Алғы философия




Презентация қосу
Қазақ Ұлттық университеті
Технология және биоресурстар факультеті

Философия
Тақырыбы:Философияның пайда
болуы және дамуы
Жоспар:
1. Философияның пайда болуы және дамуы.
2.Ойлау мәдениетінің пайда болуы.
3.Философияның пәні мен әдісі.
4.Көркемдік рефлекция.
5.Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық
мүмкіндіктері.
6.Қорытынды.
7. Қолданылған әдебиеттер.
Философияның пайда болуы және дамуы
• Философия біздің дәуірімізге дейінгі бірінші
мыңжылдықтың ортасында, бір-біріне байланыссыз,
дербес және тәуелсіз түрде Ежелгі Үндіде, Ежелгі
Қытайда және Ежелгі Грецияда пайда болды. Және
барлық үш аймақта да философия – мифология
негізінде қалыптасты. Бастапқыда философиялық
даналық-дәстүрлі өмір салт пен түсінікке қарсы
бағытталған сын, патриархалды қағидалардың
әділдігі мен ақиқаттығына білдірілген алғашқы күмән
ретінде қалыптасты. Өйткені табиғи және әлеуметтік
шындықты жеткілікті түсіндіре алмаған діни-
мифологиялық сананың дағдарысы кезеңінде
ақиқатты жалпыдан, табиғиды жасандыдан ажырату,
жаңа өмірлік бағдар мен берік те сенімді дүниетаным
құру қажеттілігі туды. Дүние және адамды
рационалды ұғыну талпыныстары алдымен алғы
философияға, содан соң философияға әкелді.
Философияның қалыптасу кезеңдері

Мифология

Алғашқы қауымдық мәдениет және барлық өркениеттер
мәдениеті

Алғы философия

Египет, Үнді, Месопотамия ,Иудея , Қытай, Греция.

Философия
• «Философия» пәнінің негізгі бөлімдері
• Философия пәні деп философия қарастыратын мәселелер мен
сұрақтарды айтады. Философия пәні мынадай негізгі
бөлімдерден құралады
• 1) онтология (болмыс туралы ілім);
• 2) гносеология (таным туралы ілім);
• 3) антропология (адам туралы ілім);
• 4) аксиология (құндылықтар туралы ілім);
• 5) этика (мораль туралы ілім);
• 6) логика (ойлау заңдары туралы ілім);
• 7) эстетика (сұлулықтың заңдары мен канондары туралы ілім).
Философтардың философия туралы түсініктері
№ Философ немесе философиялық бағыт Философия пәні туралы түсінік
1 Пифагор Даналыққа кұштарлық.
2 Гераклит Философ – зерттеулермен айналысатын адам.
3 Сократ Ізгілік пен зұлымдықты тануға бағытталған ерекше ғылым.

4 Платон Мәңгі ақиқат болмысты тануға бағытталған ерекше ғылым.

5 Аристотель Заттардың себептері мен қағидаларын зерттеу.

6 Эпикур Ой арқылы бақытқа жету жолы.
7 Сенека Философия – ізгі кеңес.
8 Ортағасырлық христиандық философия Құдайлардың бар екенін дәлелдеу және рационалды таным
құралы. Киелі жазбалардағы ақиқатты түсіндіру.

9 әл – Фараби Мақсаты әсемдікке жету болып табылатын - өнер.

10 Ф.Бэкон, Р.Декарт Ұғымдық форма арқылы берілген тұтас ғылым.

11 Кант Дүниені абстрактылы метафизикалық ұғымдар арқылы тану
құралы.
12 Гегель Өзін-өзі танитын Абсолютті ақыл туралы ғылым.

13 Шопенгауэр Философия – дүниені жалпы, абстрактылы ұғымдар түрінде
бейнелеу түрі.
14 Жанды Этика ілімі Рухани интуиция мен ақылға негізделген дүниені тану құралы,
адамды рухани жетілдіру жолы.
Ойлау мәдениетінің пайда болуы
• Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер
жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттармен
құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз .
• Ойлау дегеніміз- сыртқы дүниені заттары мен
құбылыстарының байланыс қатынастарының миымызда
жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.Ойлау
қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен
қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан ,
олардан тыс ешбір ойлау болмайды
Философияның пәні мен әдісі
• “Философия” термині үш мағынада қолданылады: біріншіден, философия
– дүниеге көзқарастың бір түрі; екіншіден, философия - өзінің зерттеу пәні бар ерекше
ғылым саласы; үшіншіден, философия адамзат өмірінде айрықша орын алатын адамның рухани
қызметінің үлкен бір саласы, қоғамдық сананың ерекше формасы.
• Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мәселе түрінде, немесе “философия” ғылым ба,
әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.
• Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар
мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде,
жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны
жасаудағы рухани қызмет.
• “Адам-әлем” қатынасы философияның көптеген мәселелерін қамтитын танымның жүйелі
субстанциясы. Сондықтан философияның негізгі қызметі – адамның дүниеде болуының
белгілі бір мәнді жолдарын көрсету, өмірдің осындай формаларын бейнелеу.
• Философияның негізгі мәселесі: ойлаудың болмысқа (немесе рухтың табиғатқа) қатынасы.
Философияның бұл өзекті мәселесі философия тарихының өне бойынан өтіп, оны мол рухани
құндылық ретінде анықтайды.
• Философия – жалпы методология, яғни әдістердің теориясы, ал теория білімнің
адекватты формасы. Философиялық заңдардың, принциптердің, ұғымдар мен категориялардың
табиғат, қоғам, адам ойлауының дамуын, жалпы дүниетаным үшін маңызы зор.
• Философияның негізгі функциялары (қызметі): экспликациялық, рационализациялық, жүйелеу,
сыншылдық, интегративтік, синтездеу, дүниеге көзқарастық, гносеологиялық, логикалық,
гуманистік, аксиологиялық, тәрбиелілік.
• Оқыту мақсаты: Философия сөзінің мағынасы, философия ізденіс және адамның өз болмысының
негізгі сауалдарына жауап табуы ретінде, философия данышпандылыққа құштарлық ретінде,
парасатты және дұрыс өмір туралы ілім ретінде. Философиялық ойлаудың үлгілері. Дүниеге
философиялық қатынастың ерекшелігі. Даналық - моральмен байланысқан, дұрыс өмір сүре білу
дағдысымен, өз позициясын дұрыс таңдай білумен байланысты білім ретінде. Теориялық кәсіби
философия және тәжірибелік өмірлік философия. Философия - адамның бағыт-бағдары
тұрғысынан қарастырылатын идеялар, мәселелер туралы ойлау ретінде. Дүниетанымның типтері
ретіндегі философия туралы түсінік. Миф, дін, философия, ғылым: олардың ортақ және
ерекшелік сипаттары.
• Философия - бүкіл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл
иеленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде, мифологиялық діни түсініктермен
күрес барысында қалыптасты. Сол кезде пайда болған барлық білімнің басын құрады. Грек
тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына беретіндігі
де тегін емес. Философияның басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның
ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол -дүниетанымдық ғылыми
жүйе болып табылады. Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу
үшін, ең әуелі, оның дүниетаныммен байланысын, арақатынасын қарастырамыз.
• Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас
дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән - мағынасы туралы көзқарастардың,
пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.
Көркемдік рефлекция
• «Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» – «артқа қарау» деген ұғымынан
туындайды. Джон Дьюи рефлексиялық ойлауды былай сипаттайды: «Қандай
да болмасын бір пікірді не білімнің ықтимал көрінісін олардың негіздерін
ескере отырып белсенді түрде, толассыз және мұқият қарастыру, осының
салдарынан туындаған қорытындаларды талдау» (Дж.Дьюи, 15).
• Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін
жан-жақты қарастырады, яғни өзін өзі зерттейді. Бұл зерттеудің басты
тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия
адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап
жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі,
өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді,
өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді,
кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады,
болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды. Жалпылама алғанда,
рефлексияның қадамдары мынандай болуы ықтимал: 1) Аялдама жасау
(тоқтау); 2) Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау; 3) Өзгерістер енгізу; 4)
Болашақты жоспарлау.
Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық
мүмкіндіктері.
Философия функциясы - философия мақсатын, міндетін, тағлымын
жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметі.
Философияның негізгі функциялары:
- дүниеге көзқарастық;
- методологиялық:
- теориялық;
- гносеологиялық;
- сыншылдық;
- аксиологиялық;
- әлеуметтік;
- тәрбиелік-гуманитарлық;
- эвристикалық.
Дүниеге көзқарастық функция - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі
адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру.
Методологиялық функция - философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін
жасайды.
Теориялық функция - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды,
концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар түзейді.
Гносеологиялық функция - философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным
тетігін) мақсат етеді.
Сыншылдық функция - философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы
қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды әшкерелеу,
білімнің дәйектілігін пысықтау және таным шеңберін мейлінше кеңейту.
Аксиологиялық функция - философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-әдептілік,
этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады.
Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын,
қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру
мәселелерін карастырады.
Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне
жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін
ашып көрсетеді.
Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл
болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде,
тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді.
Қорытынды
• Философиядағы өзекті мәселе адам өмірінің мәні мен болу проблемасы
болып табылады.Тіпті ежелгі философтар адамның философия,
адамның өзі туралы білуі, адамның өмір сүруінің барлық жұмбақтарын
біле алатыны туралы айтқан. Адам – ​эпистемологияның (білімнің) мәні
және сонымен бірге ол білуге ​қабілетті. Адам өзінің мәнін, өмірдің
мағынасын түсінген кезде, өміріндегі көптеген сұрақтарды шешеді.
• Адам өмірінің философиясының мағынасы қысқаша. Өмірдің мәні –
кез-келген нысанның, нысанның немесе құбылыстың мақсатын
анықтайтын негізгі идея. Нақты мағынаны толығымен түсінуге болмаса
да, ол адамның терең терең құрылымдарында болуы мүмкін, бұл
адамның тек мағынасын тек үстіңгі идеясы бар. Ол оны ішке қарай
немесе белгілі бір белгілермен, символдарымен біле алады, бірақ бүкіл
мағынасы ешқашан бетіне келмейді, тек ақылды ақыл-ойлар оны
түсінуі мүмкін.
Назарларыңызға рахмет !

Ұқсас жұмыстар
Философтардың философия туралы түсініктері
Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі
Философияның әдістері
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯ
Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі-Xix ғасырдың 40- жылдары
Славянофиндер философиясы
Фома Авгинскидің философиясының пайда болуының әлеуметтік және идеологияның алғы шарттары
Музыкалық – педагогикалық білім беру әдіснамасы
Ғылыми зерттеудің мәні
Сана және бейсаналық
Пәндер