Дін анықтамалары


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы:Дін философиясы

Орындаған:Жақсыбек А. Тексерген:Курманбаева Л.

2021

Slide 2

Дін анықтамалары.

Дін және философиялық білім.

Дін және өнер.

«Дүниежүзілік діндер» феномені.

Діннің алғашқы формалары.

Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм (С. Токарев) .

Буддизм және оның негізгі бағыттары.

Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары.

Ислам.

Исламныңқалыптасуы, .

Мазмұны:

Slide 3

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім - оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін - бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның пікірі бойынша дін қырық-елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан.

Дін анықтамалары

Дін - адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты - адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Slide 4

Дінді философиялық тұрғыдан анықтау. Философиялық анықтау методологиясы субстанциалық және универисализмдік жолдармен қарастырылады. Қандай бір құбылыс немесе процесс болмасын абстрактылы-логикалық сызбадан шығады. Антикалық философияда дінге берген анықтамада, дінді бір «абсолютке» элемнің рухына немесе бір жоғары идеяға теңеп анықтады.

Мұндай «абсолют» немесе «жоғарғы идеялар» элемнің негізі ретінде қарастырылады, олар қүдіретті күш емес, оларға бас ию, қүрбан шалу қажет емес. Мысалы: Аристотельдің Құдайлық түсінігі, «ең жоғарғы болмыс», денесіз әлемді «қозғаушы күш», «мэңгілік себеп» жэне дүниенің даму үрдісінің мақсаты.

Дін және философиялық білім.

Slide 5

Үнділік Салва Расул (Salva Rasool) есімді қылқалам шебері Жаратушыға деген махаббатын каллиграфиялық және абстрактілік өнер арқылы бейнелейді. «Түрлі-түсті палитрамен кенеп бетіне түсірілген Құран аяттары үшөлшемді бейнеде көрінеді», - деді ол. Бұл жайында ummet. kz сайты Hindustan Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

«Сурет салу барысында тек қағаз-қаламмен ғана емес, түрлі тұрмыстық заттарды да қолданып, олардың қолөнердегі өзіндік ерекше жолын іздестіремін» дейді суретші өз ойымен бөлісіп.

Дін және өнер

Slide 6

Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар - фетишизм, тотемизм, анимизм, магия және шаманизм .

Фетишизм (“ерекше қасиеті бар зат” португал. сөзінен) -жансыз заттардың табиғаттан тыс қасиетіне, олардың магиялық қуатына деген сенімге негізделген.

Анимизм (латын тілінде animus - жан, рух) - деген жан бар дегенге сену, алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған құбылыс.

Діннің алғашқы формалары.

Тотемизм - (ототеман - Солтүстік Америка үндістерінің тілінен, “оның тегі” деген мағына береді) өсімдіктер және жануарлардың адамға қанды туыстық қатынасы бар деп түсіну.

Жаратылыстан тыс күштер шақыратын тұтастай ғұрыптар жүйесін құрайтын көнедегі нанымдардың бірі - магия немесе тылсым (“ауызекі сөзде сиқыр, аяр, жады” деп те атайды) .

Алғашқы діни сенімдердің ішіндегі ең күрделісі - шаманизм (бақсылық) . Бұл діни сенім Сібір, Солтүстік Америка, Орта Азия, Қазақстан жерлерінде тараған.

Slide 7

Дін өзінің кең таралуы мен маңызына қарай әлемдік және ұлттық дін болып бөлінеді. Дүние жүзі халқы ұстанатын әлемдік 3 дін бар:

Христиан діні;

Ислам діні;

Буддизм.

Христиан діні

Христиан діні 2 мың жыл бұрын қазіргі Израиль жерінде пайда болған. Христиан діннің 3 тармағы бар:

католик;

протестант;

православие;

Ислам діні

Ислам діні - 610 жылы Арабия түбегінде пайда болды. Ислам дінін ұстанушылар 2 тармаққа бөлінеді:

Суниттер

Шииттер

Буддизм

Буддизм әлемдік діндердің ең ежелгісі. Буддизмнің негізін қалаған б. з. б VI ғ. Үндістанда тұрған принц Сидхартха Гаутама. Буддизм таралған аймақтар:Қытай, Жапония, Корея, ШриЛанка, Тибет, Тайланд, Моңғолия, Бутан, Вьетнам, Камбоджа, Лаос, Мьянма.

«Дүниежүзілік діндер» феномені.

Slide 8

Діннің қоғамдық-рухани көрінісінің әралуандылығына қараңыз: шексіздіктен адамдардың тәуелділік сезімі ретінде (Ф. Шлейермахер) ; табиғат туралы алғашқы мифтердің символикасы (М. Мюллер) ; көрінбейтін рухани мәндерге сенім (Э. Б. Тайлор) ; құдіреттік сенім (Дж. Хаксли) ; сенуші адамдардың мінез құлқын қайта жасауға мүмкіндігі бар ақиқаттар жүйесі (А. Н. Уайтхед) ; тағдырға сену (Д. Б. Пратт) және тағы басқа. Дін - күрделі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қатынастарды және діни қызметті қамтиды.

Дін құрылымына келсек, оған:

діни ілім;

діни сезімдер;

діни салттар;

діни ұйымдар мен секталар кіреді.

Діннің алғашқы формалары.

Slide 9

Структурализм - бұл құрылымдарды зерттеуге, қоғам мен мәдениетті талдау үшін лингвистикалық модельдерді қолдануға, объективизм мен холизм принциптеріне негізделген әртүрлі бағыттарды біріктірген ХХ ғасырдағы әлеуметтік ғылымдардағы пәнаралық бағыт.

Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс)

“Эволюционизм” дегеніміз - эволюция жолымен даму туралы ілім. Оның негізін қалаушылар болып, мәдени эволюцияның даму сатыларын зерттеген Фридрих Клемм және өзінің “Адамзаттың ежелгі тарихы” (1865) атты кітабында эволюционістік ойларын білдірген Эдвард Тэйлор есептеледі.

Slide 10

Буддизм (санскритше - बुद्ध धर्म, buddha dharma Будданың ілімі) - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б. з. б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т.

Буддизм және оның негізгі бағыттары.

Үндістан, Бодх-Гаяда Сиддхартха Гаутаманың мүсіні

Әлем елдерiндегi буддалық тұрғынның пайызы

Slide 11

Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') - Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін .

Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2. 2. млрд христиан. Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді.

Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді.

Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады.

Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары.

Slide 12

Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады:

Інжілдер (матфей, марк, лука, ионн) ;

Апостолдардың арнаулы хаттары;

Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар;

Ақыр заман туралы өсиет.

Тарихы

Христиандық - атауын өзінің шәкірттерімен бірге діннің негізін қалаган Иисус Христос есімінен алады. Христиандық дін ілімі Қасиетті Жазу - Көне және Жаңа Өсиеттерге негізделген. Христиандық б. д. д. I ғ. Рим империясының қүрамында шиеленіскен экономикалық, саяси, қоғамдық-психологиялық, әлеуметгік және этникалық теңсіздік жағдайында, езгіде болған Палестинада пайда болды. Мұнымен радикалды-антиримдік көңіл-күйлер және империялық құдіреттілікке қарсы наразылықтар байланысты. ӀӀ-ӀӀӀ ғғ. христиандық қауымдастықтарда сенаторлық және әскери салт аттылар атағы пайда бола бастады. Қауымдастықта ақсүйек және білімді адамдардың болуы радикализмді жойып, римдік билікпен бітісуге әкелді.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ
Биліктің легитимділігі
Еркін материялдық нүктенің динамикасы
Идеология және дін
БИЛІК ТУРАЛЫ
Паллиативті көмектің көрсеткіштері
Басқарудағы іскерлік қарым қатынастар және басқару жұмысындағы шиеленістер
БИЛІКТІҢ СУБЪЕКТІСІ БИЛІКТІҢ ОБЪЕКТІСІ
Үзіліссіз функциялар
Ғылыми зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz