Қазақстандағы инклюзивті білім беру: ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтау және психолого-педагогикалық сүйемелдеу


Slide 1

Ерекше білім алуында қажеттілігі бар балаларды сипаттау.

Орындаған; Ермекбаева Айдана

Тексерген; Дабылтаева Макпал

Slide 2

Қазақстанда жұмыс істейтін инклюзивті білім беру моделдеріне талдау жасау жүзеге асырылды және эксперименттік алаңдардың жұмыс тәжірибесі көрсетілді. Өсіп келе жатқан ақпараттар ағыны, инклюзивті орта құру бойынша мүмкіндіктерді кеңейтуге және ерекше қажеттілігі бар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың (бұдан әрі МШБ) сапалы білімге қол жеткізулерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Slide 3

Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың заманауи кезеңінде, өтпелі кезеңнің қиындықтарына қарамастан инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім беру ұйымдарының саны көбеюде. Бұл өте маңызды, бәрінен бұрын, себебі ерекше білім алу қажеттілігі бар балалар саны азаятын емес және бұқаралық метептің білім беру ортасына балалар жиірек кіруде, бұл елімізде инклюзивті білім берудің дамуындағы оң үрдіс болып табылады

Slide 4

Алғырлық - адамның психикасындағы зейінділік, зеректік, ұғымталдық сияқты ақыл-ой әрекеттерінің бір-бірімен үйлескен қасиеті. Алғырлық таным процестері арқылы адамның жанама ойлау әрекеттерімен ұштасып жатады. Ойы алғыр адам айналасындағы бейне-құбылыстарды шапшаң қабылдап, оларды ақыл-ой елегінен өткізіп, қажет кезінде қайта жаңғыртады. Халық: “Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар, олақ жігіт оңай жұмысты жүк қылар” дейді.

Slide 5

Алғырлық - ақыл-ойдың жемісі ретінде адам ойының ұшқырлығы, талдау, жинақтау, салыстыру, абстракциялау, нақтылау секілді қасиеттерге тығыз байланысты. Алғыр адамның дүние танымы мен білімін көзқарасынан, ойды, іс-әрекетті қабылдауынан, соған қатысынан байқауға болады. Алғырлық балалардың жас ерекшеліктерімен ақыл-ойының даму деңгейіне сәйкес үнемі ілгері өрістеп, күрделіленіп отырады.

Slide 6

Мектеп базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық педагогикалық сүйемелдеу қызметі құрылды. Бұл қызметтің мақсаты ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, қоғамға әлеуметік бейімделу және кірігуін қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Slide 7

Қойылған мақсаттар аясында келесі міндеттер жүзеге асырылады: инклюзивті білім беру бойынша жүйелі жұмыс әзірлеу және енгізу; білім біру қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және білім беру қызметтерінің барлық субъектілері үшін білім сапасына қол жеткізу.

Slide 8

Білім беру ұйымы инклюзивті ортаны дамыта отырып, инклюзивті мектепті басқаруды бірнеше кезеңде жүзеге асыратын тұжырымдама әзірледі: 21 - ерекше қажеттіліктері бар балалардың қажеттіліктері туралы ақпараттар алуға және зерттеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-диагностикалық (білім беру субъектілерінің жеке бейімделушілік ерекшеліктерін диагностикалау) ; - бағдарлық-пропедевтикалық, оның аясында бейімделген білім беру ортасының даму перспективаларын және қажетті басқару шешімдерін анықтау қамтамасыз етіледі; - әлеуметтік менеджмент технологиясын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін базалық-технологиялық.

Slide 9

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, бәрінен бұрын бұл білім беру ұйымы МШБ-мен медициналық құжаттама негізінде жұмыс істейді. Тәуекел тобының балаларын бастапқыда анықтау, сабаққа қатысу, мұғалімдерден сұрау және балалардың атааналарымен жұмыс істеу негізінде жүргізіледі. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтаудың келесі критерийлері атап көрсетіледі:

- медициналық айғақтар;

-оқу дағдыларын, біліктері мен білімдерін қалыптастыру және автоматтандыру қиындықтары;

- интеллектуалды дамуынан баланың артта қалуна күдік;

- баланың мүдделері мен қабілеттері тарапынан дәстүрлі жағдайларда әлеуметтік бейімделудің асқынуына алып келетін әр түрлі көріністер; - іс-әрекетін еркін реттеудегі жалпы проблемалар, қозғалыс тежеушілігі және ықыластың бұзылуы көріністері, баланың мінез-құлықының тепе-тең болмауы; - сөйлеуде кез-келген бұзылудың болуы; - көру мен естуге және т. б. күдік келтіру

Slide 10

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту, тәрбиелеу және реабилитациялау: арнайы білім беру және психолого-педагогикалық сүйемелдеу
Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру: психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және арнайы білім беру жүйесі
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға жалпы білім беру мектептерінде психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру және енгізу проблемалары
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру
Интеграциялық оқытуда ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларға психолого-педагогикалық қолдау және критериалды бағалау
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы және инклюзивті білім беруді жүзеге асыру шарттары
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: принциптер, кезеңдері және жеке-дамыту бағдарламалары
Күрделі сөйлеу кемістігі бар балаларды жалпы білім беру жүйесіне инклюзиялау: психолого-педагогикалық негіздер және логопедиялық түзету
Қазақстанда инклюзивті оқыту мен ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау
Инклюзивті білім беру: тұжырымдама, қағидалар және Қазақстандағы ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz