Қазақтың ұлттық ойындары




Презентация қосу
Қазақтың ұлттық
ойындары
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-
ойын дамытатын, қызықтыра
отырып ойданойға жетелейтін,
тынысы кең, алысқа меңзейтін,
қиял мен қанат бітіретін
ғажайып нәрсе. Қай халықтың
болмасын, оның ұлттық
ойындарының белгілі бір мақсаты
мен әлеуметтікпсихологиялық
тұрғыдан ерекше қасиеттері
болады.
Этнограф – ғалымдардың
пайымдауынша, ата-
бабаларымыздан бізге жеткен
ұлттық ойындарымыздың
тарихы Қазақстан жерінде
б.з.б. бірінші мыңжылдықтаақ
қалыптасқан. Олардың ішінде
тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық
ойындары Азия елдерінде
тайпалық одақтар мен
алғашқы мемлекеттерде
кеңінен тарады. Біздің
қоғамыздағы ұлттық
ойындардың негізі, шығу тегі
халқымыздың көшпелі
дәстүрлі шаруашылық
қарекеттерінен бастау алады.
Бұлардың көбісі мал шаруа-шылығына,
аңшылыққа, жаугершілікке
негізділген. Ахмет Жүнісовтың айтуынша
(Фәниден бақиға дейін, - Алматы: «Қайнар»,
1994), «Өзге халықтар сияқ-ты қазақтың да
ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра
болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-
сауық түрлері бар. Зер салып байқап
отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың
ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-
тіршілігіне тығыз байланысты туған екен
және адамға жастайынан дене тәрбиесін
беруге, оны батылдыққа, ептілікке,
тапқырлыққа, күштілікке, тө- зімділікке т.б.
әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға
бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан.
Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың
ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы
былай деп жазылған: «Қазақ ұлты не-
гізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп
қойып, бала-лардың нағыз азамат болып
қалыптасуына аса зор мән берген.
Нәтижесінде дәстүр-лі бала тәрбиесінің
басты құралы ретінде ұлттық ойынды
Аңға байланысты
ойындар: ақсерек-
көксе-рек, аңшылар,
аңшылар мен қояндар,
кірпіше қарғу, қас-
құлақ, ордағы қасқыр.

Малға байланысты
ойындар: аларман (қойға
қасқыр шапты), асау көк,
бура-қотан, көксиыр, соқыр-
теке, түйе мен бота.
Түрлі заттармен ойналатын
ойындар: ағаш аяқ, аққала,
ақпа, ақсүйек, ақшамшық,
алакүшік, алты-бақан, арқан
аттау, арқан тартпақ, арқан
тартыс, арынды арқан, асау
мәстек, асық, аттамақ,
ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ,
батпырауық, белбеу соқ, белбеу
тартыс, дауыстап атыңды айтам,
епті жігіт,
жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу,
жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу,
қамалды қорғау, қараше, қимақ,
қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ,
орамал тастау, сақина жасыру,
сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің
дауысы, таяқ жүгірту, тепе-
теңдік, тобық, тұтқын алу,
түйілген орамал, шалма, шертпек,
шілдік, хал қалай?
Алтыбақан. Бұл – жастардың кешкілік бас
қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар,
жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп
көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен
тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды
құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады:
алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен
қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап
тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа
кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды
құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3
қатар арқан байланады. Арқан тартпақ. Оны
арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі
түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі
қыста қар үстінде ойналады. Жазда
ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса,
ой-ын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10
метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді.
Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл
матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі
топтағылар өз жағында бойларына қарай сап
түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды
өз жағына қарай тартады. Қыста он –он бес
бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап
алынып, үлкен адамның алақанының
көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп,
ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне
Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық
дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой
ойыны.
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу
тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды.
Ал
кейбір мамандардың айтуынша, оның
пайда болған кезі бұдан да көп уақыт
болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен
ғасырларда қазақ даласындағы ең кең
тараған ойын болатын.
Қазіргі кезде әлемнің көптеген
елдерінде
тоғызқұмалақ жақсы насихатталып
жатыр.
Мәселен, Қырғызстанда мектептерде
тогузкоргоолдан олимпиада өтеді
екен.Қытайда, Қарақалпақстанда
кітаптар,
ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ,
көршілес Алтайда, ҚарашайШеркеште,
Сахада үйірмелер
ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде
тоғызқұмалақ ойналып жатыр деген
Күрес
Күрестің ұлттық түрі «қазақ
күресінің» даму тарихы қазақ халқының
тамыры тереңнен тартылатын тарихымен
тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен
мереке тойлар спорттың осы түрінің
сайысынсыз өткен емес. Күші басым
түсіп,
жеңіске жеткен балуандар халықтың
төбесіне тұтар құрметті адамына
айналған.
«Қазақша күрес» бойынша бірінші ірі
жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы
аймақтары арасындағы спартакиада
аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс
дәстүрлі түрде республика қалаларында
тұрақты өткізіліп келеді. Ірі Халықаралық
турнирлер 1952 және 1975 жылдары Азия
аймағы спортшыларының қатысуымен
өткізілді. Ұлттық күрестің
дамуы Қазақстан егемендік алғаннан
кейін
жаңа серпін алды. 1991 жылдан бастап
республикалық чемпионаттар мен
Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық
ойындарының бірі.
Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың
әлеуметтік-экономикалық жағдайларына,
шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты
қалыптасқан. Қазақ
халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи
заттармен ойнауға негізделген.
Шаруашылығы мал шаруашылығына
негізделгендіктен қазақ халқының ұлт
ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе,
қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі
қой асығымен байланысты болып келеді.
Сондықтан
асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі
арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып
табылады. Асық ойыны
баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап,
оларды дәлдікке, ұстамдылыққа,
байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті
болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та
болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам
ойында да,
өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді.
Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген
кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. Біз
солардың ел есінде сақталған үлгілерін келтіріп
Зеректілікті, ептілікті және икемділікті
қажет ететін ойындар: айгөлек,
айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана
өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ,
бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз
де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс,
көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың
ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын
тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап,
тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-
тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?,
шымбике.
Ат сайысы.
Спорттық ойын. Оның
түрлері: ат
омырауластыру,
аударыспақ, жорға
жарыс, көкпар тарту,
теңге алу, қыз қуу, қыз
жарыс, сайысу т.б. Олар
үлкен тойларда
ұйымдастырылады.
Сайысқа түсетін аттар
алдын-ала жаратылады.
Ат сайысындағы кейбір
ұлттық ойындар
Олимпиада
ойындарының
жоспарына енгізілген.
«Аударыспақ». Ол – қазақ,
қырғыз халықтарының арасында
кең тараған ойын. Атқа мінген
екі жігіт жекпе-жекке шығып,
бірін-бірі аттан аударып тастауға
тырысады. Аударыспаққа үлкен
тойларда арнайы жүлде
тағайындалады. Оған он сегіз
жастан асқан қарулы жігіттердің
қатысқаны жөн. Аударыспақ
ойынының ережесі бойынша
сайысқа қатысушылар
салмақтарына қарай үш топқа
бөлініп, күш сынасады. Ептілікті,
күштілікті, тапқырлықты,
батылдықты талап ететін
спорттық ойын.
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойын
атауының шығу тегіне байланысты бірнеше
нұсқалар бар: “көк бөрі” немесе "көк бөрте". Тағы бір
нұсқасында "көкпар" сөзіндегі "пар" бөлшегі
паршалау, пәрелеу деген сөздерден шыққандығы
айтылады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған
серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі
жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді.
Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан
Көкпарға тартпайды.
Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең
тараған ойын түрі. Ол қырғыз тілінде "көк бөрү",
“улак тартыш (тартуу)”, тәжік тілінде “бузкаши” деп
аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты
ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар.
Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға
өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да
Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған.
Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін,
батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын
қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың
қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де
сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс
болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім
Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста
құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде
Ойын тәртібі
Ойын екі нұсқада - классикалық тәжік, кейде
(көпіршіде) қазақ командасымен ойнауға болады.
Ойынның классикалық нұсқасында әрбір ойыншы әр
ойыншымен ойнайды. Жеңімпаз тек басты жүлдені
алады. Командалық ойында барлық қатысушылардың
рөлі қатаң бөлінді. Олардың форвардтары,
қорғаушылары, командалардың капитаны бар. Ешкі
тек ешкілерге арналған ешкінің қаңқасы
пайдаланылмайды, өйткені ешкі терісі өте берік және
түрлі бағыттарда ойыншылардың тартқан кезде
кернеуіне төтеп береді. Қазіргі заманғы нұсқаларда
моделі қолданылуы мүмкін. Шабандоздар ешкілердің
қаны үшін күресіп жатыр - бұл оны иемденіп қана
қоймай, оны мүмкіндігінше ұзағырақ сақтауға немесе
басқа ережелер бойынша белгілі бір сайтқа қол
жеткізу үшін, оның ішінде қарсыластар үшін күресуге
құқығы жоқ. Бұл күресте аттар ойнайды. Олар арнайы
таңдап алынған, білімді, білімді. Жақсы жылқы
қасбеттерге жақындауға кімнің жақсырақ екенін білу
үшін, шабандозды алудың оңай болуы, қарсыластың
иығына итеріп, бүйіріне соғып, соққыларын, қоршаған
ортаны бұзып, жеңіске жеткенде, көрермен алдында
әдемі шапалақтап, тіпті тағзым ете алады. Көкпар
Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі
түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйге өзбектерде
“пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады. Кейбір деректер
бойынша, 15 ғ-дың 70-жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар
Қазақ хандығын құрғанда, Шу өзенінің жағасында, Тұлпарсаз деген
жерде бәйге ұйымдастырған. Осы кезден бастап Бәйге қазақ халқының
алқалы жиындарының (тойлардың, астардың, т.б.) ажырамас құрамдас
бөлігіне айналған (қ. Сауын айту).
Бұрын бәйгеге қосылған аттар түстік, күндік жерге, ұзақ
қашықтықтарға шабатын (қ. Аламан бәйге). 1957 жылы Қазақстанда
қабылданған ереже бойынша құнан бәйге 1200, 1500, 1600, 1800, 2000
м, дөнен бәйге 2400, 3000, 3200, 4000, 4800 м, ат бәйгесі 5000, 8000,
10000 м қашықтықтарда өткізіледі. Көбінесе, қашықтық төрешілер
алқасының шешімі бойынша бәйгеалаң (ипподром) айналымының
ұзындығына байланысты белгіленеді. Бәйгеге мал дәрігерінің
қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың
кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл,
ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді. Аттың ер-тұрманында,
шабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс.
Бәйгеге қатысушы атын оздыру үшін өзі білетін, ережеде рұқсат
етілген тәсілдердің бәрін қолдануына болады. Ал қатарласып келе
жатқан атқа қамшысын тигізуге немесе қамшысын үйіріп басқа
аттарды жасқауға, айқайлауға, ысқыруға, жарыс жолынан шығып
кетуге, оның айналмаларынан төтелеп өтуге болмайды. 1-ші орын
мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын
аттардың келу ретіне қарай беріледі. Қазақ халқы Бәйге аттарын
ерекше күтімге алған. Құлагер, Ақбақай, Маңмаңгер сияқты
сәйгүліктерді ән-жырға қосқан. Топтан озған тұлпарлар туралы
халқымыздың ауыз әдебиетінде, эпостық жырларында,
мақал-мәтелдерінде көп айтылады.
Қыз қуар (әз. qız qov; қыр. кыз куумай; башқ. ҡыҙ ҡыуыу) — (Кейде қыз
қуу деп те аталуы мүмкін) Мерекелерде өткізілетін ат үстіндегі
спорттық мәні бар ойындардың бірі. Қыз қуарға бір қыз, бір жігітті көз
көрім жерге атпен жібереді. Барғанша жігіт қызбен әзілдесіп барады.
Қайтарда Жігіт озуға тырысады, ал қыз жігітті қамшымен шықпыртуға
тырысады. Ереже бойынша қыз жетсе, қамшының астына алуға хақылы.
Жігіт тек тез қашуды және қамшы тигізбеуді көздейді. Көп
жағыдайларда қыз қуып жетсе жігітке қамшы тигізбей, жай басынан
қамшы үйіреді. Бұл жігіт үшін намысты жағдай. Егер жігітке ызаланса
аямауы мүмкін. Бұл ойынды бір-бірін ұнататындар да, былайғы боз
балалар да еркін ойнауы мүмкін. Ол әрі ат үстіндегі мәдение дене
тәрбие.
Кейбір кейнгі зерттушілер бұл ойында қызды жігіт сүйеді дегенді
айтады. Бұл ақылға қонымсыз, қыз қуар ойынын көрмегендердің
фантазиясы. Олар осы арқылы бұл ойынды қазақ жастарының
махаббаттасуы ретінде айтқысы келеді. Бірақ қазақ қоғамында
жиналған жұрттың көзінше қызды сүю өте әдепсіз қылық есептеледі,
ондай жағдайда намысқа тиіп, рулар арасында тіпті қақтығыс та болып
кетуі мүмкін. Сондықтан тіпті олар алда қосылатын, не қосылған
жұптар болса да, бәрібір ат үстінде сүйісу деген әңгіме жоқ. Әрине,
өзара әзіл-қалжың болуы мүмкін. Ойындағы ең басты ереже жігіттің
атқа мықты шаба алуы, болмағанда қыздардың қамшысы тиіп масқара
болуы.
Қыз қуар Қазақстанда, Қырғызстанда ойналатын ұлттық ат ойыны
тобына жатады. Мерекеден басқа, бұл ойын бұрын үйлену тойларында
өткізілген. Әрине, ежелгі нұсқасы қазір ережеге түсіп, бәлгілі бір
тәртіппен өтізілу қолға алынды, бірақ негізгі нәрселер өзгерген жоқ.
Ойынның негізгі көздегені жігіттердің намысын шыңдау, ат үстіндегі
өнерін, қабілетін арттыру, жақсы ат баптау. Мықты жігіттер жақсы ат
баптайды, ат үстінде де өте жақсы отырады, демек ол қыздан таяқ жей
қоймайды. Ал, болбыр жігіттер ат үстінде дұрыс отыра алмайды, аты да
«Теңге ілу» — ұлттық ойын.
Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді.
Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды
бастаушы жүргізеді.
Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі
20—30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр
қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі
топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп,
қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық
аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі
шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып,
әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.
Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай
есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын
жылдамдықты дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді.
[1]

Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын
ойыны. Көбіне қыз ұзатылатын және сүндет тойларының
думанында ойналады. Жігіттің атқа мықтылығы, ат
үстіндегі самдағай әрекеті, денесін игеріп, билеп алған
ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып
қалып жататындар да көп болады. Кейде бір ауылға келін
ұзағырақ жылдардан кейін түсіп, беті ашылғаннан кейінгі
сайранда ырым үшін де ойналады. Сонда жас келін өзінің
шолпысын не алқа күмістерін орамалға түйіп, бір қарыстай
терең қазылған, қолдың басы ғана сиятын шұңқырға салып
қояды. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей
жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы
орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп,
тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Кімде-
кім орамалды іліп әкетсе, оны өзіне тартылған жас келіннің
Орындаған:
Зархумов Ермуханбет
Әбдрахманұлы
СТ20-03
Пайдаланылған әдебиеттер

Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық ойын түрлері
Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау
Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
Қазақ халқының мәдениеті мәдениеттану
Қазақтың ұлттық ойындары туралы деректер
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА
Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл - қозғалыс ойындары
Ұлттық спорт түрлерінің даму тарихы
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті
Бала тәрбиесіндегі халық ойындары және ойыншықтар
Пәндер