Басшы басқару стилін зерттеу


Slide 1

Басшы басқару стилін зерттеу

Орындаған: «Шетел тілі филологиясы: Қытай тілі» мамандығының 1 курс

магистранттары :

Бақытбек Олжас.

Жұмалып Фатиха.

Тұрысбек Ажар.

Жеңіс Айдана.

Slide 2

'Басшылық' ұғымы басқару ұғымына жақын және ұйымдастырушылық қатынастың басты түрін, атап айтсақ, қызмет бабындағы міндеттерді шешу үшін басшылықтың бағынушылармен ұйымдастырудың ерекше түрін бөлу үшін қолданылады.

Осыған байланысты, әлеуметтік көзқарас басшылықты ұйым ішіндегі адамдар арасындағы ерекше үш жақты қатынасты талдауды көздейді.

Анықтама

Slide 3

Басқарушылық стилі дегеніміз - билік органдарының, қызметкерлерінің күнделікті қызметінде қолданатын әдіс-тәсілдер, құралдар жүйесі, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс-тұрыс үлгісі.

Оның қоғамның басқа салаларындағы қызмет стилінен ерекшеліктері мемлекеттік-биліктік өкілеттіліктерге сүйеніп, оны қолданумен байланысты болатын, нақтылай және толықтай нормативтік реттеліп отыратын, басқару әсерін қалыптастыруды және іске асыруды мақсат тұтатын басқару қызметкерлерінің әлеуметтік белсенділігімен айқындалады.

Стилі

Slide 4

Стильдің қалыптасуы - бұл ұзаққа созылатын, күрделі мақсатты процесс. Әpбip басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларда алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдар қолдана білyi тиіс.

Slide 5

Басшылық стилі тұрақтылығымен, амалдарды жиі-жиі қайталамауымен ерекшеленді.

Бірақ мұндай тұрақтылық салыстырмалы түрде, өйткені көптеген мамандардың бағалауынша стильге әдетте ырғақтылық тән, олардың тұжырымдауынша «ең дұрыс басшылық - бұл ырғақтылық» және де «басшылық ете білу - бұл басшылық стилін өзгерте білу».

Slide 6

Басшының дербес стиліндегі объективтік бағыттар

Іс-әрекет сипаты

Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс

Психологиялық қасиеті

Орындау тәртібінің жағдайы

Slide 7

басқару стиліне шолу

Slide 8

Басқару стилінің элементтері

1-Мемлекеттік билік органдарының мақсаттық, функционалдық және ұйымдық сипаттамалары;

2-Басқару органдары қызметтерінің заңды түрде бекітілген және жүзеге асырылатын әдістері, процедуралары, нысандары;

3-Қызметкерлердің жалпы мәдени, кәсіби және жеке қабілет деңгейі.

Slide 9

Іс жүзіндегі басқару стилі

1-Өзінің мазмұнымен (олар қандай басқару қатынастарын білдіреді) ;

2-Мақсатымен (қандай объективті заңдарын іске асырудың құралы екендігімен) ;

3-Қызмет мотивтеріне байланысымен (осы мотивтердің қайсысын білдіреді) ;

4-Қолдану формаларымен (дара, коллегиялық, ұжымдық) ерекшеленетін сан алуан түрлері қолданылады.

Slide 10

Практикада (күнделікті өмірде) басқару стилінің үш түрі жиі кездеседі: авторитарлық немесе автократиялық, демократиялық және либералдық.

Либералдық стиль: мұндай жұмыс стилінде басшы ерекше белсенділік танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды.

Авторитарлық стилдің негізі макиавеллизм деп аталады. Бұл стиль Николо Макиавеллидің құрметіне қойылған. 1532 жылы ол «Принц» кітабында билеушіге ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ, өйткені «мақсат тәсілді өтейді» деген идея ұсынады.

Демократтық стильде мәселенің көпшілігі ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрықтар осындай талқылаудан кейін беріледі.

Slide 11

Психологиялық тұрғыдан қарастырылуы

Психологиялық тұрғыдан басқару іс-әрекеті жеке және бірлескен әрекеттердің синтезі ретінде айтылады, сондықтан ұйым қызметінің түпкілікті нәтижелерімен тікелей емес, ортақтандырылған байланысымен сипатталады.

Басқару іс-әрекетінде тікелей атқарушы қызмет неғұрлым аз болса, оның тиімділігі неғұрлым жоғары болады. Басқарудың өзіндік ерекшелігі оның пән яғни әсер ету объектісі адамдар-субъектілер болып табылатынында.

Slide 12

Ұйым деп - алға қойылған мақсатқа жету барысындағы адамдар тобы еңбегінің сапалы үйлестірілуін айтамыз.

Ұйымның мақсаты жан - жақты болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорынның басты міндеті - белгілі бір мөлшерде өнім өндіру немесе қызмет көрсету болса, ал, осы бастапқы міндеттің өзі оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді.

Slide 13

Ұйымды тиімді басқарудың сипатты белгілеріне экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, құқықтық, ұйымдастырушылық-техникалық құрылғылар жатады.

Экономикалық тұрғы өз құрамында өндірістік процестерді басқаруда, көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуді материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын үйлестіруді қамтиды.

Әлеуметтік-психологиялық тұрғы ұйым алдында қойылған мақсатқа жетуде сол ұйымның барлық қызметкерлерін ұйымдастыру мен басқаруда орын алатын ерекше топтың қызметін белгілейді. Бұған басшы мен бағынышты арасында байланысты реттейтін билік жүйесі, қоғам мәдениеті мен дәстүрін, кәсіпорын бағалылықтарын бейнелейтін әлеуметтік функция енеді.

Ұйымды тиімді басқарудың сипатты белгілері

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Басшылық және ықпал ету
Басшылық стилі
Жұмысқа көңіл бөлетін басшылар
ЖАУАПКЕРШІЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ ЖОСПАРЫ
Басқару психологиясы
Басқару амалдары және мектептер
Басшы тұлғасы ұйымды басқару субъектісі ретінде
Туризмдегі экономикалық басқару жүйесі
Басқару психологисы тарихы, пәні
Лидерлік басқару стилі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz