Эволюцияның дәлелдемелері
Презентация қосу
Эволюцияның
дәлелдемелері
Сәнібек Айгерім ШТМ-20
Жерде тіршіліктің пайда болған сәтінен бастап
ағзалардың баяу және тұрақты өзгерістерін
биологиялық эволюция деп атайды.
Эволюциялық дәлелдемелері:
салыстырмалы-анатомиялық
эмбриологиялық
палеонтологиялық
биохимиялық
Салыстырмалы-анатомиялық дәлел
жеке мүшелер, сондай-ақ тұтас ағзаны
салыстырып, қатарлап орналастыруға
негізделген
Эмбриологиялық дәлел әр алуан ағзалардың
ұрықтық даму сатысын зерттеумен байланысты.
Ғаламшарда тіршілік біржасушалылар түрінде
туындады. Тіршілік иелерінің барлығы бір жасушадан
бастама алады.
Палеонтологиялық дәлел өліп
біткен тірі ағзалардың қазынды
қалдықтарына негізделген. Бұл
салада дәлелді мынадай екі топқа
бөлуге болады: өтпелі формалар және
филогенездік қатар. Өтпелі формалар
деп бір мерзімде екі ірі жүйелік
топтың белгілерін үйлестіретін
ағзаларды айтады. Оған тек өліп
біткендер ғана емес, сондай-ақ қазір
де тірі ағзалар мысал бола алады.
Мәселен, біржасушалы эвгленаларға
жататын балдырлар фотосинтезді іске
асыру мүмкіндігі болмаған кезде
(жасыл эвглена) гетеротрофты
жолмен қоректенуге көшеді, яғни
олар өсімдіктер мен жануарлардың
арасындағы өтпелі форма.
Молекулалық -генетикалық дәлел
хромосомалардың құрылысын, саны мен
мөлшерін салыстыруға негізделген.
Ағзалардың жақын туыстас топтарында
алшақ топтарына қарағанда хромосомалары
әлдеқайда көбірек ұқсас болады. Мәселен,
астық тұқымдастар түрінің көпшілігінде
хромосома саны жеті еселі. Демек, жаңа
түрлер полиплоидтар нәтижесінде -
хромосома санының еселеп өсуі арқылы
түзілген. Бұлай болу үшін мейоз кезінде
бөліну шүйдесінің жібі үзіліп, диплоидты
гамета қалыптасуы және оның ұрықтануға
қатысуы кажет. Адамда және адамтәріздес
маймылдарда бар болғаны 2 хромосомаға
Биохимиялық дәлел молекулалық-генетикалық
дәлелдерден кейінірек пайда болды. Бұл да сол қағидаларга
негізделген, алайда мұнда негізінен жұмыс нәруыздардың
аминқышқылды құрамымен жүргізіледі. Белгілі
нәруыздардың әр алуан түрлеріндегі аминқышқылдардың
реті айқындалады, сондай-ақ олардың ұқсастық дәрежесі
бойынша туыстық дәрежесі туралы пікірлер айтылады. Әр
алуан химиялық препараттардың реакцияларын зерттеу де
осыған жатады.
Жаңа дәрі- дәрмектерді сынау алдымен шимпанзеге
жасалады, өйткені жануарлардың бұл түрі биохимиялық
тұрғыдан адамға жақын. Бұдан басқа адам және
адамтәріздес маймылдардың қан тобы ортақ.
Биохимиялық тұрғыдан жақын әр алуан түрлер
дарақтарына ұлпалары мен мүшелерін ауыстырып
отырғызуға болады. Мәселен, сусамырмен (диабет)
ауырған науқас тек адам инсулинін ғана емес, шошқанікі
де пайдаланылады. Шұғыл жағдайларда адамға уақытша
шошқа да бауыр доноры бола алады. Осының барлығы
жақын туыстас топ ағзаларындағы биохимиялық
үдерістердін, ортақтығын дәлелдейді және генетикалық
ақпарат ұқсастығының салдары болып табылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz