Экологиялық кодекста қаралған мәліметтер



ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАР

Экологиялық құқық
Экологиялық құқық - экологиялық-заңдылық нормалардың (тәртіп ережелері) жиынтығы. Ол қоршаған ортаны корғау, экологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық (экологиялық) қатынасын ретгейді. [1]
Экологиялық Құқықтың негізгі көздері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995)
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1999),
Қазақстан Республикасының Жер кодексі (2003),
Қазақстан Республикасының Су кодексі (2003),
Қазақстан Республикасының Орман кодексі (2003),
Қазақстан Республикасының “Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы” (1993) ,
“Әуе кеңістігін пайдалану және Қазақстан Республикасы авиациясының қызметі туралы” (1995),
“Экологиялық Кодекс” (1997),
Қазақстан Республикасы Президентінің “Мұнай туралы” заң күші бар Жарлығы (1997),

Экологиялық кодекс 2007 жылы қабылданған, 326 баптар тұрады.

Қоршаған ортаға тигізген зардап деп, қоршаған ортаның сапасына жағымсыз өзгерту алып келген әсерлердің жиынтығын айтады.
Зардаптың екі түрлі формасын ажыратады:
залал (табиғи ортаның, ресурстардың, сандық немесе сапалық кемуі, яғни, экологиялық залал) ;
шығын (табиғат пайдаланушы үшін экономикалық тиімсіз салдарлар) .
Экологиялық құқық бұзғандар әкімшілік, азаматтық-құқықтық, дисциплинарлық, материалдық (мүліктік),
қылмыстық жазаларға тартылады.

Экология саласы бойынша мамандар 1997 жылы 15 маусымда қабылданған «Қоршаған табиғи ортаны қорғау» Заңын басшылыққа алады. Бұл заң бойынша мемлекеттік меншікке төленетін айыппұл
Бағалы ағаштар
- 1 дана - 20792 теңге;
Жеке тұрған ағаш
- 1 дана - 14776 теңге 1 кг үшін;
Бұталар
- 1 дана - 775 теңге 1 кг;
Ағаш шарбақ
- 593 теңге 1 кг;
Гүл өсіретін алаң
- 1 м³ - 593 теңге 1 кг;
Бүлдірген
- 4000 теңге 1 кг үшін;
Бөріқарақат
- 5000 теңге 1 кг;
Өрік
- 1000 теңге 1 кг;
Алмұрт
- 2000 теңге 1 кг;
Алма
- 1000 теңге 1 кг;
Жаңғақ
- 2000 теңге 1 кг;
Саңырауқұлақтар
- 1000 теңге 1 кг;
Дәрілік өсімдіктерді жинау
- 500 теңге 1 кг.



Қазақстан Республикасының экологиялық кодексi
1) ағынды сулар - табиғи немесе жасанды су объектiлерiне немесе жергiлiктi жер бедерiне жiберiлетiн пайдаланылған немесе ластанған аумақтан келген су; 2) биологиялық ресурстар - өсiмдiк және жануарлар дүниесiнiң ресурстары, организмдер мен олардың бөлiктерi, популяциялар немесе өз-өзiн жаңғыртуға қабiлеттi және қоршаған ортаның бөлiгi болып табылатын экологиялық жүйелердiң кез келген басқа да биотикалық компоненттерi; 3) генетикалық түрлендiрiлген организмдер - адам организмiн қоспағанда, генетикалық материалдың гендiк инженерия әдiстерiн пайдалану көмегiмен алынған жаңа комбинациясы бар кез келген организмдер; 4) генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер - генетикалық инженерияның пайдаланып табылған өсiмдiк және (немесе) жануарлар тұрғысынан шыққан өнiмдер; 5) инерттiк қалдықтар - қауiптi қасиетi жоқ қалдықтар; 6) коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның өмiрi мен қызметi нәтижесiнде жиналатын тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы жағынан және жиналу сипаты бойынша осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары; 7) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы ақпаратты ұдайы құжаттамалық көрсету жүйесi; 8) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар; 9) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану; 10) қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусiз мерзiм iшiнде қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарға орналастыру;

11) қалдықтарды қайта өңдеу - қалдықтардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту үшiн олардың сипатын өзгертетiн, олармен жұмыс iстеудi жеңiлдететiн немесе оларды кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қoca алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық процестер; 12) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою; 13) қалдықтардың қауiптiлiк паспорты - қалдықтардың шығу көзi бойынша жиналу процестерiнiң, олардың сандық және сапалық көрсеткiштерiнiң, мұндай қалдықтармен жұмыс iстеу ережелерiнiң, оларды бақылау әдiстерi, бұл қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар мүлкiне зиянды әсер ету түрлерiнiң стандартталған сипаттамасы, өндiрiстiк қалдықтарды өндiрушiлер, меншiгiнде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәлiметтер қамтылған құжат; 14) қалдықтар жiктелiмi - қалдықтар жiктелiмiнiң нәтижелерi бар, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат; 15) қалдықтардың түрi - шығу көзiне, қасиеттерiне және жұмыс iстеу технологиясына сәйкес жалпы белгiлерi бар, қалдықтар жiктелiмiнiң негiзiнде белгiленетiн қалдықтар жиынтығы; 16) қалдықтармен жұмыс істеу - қалдықтар жиналуының алдын алу және азайту, есепке алу мен бақылау, сондай-ақ қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау (қоймада сақтау), көму және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi; 17) қауiптi қалдықтар - құрамында қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылыс қаупi, өрт шығу қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар болатын не дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына тiкелей немесе әлеуеттi қауiп төндiретiн қалдықтар; 18) қолайлы қоршаған орта - табиғи объектiлерiнiң жай-күйi экологиялық қауiпсiздiктi және халықтың денсаулығын сақтауды, биоәртүрлiлiктi сақтауды, ластануға жол бермеудi, экологиялық жүйелердiң тұрақты жұмыс icтeуi, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн орта; 19) қоршаған орта - табиғи объектiлердiң, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын, жер бетiндегi және жер асты суларды, жердi, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы; 20) қоршаған ортаға келтiрiлетiн залал - қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгiленген нормалардан тыс не экологиялық рұқсатсыз және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғи ресурстарды алуға арналған құқығының берiлуiнсiз алу;


Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекстен, және осы кодексте ескерiлген Қазақстан Республикасының өзге де нормативтi құқықтық актiлерден тұрады. 2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекстiң алдында басым болып табылады және халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару қажет болатын кезден басқа жағдайларда тiкелей қолданылады. 3. Осы Кодекс пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де заңнамалық акт арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстiң ережелерi қолданылады. Экологиялық құқықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында қамтылған және осы Кодекстiң нормаларына қайшы келетiн нормалары осы Кодекске тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданыла алады. 4. Қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және пайдалану мәселелерi осы Кодекспен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi. 5. Қалдықтармен жұмыс iстеу саласындағы қарым-қатынастар осы Кодекспен реттеледi. Көрсетiлген қарым-қатынастар осы Кодекспен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.

• 1996 жылы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжатта экологиялық қауіпсіздік "қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсер ету салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардың, өнеркәсіптік кездейсоқ оқиғалар мен күйреулердің зардаптарынан жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу дәрежесі" ретінде қарастырылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz