ХИМИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ



Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы. ғарыш жанармайының химиялық құрамы
Орындаған:Тұрланова айгерім, серікбаева іңкәр, омарова маржан, қалыбаева ақбота
тексерген:ауезханова асемгүл

Жоспар кіріспе негізгі бөлім -ғарыш ұшу техникаларының зияны -ғарыш жанармайының химиялық құрамы қорытынды пайдаланылған әдебиеттер

Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қадетінің барлығын табиғаттан алады. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда. Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді. Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді. Табиғи ортаны зиянды заттармен ластайтын орындардың бірі - ғарышқа зымырандар ұшыратын әскери-өндіріс кешендерінің жұмысы. Қорғаныс министрлігінің негізгі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару-жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады.

Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш айлағының бірі - «Байқоңыр». Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі - Арал теңізі деңгейінің төмендеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа айналу процесі. Сондықтан ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.
Ғарыш ұші аппаратының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын (циклон) күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3, 2 тоннадан - 16, 2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жанармай қалдықтары құрамында химиялық токсидті қосылыстардың болуында.

Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді:

Ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран жеткізгіштердің двигателіне пайдаланылатын жанармайына нақтырақ тоқталсақ:
Азоттетраоксиді (АТ) және азот қышқылы тотықтырғыштарымен симметриясыз диметилгидрозин (СДМГ) ; Сутегі асқын тотығы мен сұйық оттегі тотықтырғыштарымен көміртегі (РТ-1, РГ, Т-1) жанармай, бұл қосылыс жұмысын аяқтаған бөлшектің жерге құлауы кезінде буланып оттегі және сутегіне айналып кетеді. РТ-1 және осы тектес басқа қосылыстар қоршаған ортаға керосин және бензин тәрізді әсер етеді, ал симметриясыз диметилгидрозин (гептил) қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын химиялық токсинді қосылыс. Толығырақ тоқталар болсақ, зымыранның сұйық жанармай компонентіне кіретін «гептил» азотты органикалық қосылысы гидрозин туындыларына жатады. Химиялық құрамына сәйкес симметриясыз диметилгидрозин активті тотықсызданғыш, әртүрлі тотықтырғыштарда оңай тотығып, тетраметилтеразен (ТМТ), нитрозодиметиламин (НДМА), (ДММГ), диметиламин (ДМА), формальдегид (ФА), су, азот, аммиак және басқа өнімдерге айнала бастады.
Симмтриясыз диметилгидрозин және оның алкилгомологтарының тез тотығуы тотықтырғыштардың түріне және концентрациясына байланысты. Мұндай тотықтырғыштардың қатарына (су, ауа, топырақ, температура) активті металдар Cu, Fe, Cr, Mn және олардың оксидтері, пассивті металдар Al, Ni, Mg және олардың оксидтері жатады. Қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын симметриясыз диметилгидрозиннің биологиялық объектілерге әсері жөніндегі қазыіргі түсініктер толық мәліметтер бере алмайды.
Зымыран жанармай компоненттеріне кіретін токсинді қосылыстардың табиғи жағдайдағы микробтар мен өсімдіктерге әсері туралы түсініктер мүлдем жоқ. Сондықтан осы бағыттағы зерттеулер қазіргі кезде аса өзекті мәселелерге жатады.
Лабораториялық жағдайда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өсімдіктерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендейтінін көрсетеді.

Гептил.
Ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран жеткізгіштердің двигателіне пайдаланылатын жанармайына нақтырақ тоқталсақ:

Гептил - адам және жануарларға концерогендік және мутагендік әсері бар улы зат.
«Протон» зымырантасығышының алғашқы сатысына (5 сатылы) 500 тонна гептил отыны толтырылса, оның бөлініп, жерге құлайтын бөлшегінде 10-30 тонна отын жанбай қалады.
Гептилдің концентрациясы бір текше метр ауада - 0, 001 мг., ал 1 кг топырақта 0, 1 мг болғанда ғана зиянсыз.
«Қазмехонобр» кәсіпорнының 1994 жылы жасаған есебіне қарағанда, зымыранның бірінші сатысы құлайтын жерлердегі малдың еті мен сүтіндегі гептил мөлшерден ондаған есе асып кеткен.
Республика аумағындағы 47 аймаққа зымыран қалдықтары түсетін аудандар бар және сол аудандарда адамдар жасайтын жерлерде бар. Гептил калий циан қышқылыннан 6 есе күшті!(Калий циан қышқылы-әскери соғыс уландырғышы, қолданған кезінде адам 5-15 минут ішінде тұншығып өледі. 1916 жыл француз армиясы қолданған, фашист Германиясы осы газды концлагерлерде адамдарды өлтіру үшін қолданған. )
Мысалы, сандық мәліметтерге тоқталсақ, 50 км биіктікте зымыран «Спейс - Шаттл» 150 тонна көмір оксидін, 500 тонна су және сутегін бөледі, осындай биіктіктегі «Энергия» ұшу аппараты 740 тонна көміртегі оксидін, 750 тонна су және сутегін бөледі. Қысқа қашықтықта (1 км) мұндай қалдықтар жасанды бұлт түзіп, қышқылды жаңбырға айналады және ұшыру аймағынан 200 км2 қашықтыққа дейінгі аймақтың ауа райын өзгертеді. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын «Протон» зымыран жеткізгішінің бір рет ұшырылуына 180 тонна гептил құйылады. Ғарыш айлағы жұмыс жүргізгеннен (1956 ж) бастап мұндай «Протон» зымыран жеткізгішінің 260-тан астамы ұшырылған.
Көп сатылы «Протон» зымыран жеткізгішінің алғашқы блогы (алты бакты блок болады) жұмысын аяқтап, жерге құлағанда 1, 5 тоннадан - 3, 5 тоннаға дейін гептил қалдығы жерге төгіледі. Сонда бір рет ұшырылғанда, орта есеппен 2 тонна гептил жерге төгілгенде, 44 жылда 52 тонна гептил төгіледі. Экологиялық қауіпсіздікті сақтадық дегеннің өзінде, Қазақстан Республикасының ұлттық аэрокосмостық агенттігінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде зымыран жеткізгішінің жерді зақымдайтын гептил мөлшері 150-200 литр шамасын құрайтыны анықталған.

Сондай - ақ, жыл сайын Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына 30 - 35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіреді. Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуі, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгертуі, ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады. Алғашқы эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс - Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн-5» аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал-Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейнгі аралықтың ауа ағынының өзгертуі, ал жылдың жылы уақытында «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу аппаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Еуропалық бөлігіне және солтүстік-батыс облыстардың атомосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарылауына әсерін тигізетінін дәлелдейді. Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы құрт бұзылып, 3-5 туәлікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның төмеңдеу процесі жиі байқалатыны белгілі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz