Заман туралы шығармалары




Презентация қосу
Шортанбай
Қанайұлы
(1818-1881)
Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл
облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі
Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни
қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды
жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге
келген. Жас шағынан мұсылманша оқып
замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан
қазақ халқының қасиетті астанасы есепті
Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа
жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.
Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне
талпыған алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі
әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын
жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі
ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер
боларлық ойлы орта, тәлімге - ұстаздар да кезіксе
керек-ті.
Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның
қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда
қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға,
Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай
төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді.
Одан кейін Ақсу-Аюлы бойын қоныстанған
Жанғұтты бидің қарамағанан шағын мешіт
салдырып, медресе ашады. Өле-өлгенше осы биді
төңіректеп, өмір кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек
етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан
Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына
кезігеді.
Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашып, діни
жұмысатқара бастағанмен, оған мүлде беріле
алмайды. Өзі де елден шеттемей, жастарға да,
үлкендерге де үйір боп, солардың ортасында өмір
сүру, мүмкін болғанынша сезімге бой алдырмай,
ақыл мен парасатқа жүгіну керек. Осылайша ой
түйген Шортанбай өзін еркін ұстайды.
Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен
Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы
жерінде қайтыс болды. Ол - өлерде үстіне
ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді
тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі
жоқ-жітік, кемтарларға үлестіруді өсиет еткен.
Ақын көз жұмғалы ғасырдан астам уақыт өтсе
де, оны халық қастерлеп, шығармаларын
жадында ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп
келеді. “Қалықтаған сұңқар ем, Қанатым
сынды ұша алмай, Қиындап қуға түсе алмай, -
деген ақынның өз сөзіне назар салайықшы.
Асылы, "қияға қанат қағар сұңқар едім" - деп
бекерге айтпайды.
Заман туралы шығармалары

«Зар
«Зар заман»
заман»

зары
Шортанбай зары
Шортанбай «Келер
«Келер заман»
заман»

«Жарлының
«Жарлының жаны
жаны берік-ті»
берік-ті»

«Бір
«Бір насихат
насихат айтайын»
айтайын»

«Қалықтаған сұңқар ем»
Шортанбай ақынның ойынша
заманды аздырушылар кімдер?

Заман

Үстем тап Қоғам

. . . . . .
Шортанбай мұраларын алғаш
зерттеушілердің бірі М.Әуезов
Шортанбаймен қатарлас өмір сүрген
ақындар шығарм-н тұтастай алғанда
Шортанбай мұрасына сай “Зар заман
ақындары” деп саралады. Шортанбай
мұраларын зерттеу ісінде С.Мұқанов,
І.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Т.Нұртазин,
М.Мағауин, С.Қирабаев, Ы.Дүйсенбаев,
Ғ.Мұсабаевтар көп еңбек сіңірді.
Шортанбай творчествосы да
әдебиетіміздегі ақтаңдақтардан
қатарында жөнді зерттелмей, жабулы
тақырыптар қатарында келеді.
Қорытынды
Шортанбай өз шығармаларында
заманның кескін-келбетін дәл басып,
нақты көрінісін жасаған шыншыл
ақын ретінде танылды да, өзінің
болмыс-бітіміндегі көріпкелдік
қасиетінің арқасында бұлыңғыр
болашақты айна қатесіз болжай білген
әулиелік қасиетімен ерекшеленді,
өлеңдерінің ою-өрнегін қиюластыра
білген, мазмұн мен маңызды
ұштастыра білген шебер ақын болды.
Оның шығармалары ұрпақтан-
ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта оқытылатын Абай шығармалары
Мұқағали Мақатаев жайлы
Зар заман ағымы
Шыңғыс Айтматов өмірбаяны
Міржақып Дулатұлы Бақытсыз Жамал роман
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖАЙЛЫ
Дулат Бабатайұлының өлеңдерін қорытындылау
Қарақалпақ әдебиеті
Шәкәрім Құдайбердиев туралы
Қазақ философиясының ерекшелік сипаты
Пәндер