Ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі
Презентация қосу
Тақырыбы:
“Қазақ мемлекеттілігі
эволюциясының тарихи
бастаулары,кезеңдері мен
сабақтастығы”
Сақтар.
Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-
жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар.
Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге
қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және
Қазақстан жерін мекендеген.
Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен
Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі
тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты
тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық
скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің «Тарих»
деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия
және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше
тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады.
Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер,
исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б.
Герадоттың айтуынша: «Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік
тұратын, төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар
киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған.
Тамаша атқыш жауынгерлер болған».
Парсы жазбаларында сақтарды (1 Дарийдің «Бехистун
жазбасы», Сузінің, Ксеркстің «Дәвтер туралы жазба»). «Құдіретті
еркектер», Иран жазбаларында («Авеста») «Жүйрік атты турлар»
деп атаған. Сактарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары
үш топқа бөлінген.
1)Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу
жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген
2)Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің
солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария
өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.
3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб
анғарын мекендеген.
Үйсіндер.
Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында
үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың
ордасы Қызыл аңғар (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына
орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды.
Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп,
қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ
шекарасы болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен
ұштасып жатты.
Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп
аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып
отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші
гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және
төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ,
тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші
тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды.
Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне
қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен
көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты
дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған.
Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп
отырған.
Үйсіндерде жоғары деңгейде тұрған әскери үйым
болды. Әскерлері жақсы қаруланған салт аттылардан
тұрды. Мәселен, Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа
жіберілген елшісі князь Чжыньцянь үйсіндер иелігінде 630
мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара
алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің
сараланған (қаруланған) 30 мың атты нөкері жене оларға
бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.
Қаңлылар.
Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар
Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни
кітаптарында кангха болып кездеседі.Қаңлы тайпаларын Қытай жазба
деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен
ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер.
Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да
тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын
Сырдаряның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады.
Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі
құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы.
Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан
патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан
басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші
кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы
мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар
Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланысын жасап
тұрды.
Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп
отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің
қолында болған.
Ғұндар
Ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Біздің
заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Біздің заманымыздан
бұрынғы 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің мемлекетін құрды. Көк
тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды. Ғұндар (грекше
Hunnoі, латынша Chunnі, Hunnі) әскерінің негізі атты әскерден тұрды.
Ғұндардың жауынгерлік құдыретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай
қорғанын салдырды. Біздің заманымыздан бұрынғы 209 жылдан ғұндарды
Модэ (Мөде) басқарды. Модэ билік еткен алғашқы жылдардың өзінде-ақ
Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, оған күйрете соққы
берді. Қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта
ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұндардың қол астына көшті.
Біздің заманымыздан бұрынғы 177 жылға қарай Тынық мұхиттан Каспий
теңізіне дейінгі жерлерді өздеріне қаратты. Біздің заманымыздан бұрынғы 1
ғасырдың орта шеніне қарай ғұндар мемлекеті толассыз қанды соғыстан,
орталыққа бағынғысы келмеген күштердің әсерінен әлсірей бастады. Құдіретті
Мөде (Мете) мемлекетті айтарлықтай нығайтты, ел шекарaсын импeрия
деңгейінe дейін кеңейтіп, cапалық өзгерістeрді жүзеге аcырды. Ол ғұндaрдың
үлкен мeмлекетін б. з. б. 209 - 176 жылдаp аралығында биледі. Бұл
«Ғұндардың шығыс империясы» еді.
Екінші империя - Еділ (Еділ патша) мемлекеті.
Оның заманында ғұндар Дунайдан бастап
Сырдарияға дейін шығыс Еуропаны мекендеген
аумақ пен халықтарды иеленді. Бұл мeмлекет
«Ғұндардың батыс империясы» деп аталды.
Ғұндaрдың қоғамдық құрылысы.
Мeмлекeт билеушіcінің титулы - «тәңірқұт»
қытай деректерінде «шаньюй». Шаньюйге
түменбaсы, жүзбасы, онбасылар бағынышты
бoлды. Ғұндар 24 рудан құрылды. Әр руды
ақсақалдаp басқарды. Ақсaқaлдар мемлекeт ісін
тaлқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп
отырды.
Б.з. басында Қазaқстан aумағын мекен еткен тайпалардың eң
жауынгер хaлқы ғұндар болды. Ғұндардың жaуынгеp билеушілeрінің
біpі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропa xалықтарына
басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу
шaһaрларының бірі Вeнецияның салынуына Атилла бастаған
ғұндардың шaпқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге
ғұндар Еуразияда б. з. б. болған «халықтардың ұлы қоныс
ayдаруымен» тығыз байланысты.
Қазақстан жеpінe б. з. I ғ. басында қоныстанды. Ғұндар
бірлeстігінің нeгізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з.
б. 230 - 174 жылдаpы өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеyшісі
Мөдe үйсіндеpге және Қытaй аумағының біраз бөлігіне билік
жүргізeді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар eкігe бөлінеді:
Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қoл астына кіреді.
Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүcтік-батыc Моңғолия
жеpін мекен еткeн. Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи
бастағaн ғұндар Ыстықкөл маңында қытай әcкерлерінен жеңіліп,
қoлға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жылдан бастап екінші pет
Мажаpстан жеріне (Венгрия) қоныс тебеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz