Рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасы
Презентация қосу
Өзін-өзі тану пәнінде
инновациялық технологияны
пайдалану
п.ғ.к, профессор м.а.
Жумабекова Ф.Н,
п.ғ.к, доцент
Омарбекова А.И
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының ғылыми-
әдіснамалық негіздері
Қазіргі кезеңдегі зерттеу жүргізген ғалымдар:
Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы
Идея авторы: С.А.Назарбаева
Көкейкестілігі: интеллектуалдық және рухани-адамгершілік
принциптерінің бірлігінде адамның біртұтас дамуына бағытталған ұлттық
үздіксіз білім беру жүйесінде қоғам қажеттілігін қамтамасыз етуге
бағытталғандығында. Өзін-өзі тану пәні жарыққа шығару қағидаты арқылы
білімді дайын күйінде ұсынбайды, мәжбүрлеп оқытпайды, ол тек
студенттердің даму бағдарын сыртқы әлемді зерттеуді өзінің ішкі жан
дүниесінің шексіздігін ашуға бағытайды.
Мақсаты: қоғамның тұрақты дамуы үшін жалпы және ұлттық
құндылықтар мен мақсаттарға негізделген рухани –адамгершілік
қасиеттерді бойына сіңірген жас ұрпақты дамыту және тәрбиелеу.
Жаңалығы: білім берудің мазмұны, мақсаты, міндеттері, әдіс-
тәсілдері мен құралдары және оқу-әдістемелік кешендері жаңадан
дайындалғандығында. Сондай-ақ, рухани-адамгершілік білім беру
бағдарламасы және оның кешендері Қазақстан Республикасының
үздіксіз білім беру жүйесіне тұтастай енгізілгендігі.
Қазақтың ғұлама ойшылдары мен
ағартушыларының ілімдеріне негізделген:
Әбу Насыр Әл–Фарабидің «Жан қуаты ілімі»,
Ж.Баласағұнның «Ізгілік ілімі», Қожа Ахмет Яссауидің
«Хал ілімі», М.Қашқари, Ғұмар Қараш т.б.
Абайдың «Толық адам», «Имани гүл ілімдері», Шәкәрім
Құдайбердіұлының «Шын адам», «Ар ілімі», , Мәшһүр-
Жүсіп Көпейұлы т.б.
Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов т.б қазіргі
кезеңдегі педагогтар мен қоғам қайраткерлерінің
идеялары тағылым мен тәрбиенің тірегі болуында
«Өзін-өзі тану» пәннің мақсаты мен міндеттері
– жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде ойы, сөзі мен ісі
бірлікте болатын кемел тұлға тәрбиелеу
«Өзін-өзі тану»
рухани-адамгершілік
«Өзін-өзі тану» Болашақ
білім беру
Бағдарламасының рухани-адамгершілік мұғалімнің кәсіби
ғылыми-теориялық білім беру маңызды тұлғалық
негіздерінің Бағдарламасының қасиеттерін
мазмұнын ашу. түйінді идеяларына дамыту, ойы, сөзі
Жалпыадамзаттық сәйкес студенттердің және істің
құндылықтарды жете тұтас педагогикалық бірлігінде өмір
түсінуге, өзін-өзі үдерісті сүруге бағыттау,
тану мен өзін-өзі ұйымдастыруға
ақиқатты тануға,
жетілдіруге арналған тәжірибелік
дайындығын дамыту.
жағымды ойлауға
ұмтылысын
дамытуға ықпал ету. тәрбиелеу.
Бағдарлама төмендегідей жалпыадамзатты
құндылықтарға негізделген
Ақиқат - адамның обьективтік өмір шындығын дұрыс,
дәл бейнелеуін, оның санаға өмірде қандай болса, сондай
күйінде түсіру.
Сүйіспеншілік – дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші
және демеуші қуатты энергия.
Дұрыс іс-әрекет – жүректен шығып, сөз ретінде
бейнеленетін және іс-жүзінде қолданылатын құндылық.
Ішкі тыныштық – адам ақиқатты түсініп,
сүйіспеншілкпен дұрыс әрекет жасағанда ғана жан
тыныштығын табады.
Қиянат жасамау – басқаларға зиян келтірмей өмір сүру.
Өзін-өзі тану пәнінің жаңалығы:
Біріншіден, рухани-адамгершілік білім беру мазмұнын
жаратылыстану және гуманитарлық пәндермен интеграциялануы;
Екіншіден, теорияны тәжірибеде пайдалануда жалпыадамзаттық
құндылықтарға негіздей отырып, өмірлік дағды қалыптастырылуы;
Үшіншіден, жанды білім беру айтыла салып ұмытып қалатын емес,
санада сақтап, көңілге түйіп алатындай жағдай жасалуы;
Төртіншіден, мектепте және орта арнайы оқу орындары мен
ЖОО-да өткізілетін сабақтардың құрылымдық - мазмұнының
өзгеруі және тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланылуы;
Бесіншіден, оқу - әдістемелік құралдарды пайдалану арқылы
оқушылардың, студенттердің шығармашылықпен әрекет етуіне
жағдай жасалуы (Сократ әдісі, ғибратты әңгімелер, ғұламалар өмірі
мен еңбектерін үлгі ету, аңыз әңгімелер, оқиға айту, бейне
көрністерді талдау, эссе жазу, “ұстазға хат”, ғылыми жоба қорғау,
шығармашылық тапсырмаларды орындау т.б.);
Алтыншыдан, сабақтардың формасын жаңаша бағытта құру:
шеберлік сыныптары, дөңгелек үстел, пікір сайыс, “Таңшолпан”,
“Қызық екен”, “Ғажайыптар алаңы” т.б.
Жанды және жансыз білім беру:
жанды білім: жансыз білім:
- адамды рухтандырады; - бұлар-білмесе де
- ғылым көкжиегіне болатынын білеміз;
еліктіреді; - хабарлана салысымен
- жаңа өмір жасауға ықпал ұмытылып қалатыны;
етеді; - жас ұспақтың мектеп
- жаңа ізденістерге ойды табалдырғынан әрі қарай
жетелейді; алмайтын және оған
- сергектік пен эволюция өкінбейтіні;
әкеледі. Жансыз білім – аяққа
Жанды білім - адамға түскен салмақ, байлап
қанат бітіреді, қойған тас сияқты.
шабыттандырады.
сыртқы және ішкі білім беру:
Pyxaни-aдaмгepшiлiк білім беруде -
Интeллeктyaлды білім беру - iшкi бiлiм жүpeк үшiн:
cыpтқы бiлiм aқыл үшiн:- - ішкi pyxaни-aдaмгepшiлiк қасиеттерді
сыpтқы интeллeктyaлды дамытады, ішкi дүниeнi зepттeйдi;
дүниeнi зepттeйді; - пpaктикaлық бiлiм алады (тәжipибe
- кiтaби бiлiм, жаттанды, apқылы), өмірлік дағды қалыптасады;
оқығанмен ұмытылып қалатын - әpбip aдaмның жүpeгiндe жacыpынғaн
білім алады; жaлпыaдaмзaттық құндылықтapды
- қaлayлapды oятaды, aйқындaйды;
cыpттaғығa тapaтaды; - іс-әрекеті, алған білімі өмipлiк
- күнделікті өмірде күн көpy мaқcaттapмeн бaйлaныcты болады (нe
үшін ғана қaжeт мәліметтер үшiн өмip cүpy кepeк деген сауалға
ретінде қарайды; жауап іздейді, жауапкершілігі
- интeллeктiнi дaмытaды, ақыл молаяды);
мeн тәнгe қapacты болады; - интyицияны дaмытaды, жүpeккe
- сыpтқы бiлiмнiң мaқcaты – бағынады;
aқпapaт бepyмен ғана - ішкi бiлiмнiң мaқcaты –
шектеледі; тpaнcфopмaция жасайды, дaнaлықты
- интepнeтке тәуелділік басым oятады, «иммyнитeт» пайда болады;
болады, одан «аллepгия» пайда - адамға жағымды көңіл күй сыйлайды
бoлaды; және энepгия береді(күш-қyaт артады);
Өзін-өзі тану пәнінде қолданатын
инновциялар:
Ізгілік технологиясы: баланың жеке рухани қасиетін
ашу, жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық
күшін қалыптастыру, ішкі дүниесіндегі сәулесінің
жоғалып кетпейтіндей өмір жолына бағыт беру, дамыту
және осы бағыттағы білімін кеңейтуге жағдай жасау.
Ынтымақтастық технологиясы: бала психикасын
дамыту, есеюге және еркіндікке құштарлығын
қалыптастыру, өзара түсіністік, сыйластық пен
мейірімге құрылған қарым-қатынас орнату;
Әсемдікті, әдемілікті, сұлулықты сезіну, қабылдау, әр
адамға жеке ізгілікті қарым-қатынас жасай білу, рухани
жетілдіру, ата-анамен тығыз бірлескен ынтымақтастық
орнату;
Оқыту нәтижелері:
- рухани-адамгершілік білім беруде жалпыадамзаттық
құндылықтардың мәнін терең түсінеді, өмірлік дағды
қалыптастыруға бағыт алады;
- жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген білім беру және
басқару үдерісін құрудың ерекшеліктерін білуге, ортамен дұрыс
қарым-қатынас орнатуға дағдыланады;
- өзіндік рухани-адамгершілік кемелденуге талпынады және оның
қажеттілігін түсінеді.
Ішкі (дүниетанымдық, мәнді мағыналы) және сыртқы интеграцияға
(ізгілік педагогикасының әдістемелік тәсілдерін тиімді қолдану) қол
жеткіземіз;
Жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына
сіңірген болашақ мамандар нәтижесінде:
Ақиқаттың ақ жолында жүретін, риясыз
сүйспеншілікпен отбасын, айналасын,
шәкірттерін т.б жақсы көретін, дұрыс әрекет
жасай отырып өзінде ішкі тыныштық
орната алатын сол арқылы ешуақытта,
ешқашан, ешкімге қиянат жасамайтын
маман даярланады деп күтілуде.
Өзінің адами тұрғыдан қалыптасуына және
кәсіби тұрғыдан шыңдалуына ықпал етеді.
ЖОО-на арналған ОӘК-нің жаңалығы
Оқыту мазмұны бойынша бұрынғы жүйеде әлеуметтік
тапсырысқа сәйкес келетін тұлға қалыптастыру, әлеуметтік
ортада жетістікке жету үшін тұлғаның қабілеттерін дамыту
көзделсе, қазіргі жүйеде тәрбиенің оқытудан басымдылығы
және шын мәнісінде оқытуды тәрбиенің бөлігі ретінде енгізу,
адам бойындағы рухани құндылықтардың көзін ашу, жарыққа
шығару қағидалары қарастырылады.
Жоғары оқу орындарының білім алушыларына арналған бұл
оқулық жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамның
рухани болмысын ашуға теориялық және практикалық
тұрғыда мүмкіндіктер туғызады
Мұғалімнің стилі мен ережесі:
демократиялық: сананы өзгерту, өзара келісім мен түсіністік;
авторитарлық: өте қатал талап қою, өзінің ойын орындату;
либералдық: ымырашылдық, бей-жай қарау;
ізгілік стилі: ізгі ниет, мейірімділік, шынайы бауырмалдық,
жанашырлық, өзара сыйластық пен сыпайылық т.б
Басқаларға үйреткеніңді алдымен өзің орында!
Бірінші ережеге қара!
Мұғалім сабақты өте қызықты, тиімді өту үшін мына
“Бес – Т” ережесін сақтауы керек:
ТАЛАП
ТӘРТІП
ТЫНЫШТЫҚ
ТАЗАЛЫҚ
ТАТУЛЫҚ
Ізгілік педагогикасының әдіс-тәсілдері – инновация:
1. Жағымды ойлау (2-3 минут). Ақыл ойды тыныштандыру, сабырлы қалыпқа түсіру.
Жағымды ойлау – бұл адамның жақсы және жаман ойларды іріктеп, жақсы ойларды
өрбіте білу қабілеті. Өз бойында жағымсыз және келеңсіз ойлардан арылып, жаман
жағдайлардан сабақ алу және тәжірибе жинақтау.
Жағымды ойлау әдістері: «Балалардың төбесіне» қолын қойып, маңдайынан сипап,
бауырына басып жүрек лүпілін тыңдап т.б. бүгін балалр сендерге сәтті күн болады,
барлығымыз бірігіп тамаша бірлескен жұмыс жасаймыз т.б. Бүгін саған тамаша күн
болады, кешке сен үйге барғанда ойыншықтарыңды жинап қоясың?! т.б. Кешкі
«жағымды ойлау» сендер ұйқыға жатарда өте жақсы қуанышты түс көресіңдер!
2. Сеніммен әңгімелесу
Оқушылармен, студенттермен тең дәрежеде сөйлесу, тек сөзбен ғана емес, іс-әрекетте де
өзара сенімді келсім болуы шарт. Өзара үйлесімге құрылған, бір-біріне сенім білдіре
отырып шынайы көңілмен әңгімелесу.
3. Кейіпкерлермен жүздесу. (таңдану сәті)
Оқу іс-әрекетіне келетін кейіпкерлермен сөйлесу, сыйлық жасау, өз ойларын ортаға салу,
тапсырмаларын орындау.
4. Жанасу. Қолмен сипау, жақын тарту
Қолымызды үстел үстіне айқастыра қойып, маңдайымызды қолдың үстіне қойып,
көздеріңді жұмып отырыңдар. Бір қолыңды көтеріп, саусақтарыңды көрсетіңдер,
іштей 10-ға дейін санауды жалғастырыңдар т.б. Мұғалім аралап жүріп саусақтарына
жасасу, басынана сипап өту, иығынан қағу т.б.
5. Сыбырлау
Баланы ешуатта асықтыруға болмайды, өзің асықсаң да сыртқа шығарма, әр
бала өз деңгейінде, өз даму деңгейіне сәйкес сөйлесу керек. Сондықтан
құлаққа «сыбырлап» айту тәсілі өте тиімді.
6. Байқалмайтын қателік
Педагог сабақ тақырыбына сәйкес әңгімелеуден бастап ол осы мәселе
жайында көп білгісі келетінін, сендер бәрің «ғарышкерлер» боласыңдар,
маған өздерің ғарыш туралы не білесіңдер айтып бересіңдер ме? мен есіме
түсіре алмай тұрмын? Мен ұмытып қалдым? Т.б. Біз бәріміз «суретшілер»,
«шеберлер», «зерттеушілер» боламыз деп балалар өздері шешімін табуға
тырысады.
7. Табиғатпен қатынас
Табиғатпен тікелей қарым-қатынас жасау бала үшін ең маңызды. Мысалы:
гүлдер, көбелектер, өзен, көл, тау-тас, ағаштар т.б. табиғатпен тікелей
қарым-қатынас жасайды.
- экологиялық тәрбие сабағында басталады;
- қоршаған ортамен таныстыруда жалғасады;
- математикада танып біледі;
- көркемәдебиет арқылы бекітеді т.б.
8. Бірлесіп оқу, бірлесікен шығармашылық
Көркем шығарманы оқығанда бір бөлігін балаға оқып алып оны талдау
жасайды, әрі қарай оқып қайта талдайды т.б. ата-аналарға да осыны
түсіндіру қажет. Оқу-талдау-оқу - талдау.
Брлескен шығармашылық – суретті бастау, балалар жалғастыру,
жапсыруды бастап балалар жалғастыру.
9. Жас зерттеушілер (қарапайым тәжірибе)
«Жас зерттеушілер» саяхатқа, танымжорықтарға, мақсатты серуендерге
дайындалады, зерттеулер жүргізеді. Ол қысқа және ұзақ мерзімдік
болуы мүмкін. (бір апта, бір ай, бір жыл жүргізілуі мүмкін).
10. Поэтикалық сәт
Көркем шығармаларды мәнерлеп оқып беру, сахналық қойылымдар,
қуаршақ театрларының қойылымдары т.б.
Ата-аналарымен бірлесіп қолжазбалар жазады, оған балалар өздері
қосылып жасаса өздеріне өте қызықты болмақ.
11. Үлгі ету. Рухани-адамгершілік тәрбиеге негізделген аңыз әңгімелер,
оқиғалар және бейне үзінділер көрсету. Тәжірибелер арқылы
дәлеледеу.
Келесі қағидалардың негізінде білім алушылардың
құзыреттіліктерін кеңейтетін білім берудегі аксиологиялық
тәсілдеменің дамуына мүмкіндік туғызады:
1. Ізгілікке бағыттылық қағидаcы бірінші орынға ізгілік идеялары мен бағдарларын
шығаруды көздейді. Рухани-адамгершілік білім беру – тек студенттердің, оқушының
емес, мұғалімнің де қайта өзгеруі, себебі құндылықтарды оқулықтан, шеберлікпен
оқылған дәрістен тауып, меңгеру мүмкін емес, оларды тәжірибеде қолдану қажет;
2. Жалпыадамзаттық құндылықтар қағидаcына сәйкес «Өзін-өзі тану» пәнінің
мазмұны адамның жоғарғы рухани табиғатының көрінісі ретіндегі мәңгілік
жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі тиіс. Мұнда атап айтар жайт, «Өзін-өзі
тану» пәнін оқыту үдерісінде жүзеге асырылатын рухани-адамгершілік білім – діни
емес, адамның физикалық, психикалық және рухани-адамгершілік табиғаттарын
бірлікте қарастыратын зайырлы білім;
3. Әлеуметтік ынтымақтастық қағидаcы тұлғаның адами қасиеттерінің толыққанды
дамуына мүмкіндік беретін қосымша арнайы сабақтан тыс іс-әрекетке жүгінуді талап
етеді;
4. Ұлттық мұра қағидаcы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды ұлттық рухани
мәдениет арқылы тану қажеттілігін алға тартады;
5. Табиғи сәйкестілік қағидаcы тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін, рухани-
адамгершілік дамудағы ішкі қажеттіліктер деңгейін, физиологиялық қалпын және
психикалық саулығын, адамның рухани табиғатының бірлігін ескереді.
Тәжірибе
◦ Шыны ыдыстағы су тап - таза, мөлдір, адамзаттың баласы да
дүниеге келгенде осындай таза жүрекпен дүниеге келеді. Енді
бұл суға қара бояу қосылған суды әр тамшысын біртіндеп
қосып отыратын болсақ су лайланып кетеді. Яғни адамзаттың
баласы айналасындағы әр түрлі жағымсыз әсерлер, жаман
сөздер, ғайбат сөз айту арқылы адамның жүрегіде осы су
сияқты лайланып, қарая бастайды.
Енді осы суға таза суды қосып үстемелеп толтырып тазалайтын
болсақ су қайта бастапқы қалпына келеді, адамдар да өзінің
жүрегін үнемі тазалап отыруы керек. Ол үшін риясыз
сүйспеншілікпен жақсы көру, махаббат, мейірімділік, жүректі
имандылыққа толтыру, айналасын нұрға бөлеу, жақсы сөздер
айту, ниетті тазалау, ойды тазалау, сананы тазалау, сөзді
тазалау және іс-әрекетінің дұрыс болуын қадағалау арқылы
нәтижеге қол жеткізуге болады.
Табиғат 70% судан құралса, адам ағзасының 70% судан
тұрады
Жапон ғалымы Эмото Масару бір стақанға Моцарт әуенін тыңдатып,
екінші стақанға жағымсыз сөздер айтып мұздатқышқа су қояды. Бірінші
стақандағы суда кристалдары өте мөлдір, өте әдемі, тығыз. Ал екінші
стакандағы су кристалдары әлсіз болған.
Психолог-ғалым Эмото Масару: «Су адамның психикалық
энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне»
сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған
таза энергия небір ауруларға ем болады», - деп жазады.
Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол.
Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық,
оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны
басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан
жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.
Яғни біз табиғатқа ризашылығымызды білдіуіміз керек.
Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің
көзі жатыр.
Жапон ғалымы Эмото Масару жүргізген
эксперимент нәтижелері
ШТ-21 студенті Құрманәлі Балнұр
Назарларыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz