Кейінірек гендерлік зерттеулер шеңбері кеңейіп, пəнаралық мəртебе алған кезеңде гендер термині тіл біліміне жаңа мағынада енді




Презентация қосу
ГЕНДЕР, ГЕНДЕРОЛОГИЯ, ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ТҮСІНІКТЕРІН
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРУ.
ГЕНДЕРОЛОГИЯ ІЛІМ РЕТІНДЕ, ГЕНДЕРЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ
САЯСИ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІН Т ОРЫНДАҒАН:ЕРМЕКБАЕВА АЙДАНА
ҮСІНДІРУ. ГЕНДЕРЛІК ЗЕРТТЕУЛЕР ТАРИХЫ
ТЕКСЕРГЕН:ДАБЫЛТАЕВА МАКПАЛ
Республикадағы гендерлік тең құқықтылыққа қол
жеткізу саласындағы мемлекет қызметі гендерлік
саясаттың негізгі төрт басымдығын іске асыруға
бағытталған:
1. əйелдердің саяси үдерістерге тең қатысу
мүмкіндігін қамтамасыз ету;
2. əйелдерді экономикалық тұрғыда ілгерілету;
3. əйелдердің жəне олардың отбасыларының
денсаулықтарын жақсарту;
4. əйелдерге қатысты зорлық көрсетуді түбірімен
жою.
Грамматикалық тек (род) категориясын білдіретін ағылшын термині «gender» лингвистикалық
контекстен алынып, алдымен басқа ғылым салаларының – əлеуметтік философия, əлеуметтану, тарих
жəне саясаттану ғылымдарының зерттеу нысанына айналды. Кейінірек гендерлік зерттеулер шеңбері
кеңейіп, пəнаралық мəртебе алған кезеңде гендер термині тіл біліміне жаңа мағынада енді. Тұңғышрет
гендер (тек) ұғымын ғылыми тіркеске американдық психоаналитик Роберт Столлер 1968 жылы енгізді,
ғалым бұл сөзді өзінің «Жыныс жəне гендер» еңбегінің атына пайдаланды.
Жыныс пен гендер арасындағы терминологиялық айырмашылықты нақты айқындап берген Г.
Рубин мен Р. Унгердің еңбектері болды. Gender терминінің өзі лингвистикалық терминологияға кейіннен
енді. Сондықтан тіл білімінде genus, sexus, gender категориялары айқын ажыратыла бермейді.
Гендерлік теңдіктің даму жолындағы қозғалыс
гендерлік айырмашылықтардың болуы мен оның
қайта пайда болуына талдаулар жасауды, негізгі
өршу себептерін анықтауды, ерлер мен
әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге
бағытталған іс-шараларды жасау және оны
реттеу нүктелерін анықтауды жүргізуді ұсынады.
Қоғам өмірінің және аймақтардың барлық
салаларында гендерлік айырмашылықтардың
арнайы шарттарын қалыптастыру есебімен
жасалған іс-шаралар механизімін жасау маңызды
орын алады
Қазіргі кездегі гендерлік теңдік түсінігі-бұл ерлер мен әйелдердің әлеуметтік-
экономикалық және қоғамдық-саяси өмірге араласуында пайда болған, ерлер
мен әйелдер арасындағы қатынастар.
Бұл қатынастар сипаты гендерлік қатынастардың қоғам өмірінің әртүрлі
салаларында пайда болып, қалыптасқан ерлер мен әйелдердің мәртебелік
ұстанымдары мен орындайтын қызметтеріне негізделген қатынастары болып
табылады. Берілген жағдайда гендерлік қатынастарды экономикадағы,
саясаттағы, әлеуметтік салалардағы ерлер мен әйелдердің жағдайын
сипаттайтын әртүрлі сандық және сапалық көрсеткіштер қатынасы деп түсінуге
болады.
Гендерлік қатынастарды реттеу тек кең тармақталған
құралдарды қолдануды ғана ұсынбайды, сонымен бірге
гендерлік сипаттардың территориялық
айырмашылықтарын да ескеру керек.

Гендерлік реттеу саясаты аймақтық бағытталған екі
құрылымдық сипаттан тұрады: орталық билікпен
жүргізілетін - ұлттық және жергілікті органдармен жүзеге
асырылатын – аймақтық [1, с 23].
Ұлттық –жекелеген аймақтарда гендерлік қатынастардың
дамуындағы жалпы ұлттық гендерлік саясаттың негізгі
принциптерінің жүзеге асуын ұсынады, аймақтық-
территориялық ерекшеліктерге байланысты гендерлік
реттеудің нақты іс-шараларын жасауды ұсынады.
АЙМАҚТАҒЫ ГЕНДЕРЛІК
САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ
КОМПОНЕНТІ БОЛЫП ӘРТҮРЛІ
ДЕҢГЕЙДЕ ЖАСАЛАТЫН ІС-
ШАРАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ
ТАБЫЛАДЫ (СУРЕТ 1).
Гендерлік теңдік саясатын жасау әдістері мен жолдарын анықтауда гендерлік реттеуде үлкен тәжірибесі мен оң
нәтижелері бар шетелдік практиканы қолданған дұрыс. Шетелдік практиканы талдау гендерлік саясаттың
басымдықтарын анықтауға және қолданылған құралдардың тиімділігін бағалауға, басқа елдердің тәжірибесін еліміздің
жағдайына қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Батыстың дамыған елдерінің гендерлік теңдік саясатының жетістіктері
жұмысбастылық және еңбек қатынастары шеңберіндегі жыныстар теңдігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қамтамасыз
ету, саясат шеңберінде және мемлекеттік басқару жүйесінде теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Батыс елдерінде
жұмысбастылық саласындағы теңдікті қамтамасыз етуде еңбек саласында алалаушылыққа қарсы саясатты жасау мен
өңдеуге, әйелдердің алға жылжуы мен кәсіби оқытуы бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға, еңбекті
ұйымдастырудың икемді формаларын кеңінен қолдануды ынталандыруға негізделеді. Батыс елдеріндегі гендерлік
теңдік саясатының маңызды элементі мемлекеттік және саяси құрылымдарға әйелдерді кеңінен тартуда негізгі құрал
болып табылатын гендерлік квоталарды құру болып табылады. Көп жағдайда орнатылған квоталарды қолдану
мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде атқарушы және заң шығарушы органдарға әйелдер өкілдерін тартуды бірнеше
есе ұлғайтады. Практика жүзінде гендерлік квоталарды қолданған елдерде әйелдердің мемлекеттік және жергілікті
басқаруға қатысу көрсеткіштерінде маңызды табыстарға қол жеткізгендігін байқауға болады
Қазақстандағы әйелдер экономикалық және әлеуметтік
үдерістерге қатысып, әйелдердің 70-80%-ы әлеуметтік
салаларда жұмыс жасағанымен де, әзірге ЖІӨ-нің 40%-ын
ғана құрап отыр. Ел экономикасы жақын арадағы онжылдықта
кем дегенде 30%-ға көтерілуі тиіс. Сондықтан, ЖІӨ-гі әйелдер
салымдары гендерлік баланс 40%-дан өсуі тиіс, яғни ол 9,2-
дан 15 трлн. теңгеге өсуі қажет. Қазақстанда шағын және орта
кә­сіпкерліктегі заңды тұлғалар өкіл­дерінің арасында 50 пайыз­
дан астамы, жеке кәсіпкерлердің 66 пайызы әйелдер . Қазіргі
қоғамда бүкіл әлемде үкіметтер әйел кәсіпкерлігін да­мытуға
кедергі келтіретін мәсе­ле­лерді арнайы бағдарламалар ар­қылы
шешуге ұмтылуда. Бү­гінде гендерлік аспектілер мем­ле­кеттің
саясатында ескеріле бас­тады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ГЕНДЕРЛІК ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ
Гендерлік зерттеулердің әдістерін, колданудың практикалық жолдарымен таныстыру
ОБӨЖ КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ҰЛДАР
Тұлғаның әлеуметтену кезеңдері
Қоғамдағы гендерлік роль
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат
Гендер ұғымы
Қазақстан Республикасындағы туылуы, олардың тәрбиесі нәзік гендерлік саясаттың негізгі әйелдердің мойнында
ӘЛЕУМЕТТІК - МӘДЕНИ САТЫБАЛДЫ АЙБЕК ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК
Пәндер