Кеңестік кезендегі Қазақстан мәдениеті саласындғы жетістіктер мен қайшылықтар
Презентация қосу
Кеңестік кезендегі Қазақстан
мәдениеті саласындғы
жетістіктер мен қайшылықтар
Кеңестік кезеңде рухани сала түбегейлі
жаңғыруға ұшырады. Дінге, білімге,
жоғары және бұқаралық өнерге
қатысты бәрі өзгерді
КСРО-дағы ислам дінінің жағдайы
Кеңестер одағы зайырлы мемлекет болды. Онда діннен
бездіру үстемдік еткен болатын. Дінге оның ішінде ислам
дініне қарсы күрес жүрді. Діни мектептер жабылды,
мешіттер жойылды, діни қызметшілерді сайлау құқығынан
айырылды, олар жер аударды және айдауға жіберді.Діни
кітаптар жойылды. Араб-парсы жазуына негізделген әліпби
латын әліпбиіне, кейін, 1940 жылы кириллицаға ауысты. 30-
жылдары Меккеге қажылыққа баруға тыйым салынды.Яғни
айтқанда атеистік насихат жүргізілді. Бұл іс шаралар ислам
дінінің рухани, әлеуметтік жіне экономикалық негізенен
айырды. Бірақта бұл халықтың діни сенімі мен
көзқарастарын толығымен жоя алмады. Тек дінді жасырып,
халықтың әдеттермен бұрмалап ұстауға тура келді
Кеңестік мектептің құрылуы және
20-30 жылдары білім берудің
дамуы
Кеңестік кезендегі басты жетістерінің бірі халыққа
жедел білім беру болатын. Сауатсыздықпен жаппай
күрес, жалпыға бірдец бастауыш, одан сон толық емес
орта білім беруді енгізу басты мақсаттары болды.
Ересектер арасындағы сауатсыздықты жою қарқын
түрде жүргізілді. Жер –жерде «Сауатсыздық жойылсын»
деген қоғамдастығының бөлімшелері ашылды.
Бөлімшелерде мыңдаған адамдардар оқу мен жазуды
үйреніп, сауаттарын ашты. 30- жылдардың соңына
қарайеслу жасқа дейінгі сауаттылық 83,6 пайыз құрады.
Сауатсыздықты жою науқанына
орай білім беру
Кеңес үкіметіндегі мектептер
1918 жылы екі сатыдан тұратын кеңестік біріңғай еңбек мектебі
құрылды. Бірінші сатысы 8-ден 13 жасқа дейінгі, ал екінші саты
14-тен 17 жасқа дейінгі балаларды қамтыған. Ұл балалар мен қыз
балаларды біріктірп оқыту, барлық ұлтбаларының теңсіздігі
енгізілді. Мектеп толықтай тегін болды. Кедей отбасылардың
балалары оқулықтармен, таңғы аспен,киім кешекпен
аяққиімдермен қамтамасыз етілді. 1920-1921 оқу жылында
Қазақстанда 2410 мектеп болды. Бірақ 1929 жылы үй жайлармен
мұғалімнің жетіспеуінен мектептерге мектеп жасындағы
балалардың тек 40 пайызы ғана барды. 1930 жылы КСРО да
жалпыға бірдей бастауыш білім беру енгізіліп, педагогикалық
кадрлар мәселесі шешіле бастады. Нәтижесінде, 1937 жылға
қарай балалрдың 96 пайызы бастауышбіліммен қамтылды.
20-жылдардағы ауыл балаларына
білім беру
Қазақстанда жоғары білімнің
дамуы
Кеңес үкіметінің алғашқы оң жылында Қазақстанда жоғары
оқу орындары болған жоқ. Бірақ көптеген қазақ жігіттері
мен қыздарв Ресей жоғары оқу орындары мен
техникумдарында білім алды. 1928 жылы алматыға
алғашқы жоғары оқу орны Абай атындағы ҚазПи қазіргі
ҚазҰПУ құрылды. Көп ұзамай ауылшаруашылық,
малдәрігерлік және медициналық институттар ал 1934
жылы Киров атындағы ҚазМу ашылды.Техникумдар,
училищилер, өнеркәсіп, көлік, құрылыс саласына
байланысты мамандар дайындады.
Абай атындағы ҚазҰПУ ғимараты
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
ғимараты
Қазақстандық ғылымның
қалыптасуы
Заманауи үлгідегі алғашқы қазақ ғылымдары 20 ғасырдың бас
кезіндегі кәсіптік, ғылыми және қоғамдық-саяси қызметті үйлестірген
ағартышулар болды.Мысалы Ә.Бөкейхан экономика, А.Байтұрсынұлы
тілтану, М.Тынышбаев тарих, Ж.Аймауытов психология мен
педагогика, Х.Досмұхамедов медицина, зоология, әдебиет жөнінде
еңбектер жазды. 20- жылдары бұрынғы алашордашылар сабақ берді.
Олар қазақ мектептеріне арналған оқулықтар жасауға қатысты.
1920 жылы Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы құрылды. Сол тұста
Қазақстанда алғашқы ғылыми-зерттеу институты ашылды.
С.Асфендияров жазушы және әдибиеттанушы М.Әуезов, филолог
Қ.Жұбанов, Қ.Сәтбаев 20- жылдардың екінші жартысында-ақ танымал
бола бастады. 1932 жылы КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық
базасы құрылып, зоологиялық, ботаникалық, географиялық және басқа
секторларды қамтыды.
Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы , М.Дулатов
Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы
Кеңес өкіметінің орнауы коммунистік идеологияға сай шығармашылыққа өріс
ашты.Орынборда,Алматыда,Ақмолада,Семейде,Петропавлда,Оралда,Қостанайда және
Қазақстанның басқа да қалаларында клубтар,халық үйлері пайда болды.Қазақ және орыс
тілдерінде хор,драма,әдебиет үйірмелері,халық театрлары ұйымдастырылды.Ұлттық әскери
құрамалар мәдени-бұқаралық жұмыстың орталығына айналды.Халықтық музыка зерттеле
бастады.Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен
күйлерін жазып алып,“Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақ халқының 500 әні мен күйі”
деген жинақтар жариялады. 1925жылы Парижде дүниежүзілік халықтар көрмесінде
ұйымдастырылған өнер шеберлерінің жарысында — Одақ халықтарының атынан қатысып,
екінші орынға ие болды.1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры
ашылды.Оның бастауында Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров,
Қ.Жандарбеков,Қ.Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев,И.Байзақов т.б тұрды.Театрды дарынды
драмашы,режиссер Жұмат Шанин басқарды.Сахнада қойылған алғашқы шығарма
М.Әуезовтың “Еңлік Кебек” пьесасы болатын.Театр өмірінде Ғ.Мүсіреповтың “Қозы
Көрпеш-Баян сұлу”,М.Әуезов пен Л.Соболевтің “Абай пьесаларының қойылуы” үлкен оқиға
болды.Әлем әдебиетінің классиктерінен театр Н.Гогольдің “Үйлену” мен
“Ревизорын”,В.Шекспирдің “Оттелосын” сахнаға шығарды.Қазақстан үкіметі осындай
атаулы табыстары үшін 1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма театры атағын
берді.1930 жылдары Семейде,Ақтөбеде,Шымкенте,Петропавлда, Қарағандыда театрлар
ашылды.1933жылы Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры,1937 жылы Қызылордада
корей театры ұйымдастырылды.
Қазақ музыка өнері.
Кеңес дәуіріндегі қазақ музыка мәдениетінде пайда болған еуропа жанрлары да
эпикалық туындылардан алыстап кете алмады. Опера, симфония, театралды-сахналық
спектакльдердің мазмұны қазақ баласына ыстық эпикалық шығармалардан алынды.
Мысалы, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер-Тарғын», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс»
опералары, Ғ.Жұбанованың «Еңлік Кебек», Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш Баян
сұлу» балеттері, «Қыз Жібек» көркем фильмі, «Қыз Жібек», «Еңлік Кебек»
спектакльдері, Б.Аманжолдың «Еңлік Кебек» фортепианолық циклы,
Ж.Жексембекованың «Қыз Жібекке симфониялық алым» (дань) және тағы да басқалары.
Аталған шығармаларда негізін құраған эпостың өзі әртүрлі қамтылған. Себебі, әр жанр
шамалы өзгерістер енгізсе де өз жанрлық заңдылықтарын сақтап қалады. Және мұндай
қойылымдарда шығарманың авторы эпостың мазмұнын толық пайдаланбай, тек басты
проблеманы, нақты ситуацияны алады. Кейде тіпті эпоста аса мән берілмейтін
психологиялық сәттер опера, балет және спектакльдерде күрделендіріліп, басқа
қырларынан танылады. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ежелден келе
жатқанын және оның күміс көмей, жезтаңдай әнші, бармағы майысқан күйші болғанын
тарихшыларымыз орынды сөз еткен. Өнердің халыққа кең тараған түрінің бірі ән мен
аспаптық музыканың өткен заманда қай бағытта дамығанына шолу жасау, бүгінгі өмір
жастарымызға рухани тәрбие беруде зор мәні бар екенін білеміз.
Қорытынды
Рухани мәдениет саласында түбегейлі жаңғыру
көрініс тапты. Зайырлы мектеп қалыптасты,
жалпыға бірдей бастауыш білім беру жүйесі
енгізілді, қазақ техникумдары мен жоғары оқу
орындары пайда болды. Шығармашылық зиялы
қауым заманауи өнерді түрлендірді. Дінге қарсы
күрес жүрді және атеистік насихат
жағдайларында исламның қоғамның рухани
өміріне ықпалы әлсіреді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz