Педагогикалық қарым - қатынас психологиясы


Slide 1

№12 Дәріс. Тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы

Slide 2

1. Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы туралы түсінік 2. Педагогикалық әсер ету психологиясы 3. Оқытушы мен студенттің тұлғааралық өзара әрекеттестігінің мәселелері

Жоспар:

Slide 3 Slide 4

Қарым-қатынас

Коммуникация

(өзара ақпарат алмасуын)

Интеракция

(өзара әрекеттесуін)

Перцепция

(өзара

бірін-бірі қабылдауы)

Slide 5 Slide 6

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі формалары қарым- қатынас жағдайы болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынас төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылады

Дәріс сабақтарында

БӨЖ, БОӨЖ орындау кезінде

Семинар, практикалық және зертханалық сабақтарда

Емтихан кезінде

Тәрбиелік шаралар кезінде

Slide 7

Қарым-қатынас

үш қырынан анықталады:

оқу міндеттерін шешу құралы ретінде

Білім алушылардың тұлға ретінде дамуының психологиялық- педагогикалық ықпалы ретінде

Тәрбие процесін ұйымдастыру-

дың әлеуметтік педагогикалық жүйесі ретінде

Slide 8

Педагогикалық қарым-қатынаста қарым-қатынастың төмендегідей түрлері ажыратылады

Вербальды

Вербальды емес

Тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асырылады

Мимика, жест пантомимика,

проксемика

экстралингвистика

паралингвистика

такесика, ольфакторлық жүйе

Slide 9

Вербальді емес коммуникацияның құралдары

Пантомимика - дененің қимыл - қозғалысы

Жест - қолдың қимылы. Қарым қатынасты, сөзді сүйемелдеп отырады

мимика - беттің бұлшықеттерінің қимыл - қозғалысы (күлу, ренжу т. б. ) .

Проксемика- кеңістіктік, қашықтық арқылы көз арқылы түсінісу

Паралингвис-

тика- дауыстың ырғағы, көлемі, үнділігі

Такесика- бетінен сүю, сипау, қол алу, құшақтау, т. б.

ольфакторлық жүйе - қоршаған ортаның, адамдардың жағымды, жағымсыз иістері

Экстралин-

гвистика-

кідірістер, күлу, жөткіріну, жылау, т. б.

Slide 10

Оқу-тәрбие міндеттерін шешудің маңызды құралы. Оқытушы мен білім алушылар арасындағы қарым-қатынас дұрыс ұйымдастырылмаса, білім беру міндеттері - оқыту, дамыту және тәрбиелеу тиімді бола алмайды.

Қарым-қатынас

Slide 11

Педагогикалық қарым-қатынас оқытушы мен білім алушылар арасында өзара әрекеттесу ретінде анықталады. Педагогикалық процесте өзара әрекеттесу 3 түрлі сипатқа ие болады:

Slide 12

Қытай ойшылы Лао Цзы: «Барлық тіршіліктің дамуы - инь мен янь энергияларының үйлесімділігінде”-, деп айтқан. Жалпы «конфликт» сөзі (conflictus) латын тілінен енген, тікелей мағынасы - дау - дамай, кикілжің қақтығыс.

Демек, дау - дамай - екі не одан да көп индивидтің немесе топтың қарама - қарсы жақтың белгілі бір мақсатқа жетуіне, қызығушылығының қанағаттандырылуына әдейі бөгет жасау немесе оның көзқарасын, әлеуметтік ұстанымын өзгерту процесі.

Адамның өмірі қақтығыссыз өте алмайды, өйткені адам болған соң өзінің пайымдауы, өз көзқарасы, өз түсінігі болады. Бір мәселеге екі адам екі жақты қарайды.

Дау - дамай дегеніміз - қарама - қарсы бағытталған мақсаттардың, қызығушылықтардың, ұстанымдардың, ой - пікірлердің, құндылықтардың қақтығысы.

Slide 13

Өзара әрекеттестік «субъект-объект» емес, «субъект-субъект» негізінде, диалогтык сипатта болуы үшін, төмендегі шарттар орындалуы қажет:

оқытушы мен білім алушылардың өзара тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-біріне психологиялық қолдау көрсете алуы.

оқытушы мен білім алушы бір-бірінің қарым-қатынастағы белсенділіктерінің тепе-тең екендігін саналы түрде аңғарып, оны іс жүзінде қолдана алуы;

әлеуметтік рөлдері мен статусына қарамастан, оқытушы мен білім алушылардың психологиялық ұстанымдарының тепе-тең болуы;

Slide 14

Р. Бейлз өзара әрекеттесуді төрт категорияға талдайды. Соған байланысты мұғалім мен білім алушылар дың өзара әрекеттесу формасын айқындауға болады

Жағымды эмоциялар Ынтымақтастық таныту Шиеленісті «түсіре» алу Келісімге келу

Мәселені шешу Ұсыныс,

нұсқау беру Пікір айту Бағдар бере алу

Мәселені қою Cұраныстың болуы Пікір айтуға сұраныс Ұсыныс беруге

сұраныс

Жағымсыз эмоциялар Келісімге келе алмау Шиеленіс шығару Антогонизм таныту

Slide 15

Педагогикалық процестегі өзара әрекеттесудің тиімділігін анықтайтын факторлар:

- оқу - тәрбие процесін басқарудың талапқа сай, білім алушылардың психологиялық дамуына дәлме - дәл болуы;

- оқу - тәрбие процесіндегі субъектілердің әрқайсысының өз міндеттері мен қызметтерін нақпа - нақ орындауы;

- оқытушының оқу - тәрбие процесінде пайда болып қалатын кикілжіңдер мен шиеленістерді «асқындырмай» шеше алуы.

Slide 16

проекциялау

Тұлғаның мотивтерін, күйзелістерін, сапаларын бейсаналықпен басқаларға телуі;

Педагог пен білім алушы арасындағы өзара қатынас механизмдері төмендегіше түсіндіріледі:

децентрация

идентификация

эмпатия

тұлғаның өз ұстанымынан, позициясынан қайтып, басқа адамның көзқарасын қабылдауға қабілетті болуы;

тұлғаның өзін бейсаналы түрде басқа адаммен теңестіруі немесе ойша өзін басқа адамның орнына қоя алуы;

тұлғаның басқа адамның эмоциялық күйін ұғыну мен сол жағдайды бірге кешуге қабілеттілік;

рефлекция

Тұлғаның жағдаятты, оқиғаны, құбылысты түсінуі, талдауы, бағалауы және қарым - қатынастағы серіктесі өзін қалай қабылдайтындығын аңғаруға қабілеттілігі;

Slide 17 Slide 18

аттракция

Тұлғаның басқа адамға деген тұрақты позитивті сезімнің болуы;

стереотипи-зация

ореол әсері (эффектісі)

каузальді атрибуция

Индивидтің басқа бір адам туралы ақпарат тапшылығынан алғаш көргеннен - ақ пайда болып, тұрақтап қалатын психологиялық механизм

индивид тұлғаны алғашқы әсері бойынша бағалайды, мысалы, адам туралы жақсы ой қалыптасса, оның жақсы қасиеттерін тым жоғарылатып жіберу, ал жаман қасиеттерін елемеу немесе керісінше, адам туралы жаман ой қалыптасса, оның жақсы қасиеттеріне көз жұму;

тұлғаның жетістіктеріне өзін, ал сәтсіздіктерде басқаны, жағдайды себепкер деп санауы; басқа адамның мінез - құлқының, жүріс - тұрысының, сезімінің себептерін өзінше түсіндіруі.

Slide 19

конструктивті

оқытушы мен білім алушының білім меңгеруге бағытталуы;

Педагогикалық процесс субьектілерінің өзара әрекеттесуінің түрлері

ұйымдастырушы

стимул

ақпараттық-оқытушы

оқу - тәрбие процесінде бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруына бағытталуы;

коммуникациялық-оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталуы;

оқу мазмұны бойынша берілетін ақпаратты барынша қорландыруға бағытталуы;

эмоциялық түзетуші

оқытушы мен оқушының бір - біріне сенім артуына, өзара түсінісулеріне бағытталуы;

бақылауыш-бағалаушы

меңгерілген білім деңгейін қадағалау, өзіндік бағалау, өзіндік бақылау жұмыстарына бағытталуы.

Slide 20

Педагогикалық қарым-қатынас психологиясында кәсіби іс- әрекеттің маман тұлғасына кері әсерін тигізетін негативті психологиялық құбылыстарды

кәсіби деструкциялар

кәсіби деформациялар

Slide 21

Кәсіби деструкция - еңбек өнімділігі мен қарым-қатынасқа теpic әсерін тигізетін іс-әрекет пен тұлға құрылымындағы өзгерістер

жас ерекшелік пен әлеуметтік нормалармен салыстырғанда кәсіби даму процесінің баяулауы, кейін қалуы;

кәсіби дамудағы дезинтеграция; кәсіби сананың құлдырауы - соның салдарынан қызмет жағдайына сәйкес келмейтін мақсат қою; еңбектің маңызын бұрыс бағалау; кәсіби қақтыгыстарға жол беру;

кәсіби ұтқырлықтың төмендігі; еңбектің жаңа жағдайларына бейімделе алмау және дезадаптация;

кәсіби дамудың жеке тұстарының арасында байланыстың болмауы (мыс: оқытушыда кәсіби дамуға мотивация болғанмен, кәсіби сана деңгейінің томен болуы ықтимал) ;

Slide 22

кезіндегі кәсіби қабілеттің, кәсіби ақыл-ойдың әлсіреуі;

кәсіби дамудың бүрмалануы; тұлға құрылымында бұрын байқалмаған жағымсыз қасиеттердің орын алуы; тұлға тұрпатын өзгертетін кәсіби дамудың әлеуметтік және жеке-дара нормасындағы ауытқу;

тұлға деформациясының байқалуы - эмоциялық қажу, кәсіби титықтау, кәсіби ұстанымның іс-әрекетке сәйкес келмеуі;

денсаулықтың төмендеуіне байланысты кәсіби дамудың тежелуі.

Slide 23

Кәсіби деструкция түрлері

Кәсіби деструкция түрлерінің себептері

Педагогикалық агрессия

Оқытушының жеке-дара ерекшеліктері; психологиялық қорғаныс-проекция; фрустрациялық интолеранттылық

Өктемдік

Психологиялық қорғаныс-рационализация; өзін-өзі жоғары бағалау; адуындық; білім алушыларды типтерді нобайлау

Қыр көрсетушілік

Психологиялық қорғаныс-идентификация; өзін-өзі жоғары бағалау; эгоцентризм

Дидактикалық

Ойлаудың таптаурындыгы; сөйлеудегі шаблондар; кәсіби акцентуация

Педагогикалық догматизм

Ойлаудың таптаурындығы; жас ерекшелікке байланысты интеллектідегі инерттілік

Басымдылық

Эмпатияның конгруэнтті болмауы; эмпатияға қабілеттің болмауы; білім алушылардың кемшіліктеріне төзімсіздік; мінездің жоталануы (акцентуациясы)

Э. Ф. Зеер бойынша педагогтың кәсіби деструкциялары

Slide 24

Кәсіби деструкция түрлері

Кәсіби деструкция түрлерінің себептері

Педагогикалық индиференттілік

Психологиялық қорғаныс-жатсыну; «эмоциялық қажу» синдромы; жағымсыз педагогикалық тәжірибені жалпылау

Педагогикалық консерватизм

Психологиялық қорғаныс-рационализация; іс-әрекет таптаурыны; әлеуметтік барьерлер; шамадан тыс педагогикалық іс-әрекетке бағытталу

Рөлдік экспансионизм

Мінез-құлық, жүріс-тұрыс таптаурындары; педагогикалық іс-әрекетке түбегейлі «батып кету»; жанкештілікпен еңбек ету; ебедейсіздік

Әлеуметтілік екіжүзділік, монтанылық

Психологиялық қорғаныс-проекция; моральдік мінез- құлықтың, жүріс-тұрыстың таптаурындығы; жастың ұлғаюына байлынысты өмірлік тәжірибені идеалдандыру; әлеуметтік экспектация, яғни, әлеуметтік-кәсіби жағдаятқа бейімделуден сақталған жағымсыз тәжірибе

Мінез-құлық, жүріс-тұрыс трансфері

Психологиялық қорғаныс-проекция; эмпатиялық беталыс, яғни, білім алушыларға тән реакцияларды таныту

Э. Ф. Зеер бойынша педагогтың кәсіби деструкциялары

Slide 25

Өктем мәнер

(Авторитарлық)

Енжар мәнер (Либералдық)

Демократиялық мәнер


Ұқсас жұмыстар
ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Мектеп жасына дейінгі балалар тобында психологтың жұмыс ерекшеліктері
Шетел тілдерін оқыту психологиясы туралы
Психология бойынша оқыту пәндері
Жас ерекшелік психологиясы
Мектепке дейінгі мекемедегі психолог кабинеті
Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы
ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ПСИХОЛОГИЯСЫ
ПСИХОЛОГИЯ пәні
Қарым қатынас механизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz