Жай сөйлем синтаксисі: нысаны, құрылымы және түрлері


Slide 1

ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Орындаған: хусаинова мадина

Сапарбекова Назым

Тексерген: Балабекова Қатира

Slide 2

Синтаксистің зерттеу нысаны туралы пікірлер

Slide 3

Қазақ ғалымдары

А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев т. б. еңбектерінде синтаксистің нысаны сөйлем деп қарастырады

Профессор М. Балақаев оған сөз тіркесін қосады

Қ. Есенов оған күрделенген сөйлемдерді

Б. Шалабай мәтін мәселесін қосуды ұсынады

А. Ж. Жақыпов синтаксистің объектісі сөз тіркесінен басталып, сөйлеммен шектелмеуі тиіс деп, синтаксистің нысаны - сөз формаларынан басталуы тиіс дейді

Slide 4

Ахмет Байтұрсынұлының сөйлемді бөлуі

Slide 5

Лепті сөйлемді төмендегідей бөлді

Slide 6

Жай сөйлем

Slide 7

Сұраулы сөйлем құрамына қарай

Негізгі сұрақты білдіретін-Сұраулы сөздердің (не істеді, кім, қашан ), шылаулардың (ма, ме, ба, бе) қатысуымен жасалады.

М: Сен ертең кітапханаға барасың ба?

Жетек сұрақ - қосымша қойылған сұрақты білдіреді.

М: - Ертең үйге келесің бе?

Йә

Қаншада?

Анықтауыш сұрақ - Екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылады.

М: Бұл адамдар қай ауылдан?

Slide 8

Сұраулы сөйлем мағынасына қарай

Ашық сұрақ: Сұрақ жалпы ашық түрде қатысады. Сондықтан іздеуші мүшенің орнына кім, не, қайда, қайдан, неше, не істеді деген сияқты сұрақ мағыналы сөздер жұмсалады. М: Кім келді? Қайда жүрсің?

Альтернативтік сұрақ: Сапа, іс арқылы атаулы сөздер арқылы көрінеді де, олардың сұраулық мағынада айтылып тұрғанын шылау ма, ме, ба, бе, па, пе білдіреді. М: Тоқтайсың ба, Тоқтамайсың ба?

Риторикалық сұрақ: Риторикалық сұрақты білдіретін сөйлемдерде баяндауыш сөздер кері мағынада жұмсалады. М: Батыр емей немене?

Түрткі сұрақ: Тілімізде сұраулы сөйлем формасы тыңдаушыны бар іске қосу, жұмсау үшін де пайдаланылады. М: Қонақтар келетін еді, ыдыстарды жиыстырып қоясың ба?

Slide 9

Бұйрықты сөйлем

Slide 10

Лепті сөйлем

Бұйрық мәнді лепті сөйлем. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, басқа біреуге бір істі істеуге, не істемеуге қосатын лепті сөйлемдер. М: Мал өсір, малыңды бақ, күтіп бапта!

Өкініш мәнді сөйлем. Өткенде істелуге тиісті, бірақ істелмеген, болмаған іске өкіну ретінде айтылатын лепті сөйлем. М: Қап, мұны білгенде кеше келер едім!

Тілек жалыныш мәнді лепті сөйлем. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райныда айтылып, оған -шы, -ші қосымшасы қосылып, тілек не жалыныш мәнді сөйлем жасалады. М: Кетпеші, біраз өлең оқып берші!

Сес мәнді лепті сөйлем. Бермей көрші деген сияқты күрделі баяндауыштары бар сөйлемдер. М: Осыдан уәдеңде тұрмай көрші, көзіңе көк шыбын үймелетейін!

Арман мәнді сөйлем. Баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында айтылып арман мәнді лепті сөйлем жасалады. М: Ех-шіркін, ауылға барып айлап жатар ма едім!

Ұран, үндеу мәнді лепті сөйлемдер. Олардың баяндауыштары етістіктің бұйрық, қалау рай тұлғаларында айтылыды. М: Алға, Қайрат!

Мадақтау мәнді лепті сөйлем. Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану мағынасында қолданылады. М: Мына көйлекке қарашы, қандай әдемі!

Slide 11

Ахмет Байтұрсынұлы бүгінгі таңда қазақ тілінде қолданылып жүрген сөйлемдерді құрылысына, құрамына,

айтылу мақсатына қарай төмендегідей топтастырған

Slide 12

Құдайберген Жұбановжай сөйлемдерді құрылысына қарай

Жалаң

М: Әжем шұлық тоқыды.

Жайылма

М: Ұшақ биікке көтерілді.

Толық

М: Раушан үнсіз отыр.

Олқы

М: Жасымда ғылым бар деп ескермедім.

Slide 13

Сөйлем айтылу мақсатына қарай

Хабар сазды

Сұрау сазды

Леп сазды

Сөйлем мүшелеріне қарай

Тұрлаулы мүшелер

Айқындауыш мүшелер

Slide 14 Slide 15

Бір негізгі сөйлемдер ондағы субьекті мәнінің берілісіне қарай:

Белгілі жақты

Бастауышы бар немесе бастауышы жасырын тұрған сөйлем. М: Кетіңізші, өтінемін.

Белгісіз жақты

Бастауыш жоқ, бірақ бастауышы 1 - 3 жақта тұрғанымен, іс - әрекет 3 жаққа қатысты айтылатын сөйлем түрі. М: Анамен алыспайды да, атыспайды да.

Жалпылама жақты

Баяндауышы 2-жақтық жіктік жалғауда айтылған сөйлемдердің бастауышы болмай, үш жаққа бірдей ортақ мағынада айтылатын сөйлем. М: Жаманға ақыл айтсаң, алдайды дер.

Жанама (жақсыз) жақты

Сөйлемдегі айтылар ой бастауыштан басқа сөйлем мүшелері арқылы берілетін жай сөйлемнің түрі. Жақсыз сөйлемнің бастауышы болмайды, оның жоқ екені сол сөйлемнің баяндауышынан білінеді. М: Қайта соларға қолы батыл жасты салу керек

Slide 16

Екі негізді сөйлемдер құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай

Жалаң. М: Жел күшейе түсті

Жайылма. М: Кешеден бері ішін тартып тұрған жел бүгін түс қайта күшейе түсті

Толымды - ойға қатысты мүшелері толық сөйлемдер. М:Лесниктің үстінде сұр қара шинелі бар.

Толымсыз - ойға қатысты кей мүшелері әдейі түсірілген. М: Басында құлақшын, аяғында ұлтанды қара етік.

Slide 17

Екі негізді сөйлем жақтың қатысына қарай

Субъекті-жақты: "Хамит сасып қалды"

Субъекті-жақсыз: "Шөп шабылды"

Белгісіз жақты: "Ол - ақынның білімсіз бейшарасы"

Жалпылама жақты: "Қалған дүниенің қамын сен жемеп пе едің"?

Slide 18

Бір негізді сөйлемдердің бір түрі - атаулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдердің құрамында бастауыш, баяндауыш болып өзара қатынасқа түсетін мүшелер болмайды. Сөйлемнің құрамында атау ретінде жұмсалған негізгі, тірек мүше болады. Жұмсалуына қарай атаулы сөйлемдерді үш топқа бөлуге болады:

1. Бейнелеу мағынасындағы атаулы сөйлемдер: Жаздың күні. Күн шыжып, ыстық аспанға көтерілген.

2. Эмоциялы атаулы сөйлемдер: Шіркін, осы ауылдың жастары-ай! Ойын-сауық десе жанып кетеді

3. Сөгіс, тілек мағыналы атаулы сөйлемдер: Оқымай кеткір! Көзі ашық қой, жөн сілтейді ғой десем, жаудың табанына салып бермек

Slide 19

Жалаң

Жайылма

Жалаң сөйлем- тек тұрлаулы мүшеден ғана құралған жай сөйлемнің түрі.

Мысалы: Күн суытты.


Ұқсас жұмыстар
Жай сөйлем мүшелерінің синтаксисі: бастауыш, баяндауыш, тұрлаусыз мүшелер және орын тәртібі
Жай сөйлем синтаксисі: төл сөз пен төлеу сөз, бірыңғай және жалпылауыш мүшелер
Жай сөйлем түрлеріне арналған жаттығулар мен талдау
Жай және құрмалас сөйлемдердің құрылымы мен түрлері
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылықтары мен өзіндік белгілері
Мемлекеттің басқару нысаны: құрылымы, түрлері және саяси режимдері
Жай сөйлем түрлері мен жасалу жолдары: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты; одағайлар мен қаратпа сөздер
8-сыныпта жай сөйлем синтаксисін оқыту: ізгілендіру технологиясының әдістемелік негіздері
Сөйлем мен сөз тіркесінің құрылымы және сөздердің синтаксистік байланысу түрлері
Алгоритмдік тілдердің алфавиті, синтаксисі және семантикасы: Pascal тілінің құрылымы мен сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz