Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы жібек жолының рөлі




Презентация қосу
Қазақстан қала мәдениетінің
дамуындағы Ұлы жібек жолының
рөлі
Сәнібек Айгерім ШТМ-20
Сабақтың мақсаты:
Ұлы Жібек жолының пайда болу, таралу тарихына
шолу жасау. Ұлы Жібек жолының тармақтары,
Жібек жолы арқылы тасылған негізгі тауарлар,
керуен жолының Қазақстандағы мәдениет пен
діннің, сауданың, қалалардың дамуына қосқан
үлесі мен әлеуметтік-экономикалық маңызы.
«Ұлы Жібек жолының» пайда
болуы.
Ең ежелгі халықаралық сауда жолына 1870 жылы неміс географы К.Рихтогафен «Жібек
жолы» деген атау берген болатын. Жібек жолы қашан пайда болды деген сұраққа, тарихшы
ғалымдар б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда «Нефрит жолы» және «Лазурит жолы» деген
халықаралық сауда жолының тармақтары болғанын алға тартады. «Нефрит жолы» Қытай
мен Шығыс Түркістанды байланыстырды, ал «Лазурит жолы» Орта Азиядағы Бадахшан
тауынан алынған лазуритты (көк тасты) батысында Иран, Қосөзен арқылы Сирия мен
Мысырға жеткізсе, шығысында Қытайға апарғаны белгілі болып отыр. Б.з.б. І
мыңжылдықтың ортасында Еуразия құрлығының батысы мен шығысын байланыстырған
«Ұлы Жібек жолының» бір тармағы «Дала жолы» жандана бастады. Егер де Геродот
еңбегіндегі жазылған «Дала жолын» қағазға карта ретінде түсіретін болсақ, Қара теңіз
жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен,
Сарыарқаны батысынан шығысына кесіп өтіп, Ертіс өзенінің жоғарғы ағысы Зайсан көлінен,
Алтай тауына барады. Жол қазіргі Қазақстанның батысынан кіріп шығысынан бір-ақ
шығады. Бұл жолмен Батысқа қымбат аң терілері, былғары, жібек маталары барса, ал
Шығысқа парсы кілемдері, әшекей бұйымдар, қымбат тастар барған.
Лазурит пен нефрит
Жібек жолының әлеуметтік-
экономикалық, халықаралық қатынастағы
Жібекмаңызы.
жолы тек қана сауда жолы емес, сонымен қатар, Еуразия құрлығының халықтары
арасында бейбіт дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынас орнатқан жол болды. Өз
кезегінде бейбіт экономикалық қарым-қатынастар, көп елдердің шаруашылығын дамытып,
әлеуметтік әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізді. Сауда жолдарының бойларында
қалалар тұрғызылып, архитектура, құрылыс саласының өркендеуіне алып келді. Сондықтан да
«Жібек жолы» деген атауға «Ұлы» деген сөз қосылды. Алғашында жібек маталары тек
Қытайда ғана өндірілсе, біздің заманымыздың алғашқы кезінде жібекті Орта Азия, Иран,
Византия сияқты елдерде өндірген, мұны жол арқылы халықтар өндірістегі жетістіктермен
бөлісіп, бірінен-бірі үйреніп отырды деп айтуға болады. Әсіресе бұл жолмен алғашында жеміс-
жидек, көкөністер, түрлі дәмдеуіштер сатылса, кейіннен сырттан келген, сол өнімдерді, кейбір
елдер өздерінде өсіріп шаруашылықтарын жандандыра түсірген. Мысалға, алғашында
Қытайда ғана өскен болгар бұрышы бүкіл құрлыққа тараса, Таяу Шығыс пен Орта Азиядан
Қытайға жүзім, қауын, қарбыз сияқты түрлі дақылдар барып, сол жақта да өсіріле бастаған.
Испиджаб, Отырар, Талғар сияқты орта ғасырлық қалалардан археологтар, фарфордан
жасалған ыдыстар, Жерорта теңізі елдерінің әдісімен жасалған түрлі бұйымдарды көптеп
тапты. Ғалымдар ондай жәдігерлердің көптеп табылуына байланысты, алғашында
бұйымдарды сатып алған болса, кейіннен жергілікті шеберлер де сол бұйымдарды өздері
жасаған дейді. Орта ғасырда Қазақстан аумағын мекендеген халықтар «Ұлы Жібек жолымен»
әлемдік саудаға асыл тұқымды жылқы шығарумен әйгілі болған. Сол себепті ертедегі
деректерде Түркі қағанаттарын солтүстіктегі «сәйгүліктер патшасы», - деп атаған, ал
дамыған орта ғасырда қыпшақ жылқылары Орта Азия базарларында аса қымбат бағаланған.
«Ұлы Жібек жолының»
мәдениеттердің дамуына қосқан
үлесі.
Ұлы жібек жолы тек сауда-саттықты ғана дамытып қоймай,
осы өлкемізде дипломатиялық қарым-қатынасты дамытуда
орасан зор үлесі болды, басқа да елдермен мәдениеттік
жетістіктерді бөлісу арқылы діни ілімдер мен мәдени
ерекшеліктер, әртүрлі шаруашылықтың пайда болуына
әкелді. Және тағы да айта кететініміз ол архитектуралық-
құрылыстың жақсы дамуы, өзіміздің тарихи ескерткіштеріміз
туризм саласында керемет үлес қосуы.

Ұқсас жұмыстар
Ұлы Жібек жолындағы көшпелі және отырықшы мәдениеттің қалыптасуы
Орхон ескерткіші
Жолының рөлі
Көне түріктердің рухани мәдениеті және Ұлы Жібек жолы
Түркі мәдениеті мен өркениеті және олардың Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті дамуындағы мәдени - өркениеттік рөлін айқындау
Көшпелі мәдениет
Ұлы Жібек жолының тарихи мен дамуы
Ұлы жібек жолы
Қызылорда облысының тарихи қалалары
Жібек жолымен араб
Пәндер