Балалардың мектепке психологиялық дайындығы




Презентация қосу
Балалардың мектепке
психологиялық
дайындығы
Орындағандар: Әліпбай Толғанай
Нұрғиса Алина
Шакенова Балнұр
Шалабаева Гүлжан
Ақатай Аяжан
Қабылдаған Кенжебай А.С
Жоспар:
• 1) Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке
даярлаудың психологиялық мәселелері
• 2) Мектепке психологиялық даярлаудың
педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері
• 3) Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуына
мектеп алды дағдарысының ықпалы
• 4) Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке
даярлаудың бағыттыр мен оқуға бейімдеу жолдары
• Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау
барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға
еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет.
Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін
балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік,
мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті,
жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол
болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі
мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі
оқуға, мектеп өміріне даярлау.
• Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық,
өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-
жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде
көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен
ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-
ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға
психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл
баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық
үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа
кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші
күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы
ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да
балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы
басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін,
дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы
комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын
қамтиды.
Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік,
психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан
да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады,
әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа
әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.
Белгілі орыс психологтары А.Н.
Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А.
Люблинская мектепке даярлау
ұғымына баланың оқу
тапсырмаларын
түсінуін,әрекеттерді орындау А.Н. Леонтьев
тәсілдерін меңгеруін, ерік
қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі
бақылау және өзін-өзі бағалау
дағдыларын, мұғалімді тыңдау, А.В. Запорожец
материалды еске сақтау
біліктілігін жатқызады.

А.В. Запорожец
• Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың
дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға
келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным
қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және
оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.
• Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің
әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің
заңдылықтарын,заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз
әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және
логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады .
Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ.
Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені
белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте мәселелердің
бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру
ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне
сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу
қажет деп тұжырымдайды.
• Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың
төрт бағытын қарастырды:
• 1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен
дағдыларды қалыптастыру;
• 2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа
құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;
• 3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;
• 4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы
түрде бағыну іскерлігі
• Баланың мектепте табысқа жетуінде бұл бағыттар аса маңызды болғандықтан,
әрбір бағыт жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді жөн көрдім.
• 1. Ақыл-ойының даярлығы.
• Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және
санаумен ғана шектеліп қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді,талдауды,
ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі -әрекеттік ойлау
қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде,заттардың кейпімен,
мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің
барлық түрін орындап шығады.
• Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген
сөздің мағынасын түсініп,өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала өзбетімен сөйлем
құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы маңызды. Әрбір бала
әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды, суреттерді, әрекетттерді
бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет. Яғни, баланың сөздік қорының
мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі, логикалық операцияларды орындай
алуы, баланың оқуда білімді табысты меңгеруінің негізі болып табылады.
Ақыл-ой дайындығының
көрсеткіштері

Бейнелі компонент Вербалді компонент

1. Заттың сипатын, қасиетін 1. Заттардың әртүрлі қасиеттерін
қабылдау қабілеттілігі. 2. Бейнелі айта білу және айыра білу
негіздегі көру есі. 3. Зат не құбылыс қабілеттілігі. 2. Сөйлеу негізіндегі
туралы ұғымдарды қорытындылау есту есі. 3. Бір текті
біліктілігі. 4. Ойлау тәсілдерінің ұғымдарды,заттарды жалпылау
(синтез, салыстыру т.б.) дамуы. 5. қабілеттілігі. 4. Ойлау тәсілдерінің
Белсенділік, тапқырлық. дамуы. 5. Қисынды ойлау
2. Биологиялық кемелденуі.
Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс
істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-
әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің талаптарын
орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға
дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы
мұндай өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Сондықтан баланың
денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.) нормадағы
6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен
бірге көру ,есту, моторикасының дамуы және жүйке жүесінің
физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.
3. Жеке басының қалыптасуы мен
әлеуметтік даярлығы.
Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын
аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның
мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала бар және онда
көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы
мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз
уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу
сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне
қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным
қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік
жасайды.
4. Ерік сапаларының қалыптасуы мен
эмоционалдық даярлығы.
Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі.
Сонымен бірге баланың әрекеттерді жоспарлап, олардың
орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі,
қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық үрдістердің
қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы
бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез
бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.
Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің «Дені сау балалардың қорқынышы»

“ атты еңбегінде «Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді,
олар үнемі «мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын
ба?» деген қорқынышпен жүреді», - дейді.
Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің «Дені сау балалардың қорқынышы» атты еңбегінде
«Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар үнемі «мектепте мұғалім
берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба?» деген қорқынышпен жүреді», - дейді.
Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына жағдайларға
байланысты болады:
1. Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді орындату
мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады; («Мектепке барасың сонда саған

көрсетеді»);
2. Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;
3. Мектептің өміріне бейімделе алмауы;
4. Мектептің өмірінің шынайлылық қиындығымен кезіккенде, баланың көңілінде мектепке
деген жағымсыз қатынастың пайда болуы;
5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау.
Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты талап
етеді Оқушылар арасында келіспеушіліктер, реніштер және
конфликтік жағдайлар жиі кездеседі. Әсіресе ерке балалар
мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мектепке
барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы
көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай және
еріктілікті дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты
аяқтамай келесі жұмысқа кірісуіне рұқсат етпей, кез-келген
істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек.

Ұқсас жұмыстар
Балалардың мектепте оқуға психологиялық даярлығы
К.Д.Ушинскийдің халықтық ойын туралы пікірі
Сабақ оқытудың негізгі формасы
Балалардың практикалық психологиясы
ӨМІРІНЕ ДАЯРЛАУ
Мектеп жасындағы балалардың диагностикасы
Дарынды балалармен жұмыс
Психологиялық - педагогикалық қолдауда кеңінен енгізу проблемалары
Балабақшада оқытудың психологиялық негіздері
Шетелдегі инклюзивті білім беру
Пәндер