Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазақстанның рөлі


Slide 1

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті» КЕАҚ

СӨЖ

Тақырыбы :«Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазақстанның рөлі»

Орындаған:Сапарали Аида

Тобы:ЖМ 19-10-2к

Slide 2

ЖОСПАР:

Кіріспе;

Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы;

Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы;

Қазақстан-Ресей байланыстары;

Қазақстан-Қытай байланыстары;

Қазақстан жәнехалықаралық ұйымдар.

Қорытынды.

Slide 3

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепетеңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр.

Slide 4

Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т. б.

Это изображение, автор: Неизвестный автор, лицензия: CC BY-SA

Slide 5

Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы

1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.  Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.

Slide 6

Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы

Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар

аударады:

1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс

аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып,

алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын

мәселе - ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте

- Ресеймен, шығыста - Қытай халық Республикасымен

ойдағыдай қарым-қатынас орнату

Slide 7

Қазақстан-Ресей байланыстары.

1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда - Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:

Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.

2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.

Это изображение, автор: Неизвестный автор, лицензия: CC BY

Slide 8

Қазақстан-Ресей байланыстары

1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға

бағдарланған “Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы”

Декларация жарияланды. Нәтижелері:

1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын

шешуді алға жылжытты.

2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.

3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану

мәселесі қарастырылды.

Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет

аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы

көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді

әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз

Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық

Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және

Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012

жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді.

Slide 9

Қазақстан-Қытай байланыстары.

1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық) .

1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде - Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9, 5 млрд. доллар жұмсауға келісті.

1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.

Slide 10

Қазақстан-АҚШ байланыстары.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарымқатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.

Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.

1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде - екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.

АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

Slide 11

Қазақстан және халықаралық ұйымдар

Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралык мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтык, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды.

Slide 12

Біріккен Ұлттар Ұйымы

Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекетбасшысы Н. Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға тартты. Оның біріншісі - барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен “бір+бір” формуласы бойыншаБҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын оны бір пайызға ұлғайтып отыруды көздейді. Осылай еткенде он жылдан соң бітімгершілік сомасы он есеге өседі. Екінші ұсынысы - Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес(АӨСШК) шақыру. Мемлекет басшысының бұл бастамасы көпшілік елдер тарапынан, сондай-ақ БҰҰ-дан қолдау тауып, Қазақстанның сыртқы саясатын айқындауда айтарлықтай рөл атқарды.

1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын таба білді.

Slide 13

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.

Slide 14

Ислам Конференциясы Ұйымы

Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық - Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсұлман қоғамдастығының ажырамас мүшесі ретінде қарастырады.


Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан мүше ұйымдар
ҚАЗАҚСТАН МЕН АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫ: АЙМАҚТЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Халықаралық қатынастар мазмұны
Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы
Халықаралық валюта жүйесі
Қазақстан - Ресей байланысы
Ұлттық қатынастардың субъектілері
Мемлекетіміздің басшылығы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды салаларындағы БҰҰ - ның рөлін күшейтуге бағытталған БҰҰ
Валюталық саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz