Көшпелілер өркениетін зерттеу




Презентация қосу
КӨШПЕЛІЛЕР
ӨРКЕНИЕТІ МЕН
МӘДЕНИЕТІ

Орындаған: Жақсылықова Назерке
Тексерген: Қыдырбекова Д.С.
Жоспар:
1.Көшпелілер өркениетін зерттеу

2.Көшпеліліктің шығу тегі
3.Көшпеліліктің эволюциясы
4. Қазіргі кездегі көшпелілер
мұрасы
Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан
әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-
мәдени типі.
Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында
қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі
скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің
табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар,
орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл
баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-
қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді.
Көшпелілер туралы әр түрлі түсініктер

Көшпелілер туралы нашар түсініктер
Еуропа ғалымдары да
сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне
көшпелілер туралы өз
Қытайда "көшпелілер жабайы,
көзқарастарын білдіріп
мәдениеттің қас жауы" деген түсінік
отырды. Мысалы,
қалыптасты. Еуропада да көшпелі
Монтескъе көшпелілер
ғұндарды "тағы-жабайылардың
қоғамын "әділетті, теңдікті
тұқымы, өркениеттің жауы" деп
қоғам" десе,
есептеді.

Фергюсон, Адам Смит: "Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік
теңсіздік ерте пайда болды", — деген. Ал философ Кант: "Мемлекеттің
өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан,
қорғаныс мақсатында пайда болды" деген тұжырым жасайды. Атақты
философ Ф. Гегель: "Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық
болғанымен, мемлекет болған жоқ", — деп есептеген.
ХХ ғасырдағы Еуропа ғалымдарының көшпелілікке көзқарасы әр түрлі
болғанымен, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына ғана назар аудару басым
болды. Мысалы, Рацель, Гумплювич, Торнвальд, Тойнби деген ғалымдар:
"Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа
да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана
үйренді" деген тұжырымдар айтты

Олардың және бұл ғалымдардың жолын қуушы
қазіргі заманғы зерттеушілердің пікірінше:
"Көшпелі қоғам — бұл бір орнында тоқырап, өз
бетінше дами алмайтын қоғам, отырықшы
мәдениеттің әсерінсіз өркениет жасай алмайтын
қоғам, болашағы жоқ қоғам".

Көшпелілік кеңес ғылымында ХХ ғасырдың 20—40-жылдарынан бастап
зерттеліп келеді. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының еңбектерінде де
маркстік-лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер, негізінен алғанда,
көшпелілердің қоғамдық құрылысына ғана мән берді. Мысалы, А. П.
Чулюіиников деген зерттеуші: "Көшпелілерде таптық қоғам болған жоқ,
тек рулық қауым болды", — десе
П. Кушнер: "Көшпелілерде "рулық мемлекет", феодализмнің
бастапқы нышандары ғана пайда болды", — дейді.

С. П. Толстовтың пікірі бойынша:
"Көшпелілер отырықшы халықтар
сияқты алдымен құлиеленушілік, содан Екінші бір топ
соң феодалдық қоғамды басынан өткізді. зерттеушілер: "Еуразия
Бірақ көшпелілердің құлиеленушілік көшпелілері
қоғамы әскери құлиеленушілік патриархалдық-
демократия немесе патриархаттық феодалдық қоғамда өмір
монархия түрінде құрылды". сүрді, осы таптық
"Көшпелілердегі меншіктің негізі жер қоғамдағы меншіктің
ме, мал ма?" деген мәселенің төңірегінде негізгі түрі малға
пікірталас жүрді. Бір топ ғалымдар: қатысты жеке меншік
"Көшпелілерде рулық қоғам болды, ал жер рулық
қалдықтарымен араласқан феодалдық қауымның ортақ
қоғам болды және феодалдық меншіктің иелігінде болды", —
жерге қатысты негізін жерге жеке деген пікірді ұстанды.
меншік құрады", — дегенді айтты.
Археолог К.Ақышевтың пікірі
бойынша, Қазақстан жерінде
көшпелі мал шаруашылығының
қалыптаса бастауы қола дәуірінің
соңы, темір дәуірінің басына, яғни
б.з.д. ІХ—VIII ғасырларға жатады.
Осы кезден бастап, Орталық, Батыс
Қазақстан жерінде меридиан
бойымен көшу, ал Шығыс
Қазақстан мен Жетісуда қыста
жазықтар мен қар аз түсетін
таулардың қойнауын қыстап, жазда
биік таулы жайлауларға көшу
қалыптасқан.

ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап тоталитарлық жүйе идеологтары
көшпелілікке қарсы шыға бастады. "Адам табиғатты өзгертуші құдіретті
күш" деген қағиданы басшылыққа алған коммунистік идеологияның өкілдері
көшпелі мал шаруашылығымен айналысып келген халықтарды жаппай
отырықшылыққа айналдыру қажеттігін дәлелдеп бақты.
Көшпеліліктің шығуы, көпшілік
жағдайда, географиялық ортаның
тікелей әсерімен байланысты.
Сондықтан да көшпелілік белгілі бір
нақты тарихи кеңістіктерде ғана
таралды. Көшпеліліктің пайда болуы
— белгілі бір климаттық жағдайлар,
экологиялық ұяның (ниша) шектеулі
мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың
сол өлкеде өмір сүруші этностың
алдына қоятын табиғи талаптарына
байланысты
Көшпелілік белгілі бір
геофизикалық, табиғи-климаттық
Соғыс және аңшылық арбалары аймақтарда қалыптасады. Әдетте,
бейнеленген жартастағы суреттер бұл — далалы, жартылай шөлейт,
(б.з.д. ІІ—Іғғ.); шөл және құрғақ далалар, тау
1, 5, 6 — Арпаөзен, бөктері, тау аймақтары
2, 3, 4, 7 — Қойбағар
Қазақстан шеңберінде көшпелілік
қалыптасқан аймаққа Каспий маңы
ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем
жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы
далалары, Сарыарқа, Мұғалжар,
Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай,
Жоңғар, Іле Алатауларының тау
беткейлері және таулы өлкелері жатады.
Бұл аймақтардағы өзен-сулардың
маңайында, әсіресе осы аймақтар мен
отырықшы-егінші мәдениеттер
шекараларында маргиналдық аймақтар
қалыптасты. Оларға тән шаруашылық-
мәдени тұрпат — жартылай көшпелі
шаруашылық пен мәдениет. Мұндай
аймақтарға Сырдың бойы, жартылай
Ертістің, Тобылдың, Есілдің, Жайықтың
бойлары, Жетісу, Шығыс Қазақстанның
таулы және тау бөктерінің кейбір
алқаптары, Аралдың маңайы жатады.
Көшпеліліктің эволюциясы

Көшпелілік бірден пайда
болмаған. Оның пайда Бұрынғы отырықшы малшылар
болуының, дамуының өзіндік біртіндеп жайылым ауыстырып,
заңдылықтары, себептері бар. жылжып көшуге мәжбүр
Малшылықтың алғашқы түрі болады. Сөйтіп, көшпелілік
— үй маңында мал өсіру қалыптасты", — дейді. Ал енді
болды. Ал "Көшпелі мал бір зерттеушілер бұл жағдайды
шаруашылығы қалай пайда қола дәуірінің соңындағы климат
болды?" деген мәселеде әр жағдайының өзгеруімен —
түрлі пікір бар. Кейбір Еуразия даласындағы қатты
ғалымдар: "Отырықшы құрғақшылықтың басталуымен
малшылық біртіндеп дамып, түсіндіреді. Көшпелі қоғам
мал басы өседі. Мал басы тарихын зерттеуші ғалымдар
өскен сайын жайылымды басқа да көптеген себептер бар
кеңіту, жайылым ауыстырып дейді.
отыру қажеттілігі туады
Б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасына қарай
көшпелі шаруашылық иен тұрмыстың
жаңа жетістіктері пайда болды. Олар —
темір үзеңгінің шығуы, ағаш ердің
таралуы (бұрын тоқым сияқты жұмсақ ер
болған), кереге, уық, шаңырағы бар киіз
үйдің шығуы, т.б. Осы кезде, мөлшермен
V—VI ғасырларда, көшпелі мал
шаруашылығы өзінің дамуының ең
жоғары деңгейіне көтерілді. Зерттеулерге
карағанда, осыдан кейін де 1000 жылға
таяу уақыт көшпелілер саяси билікте
басымдығын көрсетті. Олар бүкіл Азия,
Еуропаның жартысында, Солтүстік
Африкада өзінің билігін жүргізді. Олар
Еуразия континентіндегі бүкіл саяси
жағдайды уысында ұстады, сауданы,
керуен жолдарын бақылап отырды.
Мүның бәрі олардың әскери күшінің
мықтылығына байланысты болды.
Қазақ мәденнетінің негізгі архетипі саналатын
Көшпеліліктегі маңызды мәселенің бірі — ондағы әлеуметтік
құрылым, қоғамдық ұжымдасу ерекшеліктері, қауымдық
тұтастықтың болуы. Еуразиядағы нарықтық коғамда зат
иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет аткарса,
көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды
болып ееептелінді. «Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін
қасиетті, өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес
жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау
болды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып
түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы
белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат
ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген.
Ғұндардың көшу көрінісі
Ерте кездегі қазақ халқының көші
Қазақта көш басын болыстың отбасылары бастап
отырған
Көш кезінде тоқтап аялдау
Көш тиісті межеге жеткен кезде Киіз үй тіккен.
НАЗАР АУДАРҒАНЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Көшпелілер туралы мәлімет
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері
КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ
Қазақ көшпелілер мәдени мұрасы
Көшпелілік мәдениет түрі
Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени - өркениеттік рөлін айқындау
Мәдениеттің мәтіндік концециялары
Көшпелілік тің дамуы, шығу тарихы
ӨРКЕНИЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
Көшпенділер туралы түсінік
Пәндер