Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Презентация қосу
Тақырыбы:Қожа Ахмет Ясауи.
а уи -
т Я с ,
х м е н ы ң
ж а А т ар ы
Қ о а лы қ а за қ
к і х д е қ
түр ң ішін йырғы
соны ның, ба ің
л қ ы е т і н а
ха е н и қ ш
мәд а айры ын,
ы н д а қ
х ы
тари бар ұл ы.
ы н ы п а ш
о р ә л с а
п
Өмірбаяны
Қожа Ахмет Ясауи–1093жылы тулыған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа
Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген
әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы
Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған.
Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар
Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет
Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар,
Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур,
Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні
уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан
бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер
түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар
қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта
Ұлы бабамыз Ахмет Ясауидің
атын асқақтатып, күллі
дүниеге мәшһүр еткен аса баға
жетпес асыл еңбегі «Диуани
хикмет»-«Ақыл кітабы». Осы
атақты еңбек Қазан төңкерісіне
дейін әлденеше рет басылып,
жұртшылық игілігіне айналған.
Атап айтқанда 1887,1901жж.
Қазан қаласында, ал 1897және
1901жж. Стамбулда өз алдына
жеке-жеке кітап болып жарық
көрді. Диуани хикмет «Ақыл кітабы» – Қожа
Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр
еткен, этикалық-дидактикалық
мазмұндағы әдеби шығармасы.
Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу
үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі
керектігін айтады.
Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын
тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді.
Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі
ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып
табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын
аңғартып тұр.
Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады.
Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі
«бір Алла» екенін танып-білу, түсіну.
Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең
жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат»,
«тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес.
Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады
«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары
адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама
деуге болады. Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде
алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның
өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы
немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің
имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық
дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді
тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді.
Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді,
кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани
хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп,
нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын
оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі
жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын
талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.
Қожа Ахмет бабамыз «... пенденің ешқайсысы да
дүниенің түбіне жеткен емес, сол себепті бір
жаратушыдан жалбарынып кешірім өтінсін» дей
келіп,
Сенен бұрын жарандарың қайда кетті
Бұл дүниеге көңіл бөлмей жылап өтті,
Ғұмырлық тәмәм болды,нәубет саған жетті,
Күнәң үшін тәубә қылғыл, Ей,батшағар!
«Диуани хикметтің» қай бетін ашсақ та, оның
әрбір сөзінің астарынан ұлылық,
парасаттылық, даналықтың ішкі иірімдері, ел
жұртын адалдыққа бастаған меруерттей
мөлдір сезімдер байқалып тұрады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz