Тірі вакциналар - тірі, бірақ әлсіретілген вирус штамдарынан алынған;

Өлтірілген - немесе инактивтелген вакциналар вирустарды физикалық не химиялық жолдармен өлтіріп алынған;

Суббөлікті вакциналар -вирустың тазаланған белоктарынан алынған;

Гендік- инженерлік вакциналар гендік -инженерия тәсілдерімен алынған;

Жасанды, немесе синтетикалық вакциналар -вирус антигеніне полиэлектролит не полимер қосып, вакциналық жиынтық алынған;

Slide 7

Әлсіретілген тірі вакциналар

Тірі вакцинаны әлсіретілген вирустардан алады.

Әлсірету(аттенуация) вирусты немесе індеттің ауыр түрін қоздыра алмайды, яғни қоздырушының патогендік және уыттылық қасиеттері жойылады, ал иммуногендік қасиеті сақталады.

Вирустық ауруларға қарсы тірі вакцина алу өте қиынға түседі. Ол үшін тірі жүйелер т. б қажет. Олар мынандай түрлерге бөлінеді:

Ависделген вакциналар. Көптеген вирустар тауық эмбриондарында өсіп көбейеді. Тауық эмбриондары вакцина алу үшін әрі арзан, әрі қолайлы.

Клетка өсінділерін қолданып алынатын вакциналар вирустарды әр түрлі клетка өсінділеріне өсіріп көһбейтеді.

Лапинделген вакциналар вирустарды қоян организміне бейімдеу арқылы алынған.

Slide 8

Инактивтелген вакциналар:

Белсенді қасиеті жоқ, өлтірілген немесе инактивтелген вакцина деп тазаланған вирусты химиялық немесе физикалық жолмен өлтірілген вакцинаны атайды.

Slide 9

Жасанды вакциналар

Жасанды немесе синтетикалық вакциналар алу инфекциялық аурулардан сақтандырудың яғни сақтандырудың яғни алдын алудың жаңа түрлеріне жатады. Жасанды вакциналардың негізгі ретінде вакциналық жиынтық ұүру болып есептеледі. Вирус белоктарның паптидтеріне синтетикалық полиэлектродиттерді қосып, олардың иммуногендік қасиетін күшейтеді.

Slide 10

Суббөлікті вакциналар

Тірі және өлтірлген вакциналар бүтін, толық вироиндардан тұрады. Өздеріңіздерге белгілі күрделі вирустардың құрамында әр түрлі белоктор, көмірсулар, липидтер болады. Ал вирус белоктарының тек 10 пайызы ғана вирусқа қарсы тұру қабілетін туғызады. Ол қарсы тұру қабілеті вирустың сыртында орналасқан антигендерге сай болады, ал қалған белоктар мен дипидтер иммундық жүйеге артық «жүк» болып есептеледі. Сондықтан да вирустың тек суруға қарсы тұру қабілетін туғызатын құрамынан алынған вакцина - тазартылған вакцина болып саналады.

Slide 11

Гендік инженерлік вакциналар

Гендік инженерлік әдісті биологиялық өндірісте вакцина алу үшін қолдану да жаңа бастама болып табылады.

Көптген ферменттердің көмегімен ДНҚ молекуласы белгілі бір жерінде кесіліп, одан оларды керісінше лигазалардың көмегімен ДНҚ фрагменттерін құрайды. Осы ферменттердің көмегімен белгілі бір қажетті ген бөлініп алынады, ал ол тген антигендік қасиеті бар белок құрайды

Slide 12

Иммуномодулятор

Иммуномодулятор адам мен жануарлардың иммундық жүйесі организмнің ішкі ортасын тұрақтылығын сақтауда маңызды функция атқарады. Бұл функция антигендік қасиеті бар эндогенді түзілетін және экзогенді түскен бөгде заттарды тану және организмнен шығару жолымен іске асырылады. Иммунды жүйенің бұл қызметі туа және жүре пайда болған иммунитет факторлары арқылы жүзеге асырылады. Біріншісіне, яғни туа пайда болған иммунитетке, нейтрофильдер, моноциттер/макрофагтар, дендриттік клеткалар, NK-және T-N-K- лимфоциттер, екіншісіне, яғни жүре пайда болған, Т және В клеткалар жатады. Иммунды жүйенің клеткасының саны және функциональды активтілігі бұзылған жағдайда иммунитет ауруы дамиды: иммунодефициттер, аллергиялық, аутоиммунды және лимфопролиферативті процестер. Бұл ауруларды комплексті иммунотерапия әдістерінің көмегімен жүргізіледі, ал иммунотропты дәрілік заттарды қолдану -солардың бірі болады.

Slide 13

Адьюванттар, иммуномодуляторлар

Адьюванттар (лат. Adjuvans, adjuvantis ықпал көмектеседі. ) -

антигенді иммуногенндігін арттыратын зат;

кейбір адъюванттарды вакциналарды өндіруде қолданады (алюминий гидрат соавт. ) ;

агент немесе есірткілік заттарды күшін арттырады.

Иммуномодуляторлар - иммундық жүйеге реттеуші әсер ете алатын табиғи немесе синтетикалық заттар. Имундық жүйеге әсер етуі бойынша оларды иммуностимулдеуші және иммуносупрессивті деп бөледі.

тимус препараттары, интерлейкиндер, интерферондар, интерферондардың индуктоы, биологиялық белсенді пептидтер, кейбір саңырауқұлақтардың полисахаридтері, емдеуші вакциналар жатады. Олардың белсенділігі организмнің клеткалары мен ұлпаларының метаболизміне әсер ету қабілетімен және иммунокомпонентті клеткаларды белсендіре алатынында болса, оның нәтижесінде организмнің инфекционды және инфекционды емес ауруларға қарсы қабілеті артады.

Иммуносупрессорлар қабынуда, аллергияда, трансплантацияда, аутоиммунды ауруларды емдеуде лимфоцидті клеткалардың белсенділігін басу үшін қолданылады

Slide 14

Ауруға клеткалық және гуморальдық қарсы түру қасиетіне сәйкес инфекциялар бірнеше топқа бөлінеді:

Кейбір індеттерде организмнің қорғану қасиеттері тек гуморальдық факторларға сүйенген, яғни антиденелердің мөлшеріне байланысты, ал клеткалық факторлар әсері тіпті жоқ десе де болады, немесе өте аз әсер етеді.

Екінші топқа жататын індеттерден сақтандыру үшін әрі клеткалық, әрі гуморальдық факторлардың маңызы зор.

Үшінші топтағы аурулардан сақтандыру үшін клеткалық факторлардың маңызы зор. Бұл ауруларға қарсы құралған иммунитет клетка деңгейінде пайда болады

Slide 15

Құтырық ауруының диагностикасы

Құтырық (лат. Lyssa, ағыл. Rabies - cудан қорқу, гидрофобия) - адам мен жануарлардың жіті жұқпалы ауруы, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Құтырмамен ит, мысық, сиыр, жылқы, түйе, қой-ешкі, кеміргіштер, жабайы жыртқыш аңдар-қасқыр, түлкі т. б. және адам ауырады.

Аурудың көзі-сілекейімен құтырманың вирусын шығаратын және оны тістегендегі жара арқылы беретін жануар. Сілекей ауру белгілері пайда болмай тұрып, ауру жұққан соң 8-10 тәуліктерде жұқпалы бола бастайды. Теріге немесе кілегейлі қабыққа сілекей жұққанда құтырма вирусы жұғады. Құтырма вирусын жұқтырған кезден бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бірнеше тәуліктен бірнеше айға (бір жылға дейін ) созылуы мүмкін.

Қоздырғышы:рабдовирустар тұқымдастығының лиссавирустар туыстастығына жатады. Барлық рабдовирустар секілді оқ пішінді. Вириондарының ұзындығы 180 нм, көлденеңі 75-80 нм. Өсіп келе жатқан тауық және үйрек эмбриондарында, кейбір торшалардың өсінінде өсіруге болады. Бұл вирустың екі негізгі антигендері бар. Еритін S-антиген (капсид нуклеопротеиді) - барлық құтырық вирустарына ортақ және V-антиген (вирионның сыртқы қабығындағы гликопротеид) вирустың әрбір жеке титріне тән.

Төзімділігі: Құтыру вирусы 60 градус кезінде 10 минут өткенде 100 градустан бірден белсенділігін жоғалтады. Төменгі температураға төзімді болады да, тоңазылтқыш қатырылған мида айлап сақталады. Шіри бастаған материалда 2-3 апта бойы тіршілігін жоймайды. Қолданып жүрген дезинфектанттардың кәдуілігі концентрациясы: 1-2% лизол ерітіндісі, 2-3% сілтілер, формалин және хлорамин вирусты тез арада белсенділігін айырады.

Slide 16

Құтырық ауруының хайуандардағы клиникалық белгілері:

Бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады;

Аузы көбіктенеді - ішіп-жей алмайды;

Жанына жолағанның бәрін қауып, тістеуі мүмкін.

Хайуан 5 күн 7 күннің аралығында өледі.

Құтырық ауруының адамдардағы клиникалық белгілері:

Тістеген жер ауырып, ысиды;

Алқынып демалады, түрі жаңа гана жылаған адам сияқты болады;

Ауырсынып және қиналып жутынады, аузының сілекейі қоюланып, желімдесе береді;

Адамды үрей билейді, ашуланшақ келеді, құтырынып, алас урады;

Өлім алдында талма үстап, дене құрысып сал болып қалады.

Алдын алу шаралары:

Құтырманың алдын алу үшін адамдарды немесе жануарларды тістеген ит, мысық және басқа жануарлар оқшауланып, ветеринариялық қадағалау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу клиникасына жеткізілуі тиіс. Жоспарлы түрде жабайы иесіз ит, мысықтарды аулау құтырманың алдын алудың бірден бір жолы болып табылады.

Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай құтырмамен ауырған жануар міндетті түрде жойылуға жатады.

Қазіргі кезде құтырықтың шығу қаупі бар елді мекендердегі барлық жануарларға вакцина егіледі. Әсіресе аймақтағы барлық ит пен мысық құтырыққа қарсы вакцинамен иммундалуға тиіс. Вакцинамен иммундалған жануардың денесінде иммунитет бір жылға дейін сақталады.

Slide 17

Аусыл ауруының диагностикасы

Аусыл - Aphtae episooticae - жұп тұяқты малдың жіті, контагиозды өтетін індеті. Бұл аурумен ірі қара, ұсақ мал, шошқа, киік, қодас, буйвол /енеке/, антилопа және т. б. ауырады. Аусыл ауруы қызбамен, ауыз қуысының кілегейлі қабықтары, желін, тұяқ арасы, жұлық, миокард, бұлшық еттің везикулярлы /күлдіреуікті/ зақымдалуымен сипатталады.

Қоздырушысы: РНҚ-лы бар вирустар тобына, пикорнавирустар тұқымдастықтың, афтовирус туыстығына жатады. 1898 жылы Леффлер мен Фрош ашқан.

Алдын ала балаудын әдістері:1. Эпизоотологиялық- аусылдың эпизоотологиясының ерекшелігі қоздырушының биологиялық қасиеттеріне байланысты. Бұл ауру өте жұқпалы контагиозды /жұғымтал/ түрде өтеді, ал инкубациялық кезеңі қысқа болады, індеттің экологиясы вирустың мал организмінде ұзақ уақыт болуымен байланысты. Сөйтіп, қоздырушының табиғатта, сыртқы ортада сақталатының оның экологиялық нишалары бар екенін және бұл вирустың типтерінің, тип тармақтарының көптігін ескерген жөн. Аусыл вирусының ең кең таралған А. О, С түрлері, ал SАТ1, SАТ2, SАТ3 түрлері тек Африка мемлекеттерінде кездеседі.

2. Клиникалық - аусылда анық клиникалық белгілер пайда болады: ауыз, тіл кілегейлі қабықтарында афталаркүлдіреуіктер (везикулалар) пайда болады. 12-36 сағаттан кейін афталар жарылып, орындарында қызыл эррозия қалады. Сонымен қатар афталар тұмсықта, жұлықта, желінде, тұяқ арасында байқалады. Ауру малда дене ыстығы көтеріледі, аузынан сілекей ағады, ақсайды, пульсі, тыныс алуы жиілейді.

3. Патологиялық - анатомиялық өзгерістер. Сірі, кілегейлі қабықтарда қанның құйылғаны, тіл, ұрт, өңеш, мес қарын, жүрек етінде афталардың пайда болғаны байқалады.

Зертханалық балау. Патологиялық материалды афталардың құрамынан, іргесінен, өңештің, жұтқыншақтың кілегейлі қабықтарынан қырындыны алады.

Slide 18

Аусыл ауруының алдын алу

Аусыл байқалған сәтте сау емес шаруашылыққа немесе елді мекенге карантин енгізіліп, қатер төнген тереторины анықтайды. Ауданның, облыстың шаруашылық әрекеттеріне шектеу қойылыды.

Біздің елде аусылға қарсы күрес шараларын шекаралас бұл аурудан сау емес мемлекеттерден ауру мал әкелуге жол бермеуге бағытталған. Аусылдың мүмкін болатын қорламалары есепке алынып, одан ауруды үй жануарларына жұқтырмау шаралары қарастырылады.

Slide 19

Шмалленберг


Ұқсас жұмыстар
Аурудың белгілері
Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. 2. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Адъюванттар, иммуномодуляторлар
Ауыз қуысы ауруларында тағайындалатын диеталык азықтар
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Ауески ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz