Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту тұжырымдамасы


Slide 1

Тақырыбы: Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту тұжырымдамасы

Slide 2

Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту тұжырымдамасы

Slide 3

Білім саясатының өзекті мəселелері

Білім саясатының өзекті мəселелері - кəсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-əдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен əдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тəрбие тəжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру жəне қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.

Slide 4

«Тұжырымдаманың» негізгі мақсаты - болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың негізгі бағыттарын, мазмұнын, педагогикалық шарттарын айқындау.

«Тұжырымдаманың» құрылымы:

- Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың қазіргі кездегі жай күйі;

- Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың әдіснамалық және теориялық негіздері;

- Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың ұстанымдары;

Slide 5

«Тұжырымдаманың» міндеттері:

Slide 6

«Тұжырымдаманың» құрылымы:

Күтілетін нәтиже;

Тұжырымдаманың жүзеге асырылу тетіктері;

Slide 7

Тұжырымдама философиядағы таным теориясының эмпирикалық және теориялық таным деңгейлері туралы ілімін, іс-әрекет теориясын, оқушыны өз әрекетінің субъектісі, үнемі дамушы сипаттағы жеке тұлға деп тану теориясын тірек етеді.

Тұжырымдаманың негізгі идеясы мынадай тіректерге негізделеді: - бастауыш сыныпта білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту - оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту мақсатына қол жеткізуі; - оқу-әдістемелік кешен - студенттердің оқутанымдық белсенділігін дамыту құралы; - болашақ бастауыш сынып педагогтерінің метапәндік тәсілдеме ұғымын теориялық әдістәсілдер арқылы терең танып білуі.

Slide 8

«Тұжырымдаманың» әдіснамалық негіздемесі

Білім берудің маңызды құндылық негіздерін тиянақтайтын аксиологиялық тұғыр; білім алушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы білім беру мазмұнының метапәндік компонентінің маңыздылығын негіздеуге мүмкіндік беретін жүйелі-әрекеттік тәсілдеме; тұлғаның іс-әрекетте қалыптасуы туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық ілімдер, тұжырымдамалар, ақыл-ой іс-әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы; өзін өзі дамыту туралы тұжырымдамалар; тұлғалық-бағдарлы оқыту тұжырымдамасы, инновациялық технологиялар туралы педагогика мен психологиядағы теориялық қағидалар, оқытудың дидактикалық заңдары мен принциптері.

Slide 9

«Тұжырымдаманың» теориялық негіздемесі

Slide 10

Жалпы зерттеулер барысында гуманитарлық ғылым ретінде педагогиканың әдіснамалық ұстанымдарына сүйену керек.

Slide 11

Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың ұстанымдары

Slide 12

Тұжырымдамадағы қағидаларды жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілу керек

Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлауға арналған бағдарлама, әдістемелік құрал, жаттығулар, сабақтар жүйесін даярлау.

Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға арнап семинарлар мен сабақтар өткізу;

Педагогтерді жетілдіру институттары арқылы білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуды болашақ бастауыш сынып педагогтерінің тәжірибесіне ендіру мақсатында сабақ және оқыту үлгілерін көрсету, оларды жас мамандарға үйрету үшін ғылыми-әдістемелік семинарлар мен конференциялар өткізу.

Slide 13

Бастауыш білім беру пәндерін оқытатын болашақ бастауыш сынып педагогінің тұлғасы

Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлау нәтижесінде:

• оқу мақсаты мен міндетін қабылдау және сақтау, тәжірибелік міндетті танымдыққа өз бетінше түрлендіру қабілетін меңгерген;

• қойылған міндетке және оны іске асыру талаптарына сәйкес өз әрекеттерін жоспарлау, бақылау және бағалау білігі;

• оқу әрекетінің жетістігін/сәтсіздігін түсіну білігі

• танымдық және тұлғалық рефлексияның бастапқы нысандарын игеру;

• ақпарат пен коммуникацияның түрлі құралдарын пайдаланумен ақпараттық, танымдық және тәжірибелік әрекетті жүзеге асыру білігі;

• зерттелетін объектілер мен процестердің үлгілерін құру үшін ақпарат ұсынудың белгі-символдық құралдарын, оқу және тәжірибелік міндеттерді орындау сызбаларын пайдалану білігі;

• тектік-түрлік белгілер бойынша салыстыру, талдау, жалпылау, ең қарапайым жіктеуді жүргізу, аналогияны анықтау, белгілі түсініктерге жатқызу білігі;

• пәнаралық түсініктерді игеру білігі қалыптасқан болашақ бастауыш сынып педагогі бейнесі көрінеді.

Slide 14

Қорыта келгенде, бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға болашақ бастауыш сынып педагогтерін даярлау - оқушының интеллектуалдық дамуын (оқу әрекеті арқылы), іскерлігін (құзыреттілігін қалыптастыру арқылы), адамгершілік-этикалық (балалар бірлестігіндегі ұжымдық еңбек, қарым- қатынас) және рухани тәрбиесін (өз халқының мәдениетінің иесі, басқа мәдениеттер құндылығын түсіну) қамтамасыз етіп отырған қазақ тілінің жаңа әдістемелік жүйесі. Бүгінгі таңда бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқыту өмірдің өзіндік талаптарынан туындап отыр. Ал сол оқыту үдерісін ұйымдастырып, оны әрі қарай жүргізетін болашақ бастауыш сынып педагогтерін даярлау зерттеу жұмысымыздың басты өзегі болып танылады.

Slide 15

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Пәндерді метапәндік тұрғыда оқытудың теориялық және практикалық алғышарттары
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздері
Метапәннің негізгі тапсырмалары
Метапәндік тәсіл ерекшеліктері
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту
Метапәндік бағдарламасы
Дүниетаным ұғымына түсінік
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесі
Метапәндік нәтижелер
Метатехникалық сабақтың міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz