Комплексонометрлік титрлеу


Slide 1

Тақырыбы: Комплексонометрлік титрлеу. Судың кермектілігін анықтау.

Орындаған: Алибай А

Тобы: 203 «А» ФӨТ

Қабылдаған:Дильдабекова Л

Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Химиялық пәндер кафедрасы ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Slide 2

Жоспар

Slide 3

Комплексонометриялық талдау әдісі

Аз иондалатын кешенді иондардың (немесе молекулалардың) түзілуіне негізделген титриметриялық анықтауларды біріктіреді.

Катиондардың органикалық реактивтермен - комплексондармен әрекеттесуге негізделген талдау әдістерін комплексонометриялық деп атайды.

Slide 4

Комплексонометрлік титрлеу әдісінің негізі

Комплексондар дегеніміз - полиаминополикарбон қышқылдары.

Комплексонометрлік титрлеу әдісінің сезімталдығы жоғары (10-3моль/дм3), дәл қарапайым және тез орындалады.

Slide 5

Аналитикалық химияда комплексон-I, II және III түрлері жиі қолданылады:

Slide 6

Company Logo

Slide 7

ЭДТА-ның құрамы, тұрақтылығы және жұмысшы ерітіндісін дайындау

Комплексон-III титрлеуде жиі қолданылады. Егер, оның қысқаша формуласы Na2H2Y деп белгілесек төмендегіше ионға диссоциацияланады:

Na2H2Y= 2Na++H2Y2

Түзілген Н2Y2- анионы, анықталуға тиісті металл иондары Ме2+, Mе3+ және Mе4+мен төмендегімен әрекеттесіп хелаттар түзеді:

Slide 8

ХЕЛАТТАР

Slide 9

Теңдеулерден көріп отырғанымыздай, комплексон-III-тің әр молекуласы бір катионмен (тотығу дәрежесіне тәуелсіз) ғана әрекеттеседі. Демек, әрекеттесуші заттар үшін эквивалент факторы (fэкв) бірге тең.

Slide 10

Ca2++H2Y= CaY2-+2H+

Bi3++H2Y2-=BiY-+2H+

Zr4++H2Y-=ZrY+2H+

мысалы

Slide 11

Кешенді қосылыстарға басқа тәсілдермен айналдыруы қиын сілтілік металдармен (Ca2+, Mg2+, Ba) комплексон III ішкі кешенді тұздар түзеді, сондықтанда химиялық талдауда кең қолданылады.

Slide 12

Комплексонометриялық

титрлеудің индикаторлары

ЭДТА-ны титрант ретінде қолданылған алғашқы титриметриялық әдістерде қышқылдық-негіздік индикаторлар пайдаланылған себебі ЭДТА-ның артық мөлшері металл тұзының бейтарап ерітіндісіне қосылады да реакция нәтижесінде тиісті мөлшерде бөлініп шыққан сутек иондары титрленген.

Slide 13

Комплексонометрияның қарқынды дамуы металлохромды дамуы индикаторлардың ашылуы мен байланысты. Бұл заттар металл иондарымен әрекеттескенде боялған қосылыстар түзеді, бірақ комплексонаттарға қарағанда беріктігі төмендеу. Металл иондарымен комплекс түзетін индикаторларды бос иондардан немесе индикатор молекулаларынан түсі бойынша ажыратады.

Slide 14

Комплексонометрлік анықтау үшін индикатор ретінде кейбір трифенилметандық бояғыштарды қолданады. Көптеген катиондарды (Zr4+, Th4+, Bi3+, Fe3+) ксиленолды сарғыш қызыл, металфталеин, метилтимолды көк, пирокатехинді күлгін бар болғанда титрлейді

Slide 15

Комплексонометрияда сондай-ақ арнайы реактивтерді қолданады, олар талданатын иондармен боялған қосылыстар түзеді, мысалы, сульфосалицил қышқылы немесе Fe3+үшін тиоционат, Bi3+үшін тиомочевина және басқалар.

Slide 16

Судың кермектігі

Судың кермектігі- құрамында еритін Са2+ және Mg2- тұздарының, гидрокарбонаттардың, сульфаттардың және хлоридтердің болуына негізделген, табиғи судың қасиеті.

Кермектіктің екі түрін ажыратады: карбонатты және карбонатсыз.

Карбонатты кермектікті (уақытша немесе жойылатын) Ca(HCO3) және Mg(HCO3) 2 гидрокарбонаттарының мөлшерімен анықталады. Қайнатқан кезде бұл тұздар тұнба болып түсетін CaCO3 және MgCO3 бөліп, ыдырайды және су жұмсарады.

Slide 17

Қаттылық шамасы бойынша табиғи сулар былай бөлінеді:

өте жұмсақ - 1, 5 мг-экв дейін;

жұмсақ - 1, 5-30 мг-экв;

орташа қатты - 3-6 мг-экв;

қатты - 6-9 мг-экв;

өте қатты - 9 мг-экв жоғары.

Орталықтан сумен қамтамасыз ету көзінің суының жалпы қаттылығы 7 мг-экв/л аспау керек.

Slide 18

Судың кермектігін анықтауда қолданылуы

Судың жалпы кермектігін анықтау.

Техникалық, агрохимиялық талдау тәжірибесінде, тамақ өнеркәсібінде және халық шаруашылығының басқа салаларында су кермектігін комплексонометриялық анықтауды жиі қолданады, оны 1 л судағы Са және Mg-нің ммэкв-қосындысы санымен сипаттайды.

Slide 19

Талдау жасау үшін зерттелетін суды аммоний буферлі қоспамен pH=10 болғанша сілтілендіреміз. Индикатор ретінде арнайы хромоген қара ЕТ-00 ерітіндісін пайдаланады, ол Ca2+ және Mg2+ иондарымен шарап қызыл түсті ерімтал кешендер түзеді:

Slide 20

Ca2+ + Hlnd2+=Calnd- + H+ :

шарап-қызыл

Mg2+ + Hlnd2+=Mg lnd- + H+

шарап-қызыл

1) KCalnd-=3. 9*10-6

2) KMglnd-=1*10-7

Slide 21

Ca2+ және Mg2+ ЭДТА-мен тұрақсыздық константалары едәуір төмен (2, 7*10-11 және 2*10-9) . Сондықтан ЭДТА ерітіндісіен титрлегенде, ол тисті кешендерден индикаторды ысырып шығарып, одан да берік кешендер түзеді.

Сонымен зквивалент нүктесінде ерітіндінің шарап-қызыл түсі көкке ауысады.

Slide 22

Комплексонометрлік титрлеу фармацияда мырыш препараттарын: мырыштың сульфатын және оксидін; кальций препараттарын; хлоридін, глюконатын, кальций лактатын; магний сульфатын анықтауда қолданылады. Комплексонометрлік титрлеу суға талдау жасауда оның кермектілігін анықтауда қолданылады.

Әдістің қолданылуы

Slide 23

Пайдаланылған әдебиеттер

CRC Handbook of Chemistry and Physics / D. R. Lide (Ed. ) . - 90th edition. - CRC Press; Taylor and Francis, 2009. - 2828 p. - ISBN 1420090844.

↑ Перейти обратно:1 2 3 http://www. cdc. gov/niosh/npg/npgd0439. html

↑ // Химическая энциклопедия

https://www. sgu. ru/sites/default/files/textdocsfiles/2014/01/11/se_ar. pdf


Ұқсас жұмыстар
Титрлеу түрлері
Эквиваленттік нүктеде неғұрлым ерігіштігі төмен қосылыс түзілсе, соғұрлым титрлеу қисығында секіріс
Тәсілдің негізгі химиялық теңдеуі
Ерітіндінің нормальді концентрациясын есептеу
Полярографиялық және амперметрлік талдау әдістері
Тұндыру титрлеу әдісі
Ерітіндінің молярлы концентрациясын есептеу
Ерітіндідегі оксалат - иондарын перманганатометрлік титрлеу әдісімен анықтау
Тура потенциометрия Потенциометриялық титрлеу
Титриметрлік талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz