Ғұндардың полихромдық өнері және мәдени-экономикалық ерекшеліктері


Slide 1

Ғұндардың полихромдық өнері

Орындаған: Сәнібек Айгерім

Тобы: ШТМ-20

Қабылдаушы: Малимова Салима

Slide 2

Сипаттама

Б. з. д. ІҮ ғасырда Орталық Азияда ғұндардың біріккен көшпенді тайпалары пайда бола бастайды. Қытайлар осы кезеңде өз қарсыластарының ішінде сюнну (ғұндар) тайпалары болғандығын көрсетеді. Ғұндар моңғол типтес болған. Ең алғаш ғұндардың мемлекет ретінде құрылуы өз әкесі мен ағасын өлтіріп, таққа отырған Модэ есімімен байланысты болды. Қытайлықтар ғұндар туралы: «Тек малының етімен тамақтанады, жануарлардың терісінен киім киеді», - деп жазған. Алайда ғұндар тұрған жерлердің түкпір аймақтарында халық мал шаруашылығымен ғана емес, жер шауашылығымен де шұғылданған. Бурятияда, Улан -Удэге жақын Иволга өзенінің Селенга өзеніне құяр тұсында ғұндар тұрған жерлердің қалдықтары табылған. Олардан темір жасау және қола құю өндірісінің іздері байқалады, сондай-ақ темір орақ, тастан жасалған бидай ұнтағыштар табылған.

Ғұндар шаруашылығында тұтқындарды құл ретінде пайдаланған. Олар көп мал ұстаған. Олардың ішінде қыста өздігімен тұяқтарымен қар астынан азық тауып жейтін жылқылар бірінші қатарда тұрған. Жылқылар моңғол тұқымдас болған. Ғұндардың мемлекеттік бірігуі Қытай жіне басқа көршілермен үнемі соғысу нәтижесінен болды.

Slide 3

Ғұндардың мәдениеті мен тұрмысы және деректер.

Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген, қой өсірген, ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды. Олардың негізгі баспанасы киіз үйлер. Киіз үйдің төрінде қамшы. Ағаштан жасалған қынабы бар семсер, садақ, жебе т. б іліп қойған. Астық сақтайтын ұралары үйдің ішінде болған. Жүннен кілем, төсеніш тоқыған. Олар зергерлік алтын әшекей жасауда үлкен жетістіктерге жеткен.

Slide 4

Полихромдық өнері

Зерлеу - бұйым бетіне алатын түйіршіктерді дәнекерлеу.

Бұйымға ширатылған сымды дәнекелеп отырған, бұйымға түрлі-түсті затты жапсыру-безендіруді қолданды. Мүндай стиль «полихромдық стиль» деп аталды. Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бұл, әсіресе ғұндарға тиімді еді. Біздің заманымызға дейін 158 жылы шекарадағы сауда көздерін кеңейту мақсатында тәңіркұты Қытайға қарсы соғыс ашты. Біздің заманымызға дейін 152 жылы ғұндармен тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда сауда орындары ашылады Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды) . Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді. Ғұндардың діни-наным, сенімдері ата - бабаның аруағына сенді. Жалпы ғұн тайпалары пұтқа табынған, тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған

Slide 5
Ұқсас жұмыстар
Ғұндардың тарихы, шаруашылығы және әлеуметтік-мәдени өмірі
Үнді мәдениеті: тарихи кезеңдері, ерекшеліктері және өнері
Ежелгі Рим өнері: тарихы, сәулеті және мәдени мұра
Ежелгі Грекия мен Рим өнері: тарихи-мәдени шолу
Көкшетау қаласының тарихи, экономикалық, мәдени және табиғи-туристік ерекшеліктері
Ежелгі Қазақстан: Қаңлылар мен Ғұндардың тарихы
Қазақстанның Темір дәуірі: тарихи, мәдени және әлеуметтік-экономикалық аспектілер
Арғы түркілердің мәдени мұрасы: этногенез, діни таным және мәдени-экономикалық байланыстар
Ғұндар: тарихы, қоғамдық құрылысы және мәдени-экономикалық мұрасы
Ортағасырдағы Шығыс өнері: Үнді және араб дәстүрлерінің тарихи-мәдени талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz