Оқыту процесінің қозғаушы күштері



ОҚЫТУ ҮДЕРІСІ ТҰТАС ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ

Жоспар:

Қазақ даласында оқыту теориясына үлес қосқан тұлғалар
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж. ) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы.
Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы. Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда казақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген. 1879 жылы оқу құралы "Қырғыз хрестоматиясы" шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж. ) қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. "Оқу ана тілінде жүргізілсін" - деген талапты бастаушы. 1912 жылы тұңғыш рет "Әліппе" жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы "қазақша оқу жайынан" деген мақаласында "бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды жақсы білу керек", - дейді.

Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж. ) - "Тәрбиеге жетекші" (1924) деген еңбегінде баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген. Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж. ) - Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:
• мұғалімнің қатты сөйлеуі;
• суреттердің бояуының ашықтығы;
• әсердің күштілігі;
• затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.
Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не көзге түскісі келу сияңты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін М. Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды, жаңа білім мен ескі білімдерді байланыстыруды, жақыннан алысқа, таныстан бөтенге қарай оқытуды ұсынды.

Оқытудың әдіснамалық негіздері
Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары мен әдістерін таңдауды белгілейтін ұстанымдық ережелері педагогикалық процестің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет. Жалпы білім беретін мекемелердегі оқыту процесінің әдіснамалық негізі төмендегі әдіснамалық ережелерді біріктіреді:
объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың тарихи тәсілі
танымның жалпы әдісі ретінде диалектикалық әдіс;
қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті қарастыратын таным теориясы; диалектикалық ойлау;
әдіснамалық ұстанымдар (танымдық, объективтілік, теория мен тәжірибенің бірлігі, детерменизм, тарихшылық және диалектикалық таным ұстанымдары)
мазмұн мен форма; мақсат пен құралдың үйлесімділігі; мүмкіншілік пен ақиқат; оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары;


Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардын, іс-әрекеттерінде оқуды салыстыру арқылы түсіндіруге болады. Ғылым объективті жаңаны, ал оқушы - субъективті жаңаны таниды, бірақ қандайда бір ғылыми жаңалықты ашпайды, тек ғана ғылым жинақтаған ғылыми түсініктерді, ұғымдарды, зандарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді меңгереді. Ғалымның танымын эксперемент, ғылыми ойлау, сараптау, қателіктер, теориялық пікірлер құрайды, ал оқушының танымы оқытушы шеберлігінін көмегімен біршама жылдам және жеңіл түрде өтеді. Оқу танымы тікелей және жанама түрдегі оқушының көмегін міндетті түрде пайдаланады, ал ғылым тұлға аралық өзара әрекеттің көмегінсіз таниды. ғалым мен оқушы танымының арасындағы осы зор айырмашылыққа қарамастан бұл процестер негізін ұқсас яғни, әдіснамалық негіздері бірдей.

Оқытудың психологиялық негіздері
Оқытудың психологиялық негіздері туралы орыс педагогикасының негізін салушы К. Д. Ушинский назар аударған. Ол өзінің «Адам тәрбие пәні» атты еңбегіңде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.
Сонымен қатар психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л. С. Выготский де зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:
оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;
оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;
оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;
оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.
К. Д. Ушинский
Л. С. Выготский

Оқыту процесі дидактикалық жүйелер деп аталатын психологиялық тұжырымдамаларға негізделеді. Дидактикалық жүйе оқытудың мақсатына жетуге қызмет ететін, біртұтас құрылымды жасайтын элементер жиынтығын құрайды. Жүйенің сипаттамасы мақсаттың, білім мазмұнының, дидактикалық процестердің, оқытудың әдістері, құралдары, формаларының және оның ұстанымдарының сипаттамаларына сәйкес келеді. Дидактикалық тұжырымдамалардан үшеуін бөліп алу қажет: дәстүрлі, педоцентристикалық және дидактиканың қазіргі жүйесі.

Оқытудың мәні

Оқытудың құрылымы
Оқыту процесінің педагогикалық құрылымы
Оқыту процесінің психологиялық құрылымы

Оқыту процесінің педагогикалық құрылымы: мақсат - принциптер -мазмұн -әдістер -құралдар

Оқыту процесінің психологиялық құрылымы:

Оқытудың қызметтері және олардың ара қатынасы

Оқытудың білім беру қызметі - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үшін оған қойылатын талаптарды ескерген жөн.

Оқытудың тәрбиелік қызметі
әл-Фараби
«Тәрбиесіз білім - адамзаттың қас жауы»
М. Дулатов "Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек"
Мағжан Жұмабаев «көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшың ет сезімдері арқылы әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол тәрбиелер арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға қарағанда төмен екеніне байланысты тәрбиелік іс-әрекетте тәлімді тәсіл қолдана білу керек»
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.

Оқытудық дамыту қызметі
Оқыту процесі, білімді меңгеру оқушыны дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы, сезімі, ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды.
Оқыту - жеке тұлғаны дамыту құралы. Л. С. Выготский (1896-1934) тұжырымдаған психологияның маңызды заңдарының бірі - баланың дамуы оқытуға байланысты. Сондықтан білім мазмұнына баланы дамытатын материалдар енгізіледі. Оқыту процесінде П. А. Гальпериннің ақыл-ой жұмысын кезең бойынша қалыптастыру теориясы, М. Н. Скаткиннің, И. П . Лернердің мәселелік оқыту әдісі баланы дамытуға бағытталған.
Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей, оқушыны әр жақты дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған.

Оқыту процесінің қозғаушы күштері
Оқыту процесінде кездесетін қарама-қайшылықтарды шешу - оқыту процесінің қозғаушы күші. Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қарама-қайшылық. Басқа қарама-қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориялық білімдер және оларды тәжірибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz