Тоғызқұмалақтың заманауи дамуы


Slide 1

“Тоғызқұмалақтың заманауи дамуы”

Slide 2

Білім беру

мекемесінің атауы

К. Д. Ушинский

? сынып оқушысы:

Жетекшісі:

Зерденің жұмысын жақсартуға аса маңызды жағдай жүйкелердің саулығы болып саналады, бұған арнайы дене жаттығулары керек. .

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6

Тоғызқұмалақ тақтасының түрлері

Slide 7

Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері: • Құмалақ • Қазан • Отау • Бастаушы • Қостаушы • Тұздық • Атсырау

Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері: Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.

Slide 8

9

8

7

6

5

4

3

2

1

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Қоштаушының

отаулары

Бастаушының қазаны

Бастаушының отаулары

Қоштаушының қазаны

Кері

Slide 9

Жүріс жасау ерекшеліктері

Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.

1. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.

Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.

Slide 10

Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.

2. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

3. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

Slide 11

Тұздық алу ережесі

Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде - “тұзды үй”, қазіргі тілде - тұздық деп атайды.

4. Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.

Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.

Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.

Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде - Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.

Slide 12

Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.

Slide 13

Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау - қостаушының меншігіне айналады.

5. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.

6. Тұздық аттас отаулардан алынбайды.

Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.

Slide 14

“Атсырау” ережесі

Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.

Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы - атсырау деп аталады.

Slide 15

Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда

қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:

Осы тақтадағы жағдайда жүріс қостаушыдан. Ол №9 отаудағы 3 құмалағын таратады

Slide 16

Өз кезегінде бастаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Қостаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады.

Slide 17

Бастаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 6 отаудағы 2 құмалақтың бірін орнына қалдырып екіншісін 7 отауға көшіреді. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:

Осы жағдайда бастаушы отауларындағы барлық құмалақтарды (19 құмалақты) қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.

Есеп 90-72 Бастаушы ұтты.

Slide 18

Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.

Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады.

Slide 19

Пайдалы кеңестер.

Ойынның барысын жақсы білу үшін бастамада қателеспей, мына пайдалы кеңестерді орындаған жөн.

1. Алғашқы жүрістерді алдыңғы шептің отауларынан жүріп, ортаңғы әсіресе артқы шеп отауларының күшін сақтауға (тастарының көбеймеуіне) тырысу.

2. Жалғыз тас жатқан отауларға және қатарынан орналасқан бірнеше «бай» (тасы көп) отауларға сақ болу (байланып қалмау)

3. «Орға» (жалғыз тасы бар отаудың алдындағы отау бос болса, осылай аталады) және бірнеше жалғыз тасты отауларға (құтылмас тұздық болмас үшін) сақ болу

4. Тұздық алу немесе «бай» ұту қауіптерін төндіріп, қорға тасты аз-аздан болса да жинай беру.

5. Тұздық алмасқанда неғұрлым күштісін (№ 5 отауға жақын) алып, қарсыласқа нашарлауын беру.

6. Нашарлау тұздық ауысқанда бір-екі «байды» артық алу.

7. Тұздық орнына 30-40 тасты артық алу.

8. Тұздық алмасқаннан кейін «байларды» орнымен таратып жіберу.

9. Жалпы жағдайдың тиімділігін пайдалану үшін позицияны ұтымды пайдаланып ойнау.

10. Келешек атсырауды немесе тасты көп алып, тез 82-ге жеткізуді ойлау.

Көп құмалақ жиналған отау бай деп аталады.

Тұздық жоқ кезде көбінесе №8 отауға «бай» (көп тас) жинап, қарсыластан амалсыз (күшпен) тұздық алуға болады. Мысалы 92, 820, 75 позициясында 1, 72х №1 немесе №2 отауларынан тұздық алынады. Егер 93, 821, 75 болса, 1, 92х жүрісімен амалсыз тұздық береді.


Ұқсас жұмыстар
Тоғызқұмалақ ережемен ойнау
Академиялық ұтқырлық - заманауи білім
Тоғызқұмалақ
Қазіргі қазақ әдебиетінің ерекшеліктері
Заманауи басқару психологиясындағы тұлға түсінігі
ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ МӘНІ
Жерге орналастыру саласындағы заманауи геодезиялық аспаптар
Адаптивті оқытудың заманауи зерттеулері
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Бірінші микроскопиялық кезең
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz